AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Тазалық әр адамның күнделікті іс-әрекетінен басталады

29.10.2026
Санаты: Аймақ
Тазалық әр адамның күнделікті іс-әрекетінен басталады

Бүгін Шымкентте «Таза Шым» қалалық акциясы аясында қоршаған ортаны қорғау, қала тазалығын сақтау және жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне арналған кездесу өтті. Жастар ресурстық орталығының бастамасымен «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында ұйымдастырылған іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпақтың табиғатқа жанашырлықпен қарауын қалыптастырып, қоршаған ортаның тазалығына деген жауапкершілігін арттыру.

Кездесуге Әл-Фараби ауданы прокуратурасының прокуроры Диана Оразымбетова, Экология департаменті басшысының орынбасары Дүйсен Құлтілеуов, «ASAA» жастар қоғамдық бірлестігінің президенті, Шымкент қаласындағы ACCESS бағдарламасының түлегі Данара Саранoва, Жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары Қуаныш Серікбай және 50-ге жуық жас қатысты.

Жиында қоршаған ортаны қорғау, экологиялық заңнама талаптарын сақтау және қалалық ортаның тазалығына әр азаматтың жауапкершілігі жөнінде пікір алмасылды. Қатысушылар экологиялық мәдениетті күнделікті өмір салтына айналдыру, тұрмыстық қалдықтарды дұрыс тастау, табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану және қоғамдық орындардың тазалығын сақтау мәселелерін талқылады.

Кездесуде тазалықтың әр адамның қарапайым әрекетінен басталатынына ерекше назар аударылды. Қоқысты арнайы жәшікке тастау, пластик бөтелке мен өзге де қалдықтарды бей-берекет қалдырмау, аула мен қоғамдық орындарды таза ұстау – қоршаған ортаға деген жауапкершіліктің көрінісі. Қаланың көркі мен тазалығы тек коммуналдық қызметтердің жұмысына емес, әрбір тұрғынның мәдениеті мен азаматтық ұстанымына да байланысты.

Жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары Қуаныш Серікбайдың айтуынша, 2024 жылдан бері «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында жастарды экологиялық бастамаларға тарту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Тек биыл орталықтың ұйымдастыруымен 80-нен астам іс-шара өткізілген. Нәтижесінде қатысушылар 33 тоннадан астам қоқыс жинап, арнайы орындарға шығарған. Ал тазалық жұмыстарына 22 мыңнан астам шымкенттік жас қатысқан. Олардың қатарында мектеп оқушылары, студенттер мен кәсіпорын қызметкерлері бар.

Мұндай кездесулер жастардың экологиялық сауатын арттырып қана қоймай, қоғамдық жауапкершілігін нығайтуға ықпал етеді. Таза қала қалыптастыру – баршаға ортақ міндет. Сондықтан әр тұрғын қоршаған ортаға жанашырлықпен қарап, тазалықты өзінен бастауы қажет.

Ілмек: Таза ШымШымкент
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Шымкенттегі Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетіне «Ұлттық» мәртебе беріледі

Шымкенттегі Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетіне «Ұлттық» мәртебе беріледі

Автор: adym
19.11.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Астана қаласында өткен Стратегиялық серіктестердің III халықаралық форумында Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетіне «Ұлттық» мәртебе беру туралы шешім...

Арбатта ұлттық мәдениет пен бірлік мерекесі «ДОСТЫҚ» этнофестивалі өтеді

Арбатта ұлттық мәдениет пен бірлік мерекесі «ДОСТЫҚ» этнофестивалі өтеді

Автор: adym
19.11.2026
0

"Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы аясында 2026 жылғы 28 қарашада сағат 12:00-де Арбат алаңында ұлттық мәдениет пен этносаралық достықты дәріптеуге арналған «ДОСТЫҚ» этнофестивалі...

Шымкентте Мәдениет және өнер ұлттық университеті ашылады

Шымкентте Мәдениет және өнер ұлттық университеті ашылады

Автор: adym
18.11.2026
0

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласында Мәдениет және өнер ұлттық университеті құрылады. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов жаңа жоғары оқу орнын ашу туралы Үкімет қаулысына қол қойды. Университет...

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР КҮНІНЕ ОРАЙ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР МАРАПАТТАЛДЫ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР КҮНІНЕ ОРАЙ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР МАРАПАТТАЛДЫ

Автор: adym
17.11.2026
0

Бүгін қаладағы Жастар Ресурстық орталығында Халықаралық студенттер күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Жастардың басын қосқан тағылымды жиынның басты мақсаты – білім мен қоғамдық өмірде белсенділік танытып жүрген өрендердің...

Келесі
Студенттер пікірсайыста бақ сынады

Студенттер пікірсайыста бақ сынады

Ұсынамыз

Нашақорлыққа жол жоқ: Жастармен алдын алу кездесуі өтті

Нашақорлыққа жол жоқ: Жастармен алдын алу кездесуі өтті

29.10.2026
Премьер-министр өңірлерге «Таза Қазақстан» бойынша нақты тапсырмалар жүктеді

Премьер-министр өңірлерге «Таза Қазақстан» бойынша нақты тапсырмалар жүктеді

03.07.2026

Көп оқылған

  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    595 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.