AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Шымкентте NEET санатындағы жастармен адрестік жұмыстар жүргізілді

03.10.2026
Санаты: Аймақ
Шымкентте NEET санатындағы жастармен адрестік жұмыстар жүргізілді

ADYM.KZ / Шымкент қаласында NEET санатындағы жастарды жұмыспен қамту, мемлекеттік қолдау шараларына тарту және қоғам өміріне белсенді араласуына жағдай жасау бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

Отбасылық цифрлық картаның (ОЦК) деректерін талдау нәтижесінде қаладағы NEET санатындағы жастар санының төмендеу динамикасы байқалады. Атап айтқанда, 2024 жылы бұл санатқа 12 649 адам енгізілсе, 2025 жылдың қорытындысы бойынша олардың саны 6 932 адамды құраған. 2026 жылдың шілде айында көрсеткіш 6 484 адам болса, қыркүйек айында NEET санатындағы жастар саны 5 805 адамға дейін төмендеді.

Жастардың әлеуметтік және еңбек әлеуетін арттыру мақсатында NEET санатындағы жұмыссыз және жұмыспен қамтылмаған жастармен профилактикалық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Осы бағытта Қаратау және Тұран аудандарында мекенжайлық аралау жұмыстары ұйымдастырылды.

Аталған жұмыс барысында мамандар жастардың тұрғылықты мекенжайларына барып, олардың қазіргі әлеуметтік жағдайын зерделеді. Жалпы 40-қа жуық үй араланып, жастарға жұмыспен қамту мүмкіндіктері, мемлекеттік қолдау шаралары, кәсіби бағдар беру және бос жұмыс орындары туралы ақпарат ұсынылды.

Кездесу кезінде жастарға еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша кәсіби білім алу, қысқа мерзімді оқыту курстарына қатысу, жұмысқа орналасу және кәсіп бастау мүмкіндіктері жөнінде түсіндірілді. Сонымен қатар жастардың қызығушылығы мен қабілетіне қарай қолайлы жұмыс бағыттарын таңдаудың маңыздылығы айтылды.

Мамандар жұмыс іздеп жүрген жастарға бос жұмыс орындары туралы ақпарат беріп, жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін тиісті тетіктерге бағыт-бағдар көрсетті. Қажет болған жағдайда жастарды жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша тиісті мамандарға жүгіну жолдары түсіндірілді.

Мұндай мекенжайлық жұмыстар NEET санатындағы жастарды анықтап қана қоймай, олардың нақты қажеттіліктерін зерделеуге және әр жасқа жеке қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Әсіресе еңбек нарығына енді қадам басқан жастар үшін кәсіби бағдар беру мен жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы нақты ақпараттың маңызы зор.

Жалпы профилактикалық және түсіндіру жұмыстарының негізгі мақсаты – NEET санатындағы жастарды қоғамдық өмірге белсенді тарту, олардың жұмыспен қамтылуына ықпал ету, кәсіби әлеуетін арттыру және мемлекеттік қолдау шараларымен қамту.

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, NEET санатындағы жастардың әлеуметтік және еңбек белсенділігін арттыруға бағытталатын болады.

Ілмек: NEET санатыЖастарШымкент
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Президент тапсырмасы орындалды: Шымкентте 150 орындық оңалту орталығы ашылды

Президент тапсырмасы орындалды: Шымкентте 150 орындық оңалту орталығы ашылды

Автор: adym
06.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкентте мүгедектігі бар азаматтарға арналған 150 орындық жаңа оңалту орталығы ашылды. Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Жаңа әлеуметтік нысан Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, заманауи оңалту...

В Шымкенте прошел гастрономический фестиваль «street food fest»

В Шымкенте прошел гастрономический фестиваль «street food fest»

Автор: adym
03.10.2026
0

В Шымкенте состоялся масштабный гастрономический фестиваль, подаривший жителям и гостям города прекрасное настроение. Организованное туристическим информационным центром «Visit Shymkent» мероприятие «Street Food Fest» прошло на территории комплекса «Этно-аул»...

Шымкентте «Street Food Fest» гастрономиялық фестивалі өтті

Шымкентте «Street Food Fest» гастрономиялық фестивалі өтті

Автор: adym
03.10.2026
0

Шымкентте қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлаған ауқымды гастрономиялық фестиваль өтті. «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы ұйымдастырған «Street Food Fest» шарасы Этно-ауыл кешенінің аумағында өтіп, қаладағы тағам...

Қаржылық сауаттылық – жастардың жауапкершілігін арттырудың маңызды бағыты

Қаржылық сауаттылық – жастардың жауапкершілігін арттырудың маңызды бағыты

Автор: adym
03.10.2026
0

ADYM.KZ / Қаржылық сауаттылық – адамның өз қаражатын тиімді басқаруымен қатар, қаржылық шешімдердің құқықтық салдарын түсінуіне мүмкіндік беретін маңызды дағды. Қаржы мәселесінде құқықтық сауаттылықтың да маңызы зор. Өз...

Келесі
Шымкентте жастарға діни сауаттылықтың маңызы түсіндірілді

Шымкентте жастарға діни сауаттылықтың маңызы түсіндірілді

Ұсынамыз

Бангкоктағы Азия чемпионатында Қазақстан 16 медаль жеңіп алды

Бангкоктағы Азия чемпионатында Қазақстан 16 медаль жеңіп алды

21.07.2026
В Шымкенте поздравили представителей старшего поколения

В Шымкенте поздравили представителей старшего поколения

01.10.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.