AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Шымкентте жастарға мемлекеттік қолдау бағдарламалары түсіндірілді

02.10.2026
Санаты: Аймақ
Шымкентте жастарға мемлекеттік қолдау бағдарламалары түсіндірілді

ADYM.KZ / Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің колледжінде жастарға арналған ақпараттық кездесу өтті.

Іс-шараның мақсаты – жастардың мемлекеттік бағдарламалар мен әлеуметтік қолдау шаралары туралы білімін арттыру, тұрғын үй алу мүмкіндіктерін түсіндіру және қолжетімді қаржылық құралдар жөнінде ақпарат беру.

Кездесуге «Отбасы банк» АҚ-ның қаржы кеңесшілері Нұрмағанбетова Феруза Мусилимовна мен Мамедалиева Эльмира Еламановна, сондай-ақ «Ізгілікте жарысайық» ҚҚҚ Волонтерлер мектебінің «Айбын» жобасының жетекшісі Ырзамберді Ерболат Асқарұлы қатысты.

Кездесу барысында мамандар жастарға тұрғын үйге қол жеткізу жолдары, мемлекеттік бағдарламалардың негізгі бағыттары және тұрғын үй жағдайын жақсартуға арналған мүмкіндіктер туралы түсіндірді. Сонымен қатар тұрғын үй жинақ жүйесінің ерекшеліктері, қаржылық жоспарлау және болашақта баспана алу үшін қаражат жинаудың маңыздылығы жөнінде ақпарат берілді.

Қатысушыларға мемлекеттік қолдау тетіктерін пайдалану кезінде ескерілуі қажет мәселелер түсіндіріліп, өз мүмкіндіктерін алдын ала бағалау мен қаржылық сауаттылықты арттырудың маңызы атап өтілді. Мамандар тұрғын үй алу мәселесінде нақты мақсат қойып, жеке қаржылық жоспар құрудың тиімділігіне тоқталды.

Ақпараттық кездесу ашық диалог форматында өтіп, жастар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Мамандар тұрғын үй бағдарламаларына қатысу шарттары, қажетті құжаттар және қаржылық мүмкіндіктерге қатысты сұрақтарға жауап берді.

Мұндай кездесулер жастардың мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабардарлығын арттырып, олардың әлеуметтік және экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған. Сонымен қатар жастардың болашаққа сенімді қадам жасап, жеке мақсаттарына қол жеткізуіне қажетті ақпарат пен бағыт-бағдар алуға мүмкіндік береді.

«Жастар ресурстық орталығы» жастардың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыруға, олардың қоғамдағы белсенділігін қолдауға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастырады.

Ілмек: ЖастарКәсіпкерлікШымкент
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Президент тапсырмасы орындалды: Шымкентте 150 орындық оңалту орталығы ашылды

Президент тапсырмасы орындалды: Шымкентте 150 орындық оңалту орталығы ашылды

Автор: adym
06.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкентте мүгедектігі бар азаматтарға арналған 150 орындық жаңа оңалту орталығы ашылды. Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Жаңа әлеуметтік нысан Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, заманауи оңалту...

В Шымкенте прошел гастрономический фестиваль «street food fest»

В Шымкенте прошел гастрономический фестиваль «street food fest»

Автор: adym
03.10.2026
0

В Шымкенте состоялся масштабный гастрономический фестиваль, подаривший жителям и гостям города прекрасное настроение. Организованное туристическим информационным центром «Visit Shymkent» мероприятие «Street Food Fest» прошло на территории комплекса «Этно-аул»...

Шымкентте «Street Food Fest» гастрономиялық фестивалі өтті

Шымкентте «Street Food Fest» гастрономиялық фестивалі өтті

Автор: adym
03.10.2026
0

Шымкентте қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлаған ауқымды гастрономиялық фестиваль өтті. «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы ұйымдастырған «Street Food Fest» шарасы Этно-ауыл кешенінің аумағында өтіп, қаладағы тағам...

Қаржылық сауаттылық – жастардың жауапкершілігін арттырудың маңызды бағыты

Қаржылық сауаттылық – жастардың жауапкершілігін арттырудың маңызды бағыты

Автор: adym
03.10.2026
0

ADYM.KZ / Қаржылық сауаттылық – адамның өз қаражатын тиімді басқаруымен қатар, қаржылық шешімдердің құқықтық салдарын түсінуіне мүмкіндік беретін маңызды дағды. Қаржы мәселесінде құқықтық сауаттылықтың да маңызы зор. Өз...

Келесі
Шымкентте NEET санатындағы жастармен адрестік жұмыстар жүргізілді

Шымкентте NEET санатындағы жастармен адрестік жұмыстар жүргізілді

Ұсынамыз

Киберспорттан Әлем кубогы тұңғыш рет Парижде өтеді

Киберспорттан Әлем кубогы тұңғыш рет Парижде өтеді

24.05.2026
Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің сот басшыларын қабылдады

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің сот басшыларын қабылдады

18.06.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.