AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Шымкентте аға буын өкілдеріне құрмет көрсетілді

01.10.2026
Санаты: Аймақ
Шымкентте аға буын өкілдеріне құрмет көрсетілді

ADYM.KZ / Халықаралық қарттар күніне орай Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков аға буын өкілдерінің шаңырақтарына барып, оларды мерекемен құттықтады. Қала әкімі Рахматулла Мәуленов, Өркен Әбдіреев, Шәки Күлмажитов және Сәбит Рүстемовтің үйлерінде болып, қариялардың жағдайымен танысты.

Кездесу барысында аға буын өкілдері еңбек жолдары мен өмірлік тәжірибелері туралы естеліктерімен бөлісіп, отбасы құндылықтары мен ұрпақ тәрбиесі жайында әңгімелесті. Қала әкімі қарияларға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бақ-береке және жан тыныштығын тілеп, олардың қоғам дамуына, қаланың қалыптасуы мен өркендеуіне қосқан үлесі үшін алғысын білдірді. Мерекеге орай естелік сыйлықтар табысталды.

Шымкентте қарт адамдардың өмір сапасын арттыруға, денсаулығын нығайтуға және белсенді өмір салтын қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік қолдау шараларына ерекше көңіл бөлінеді.

Бүгінде қалада 105 мыңнан астам зейнеткер тұрады. Халықаралық қарттар күніне орай жасы 70-тен асқан 29 841 тұрғынға 3 АЕК мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді. Сонымен қатар 80 жастан асқан жалғызбасты 101 қарияға ай сайын 2 АЕК көлемінде әлеуметтік төлем беріледі.

Қариялардың денсаулығын нығайту мақсатында санаторий-курорттық ем алуға да жағдай жасалған. Биыл осы бағытта 8 735 адамды қамту жоспарланып, қазіргі таңда 5 090 тұрғын тиісті жолдамамен қамтамасыз етілді.

Қаладағы «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығының төрт бөлімшесінде күн сайын 800-ден астам зейнеткер түрлі іс-шараларға қатысады. Мұнда қарт адамдардың бос уақытын тиімді өткізуіне, дене белсенділігін арттыруына және шығармашылық қабілеттерін дамытуына мүмкіндік беретін спорттық, шығармашылық және сауықтыру бағытындағы сабақтар ұйымдастырылған.

Әлеуметтік қолдау шаралары қоғамдық ортада белсенді араласуға да мүмкіндік береді. Атап айтқанда, 70 жастан асқан тұрғындар қоғамдық көлікте тегін жүреді. Сондай-ақ қарияларға театрларға, музейлерге, хайуанаттар бағына және дендросаябаққа тегін бару мүмкіндігі қарастырылған.

Мұндай қолдау шаралары аға буын өкілдерінің әлеуметтік белсенділігін арттырып, олардың қоғам өміріне толыққанды қатысуына жағдай жасауға бағытталған. Қариялардың өмірлік тәжірибесі мен өнегесі кейінгі ұрпақ үшін маңызды құндылық болып қала береді.

Ілмек: Қала әкіміҚарттар күніҚұрметШымкент
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Президент тапсырмасы орындалды: Шымкентте 150 орындық оңалту орталығы ашылды

Президент тапсырмасы орындалды: Шымкентте 150 орындық оңалту орталығы ашылды

Автор: adym
06.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкентте мүгедектігі бар азаматтарға арналған 150 орындық жаңа оңалту орталығы ашылды. Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Жаңа әлеуметтік нысан Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, заманауи оңалту...

В Шымкенте прошел гастрономический фестиваль «street food fest»

В Шымкенте прошел гастрономический фестиваль «street food fest»

Автор: adym
03.10.2026
0

В Шымкенте состоялся масштабный гастрономический фестиваль, подаривший жителям и гостям города прекрасное настроение. Организованное туристическим информационным центром «Visit Shymkent» мероприятие «Street Food Fest» прошло на территории комплекса «Этно-аул»...

Шымкентте «Street Food Fest» гастрономиялық фестивалі өтті

Шымкентте «Street Food Fest» гастрономиялық фестивалі өтті

Автор: adym
03.10.2026
0

Шымкентте қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлаған ауқымды гастрономиялық фестиваль өтті. «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы ұйымдастырған «Street Food Fest» шарасы Этно-ауыл кешенінің аумағында өтіп, қаладағы тағам...

Қаржылық сауаттылық – жастардың жауапкершілігін арттырудың маңызды бағыты

Қаржылық сауаттылық – жастардың жауапкершілігін арттырудың маңызды бағыты

Автор: adym
03.10.2026
0

ADYM.KZ / Қаржылық сауаттылық – адамның өз қаражатын тиімді басқаруымен қатар, қаржылық шешімдердің құқықтық салдарын түсінуіне мүмкіндік беретін маңызды дағды. Қаржы мәселесінде құқықтық сауаттылықтың да маңызы зор. Өз...

Келесі
Шымкентте нашақорлық пен аитв/житс-тің алдын алуға арналған кездесу өтті

Шымкентте нашақорлық пен аитв/житс-тің алдын алуға арналған кездесу өтті

Ұсынамыз

Жастардың әскери тәрбиесі – ел қауіпсіздігінің маңызды негізі

Жастардың әскери тәрбиесі – ел қауіпсіздігінің маңызды негізі

13.09.2026
Әлем чемпионатының соңғы жартылай финалистері анықталады

Әлем чемпионатының соңғы жартылай финалистері анықталады

11.07.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.