AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Жаңа конституциялық модель Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттырады

09.07.2026
Санаты: Басты, Саясат
Жаңа конституциялық модель Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттырады

ADYM.KZ / Жаңа Конституцияның күшіне енуі Қазақстандағы мемлекеттік-саяси жүйені жаңғыртып қана қоймай, инвесторлар үшін құқықтық тұрақтылық пен болжамдылықты күшейтті. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысында мәлімдеді.

Премьер-министрдің айтуынша, 1 шілдеден бастап жаңа Конституцияның күшіне енуімен елде жаңа мемлекеттік-саяси модельді қалыптастыру кезеңі басталды. Оның аясында жаңа заң шығарушы орган – Құрылтайға сайлау тағайындалып, жоғары консультативтік орган – Қазақстан Халық Кеңесінің Хатшылығы құрылды.

Сонымен қатар Конституциялық сот жаңа Конституциядағы бір реттік өкілеттік мерзіміне қатысты норманың қолданылу тәртібіне ресми түсіндірме берген.

Бектеновтің сөзінше, бұл норма жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін, яғни биылғы 1 шілдеден бастап тиісті лауазымдарға тағайындалған немесе сайланған тұлғаларға ғана қолданылады. Атап айтқанда, бұл Президентке, Конституциялық соттың төрағасы мен судьяларына, Жоғарғы соттың төрағасына және Бас прокурорға қатысты.

«Конституциялық сот өз шешімімен аталған норманың қолданылу аясын нақты айқындады. Құқықтық айқындықтың қамтамасыз етілуі ішкі және сыртқы аудиторияны алаңдатқан бірқатар мәселені күн тәртібінен алып тастайды. Бұл саяси-құқықтық жүйенің тұрақтылығы мен болжамдылығына ерекше мән беретін инвесторлар үшін маңызды», – деді Премьер-министр.

Үкімет басшысы президенттік реформалардың қоғам тарапынан кең қолдау тауып отырғанын да атап өтті. Оның айтуынша, соңғы әлеуметтік сауалнама нәтижесінде қазақстандықтардың 87 пайыздан астамы елдің дұрыс бағытта дамып келе жатқанына сенім білдірген.

Бектеновтің пікірінше, реформаларға деген қоғамдық қолдау оларды тиімді жүзеге асырудың негізгі алғышарттарының бірі.

«Жаңа конституциялық модель мен жүйелі реформалар экономикамызды жаңғыртуға, халықаралық әріптестікті кеңейтуге және Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыруға берік негіз қалайды. Саяси және экономикалық реформалар ұзақ мерзімді әрі өзара тиімді серіктестікті дамытуға жаңа серпін береді», – деді Олжас Бектенов.

 

Ілмек: Жаңа КонституцияИнвестициялық ахуалПремьер-министр Олжас Бектенов
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

Автор: adym
22.09.2026
0

2026 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесіне қатысты екі Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақордаға сілтеме жасап. Бірінші Жарлықпен Қазақстан...

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Автор: adym
19.09.2026
0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жастармен және экобелсенділермен бірге Астанадағы Президент саябағының аумағына ағаш отырғызды, - деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақорданың баспасөз...

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындады. Өнеркәсіп, энергетика, критикалық минералдар, көлік-логистика, жасанды интеллект және жаңа технологиялар...

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында ел Президенті Ли Чжэ Мёңмен шағын құрамда келіссөз жүргізді. Кездесуде екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту, инвестициялық жобаларды...

Келесі
«Қайрат» өз алаңында «Сутьесканы» жеңіп, іріктеу кезеңін жеңіспен бастады

«Қайрат» өз алаңында «Сутьесканы» жеңіп, іріктеу кезеңін жеңіспен бастады

Ұсынамыз

Велоспорт: Щучинск қаласында тасжолдағы Қазақстан чемпионаты өтеді

Велоспорт: Щучинск қаласында тасжолдағы Қазақстан чемпионаты өтеді

09.06.2026
Орталық Азиядағы су дағдарысын шешуде ортақ консенсус қажет

Орталық Азиядағы су дағдарысын шешуде ортақ консенсус қажет

28.05.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.