AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Шымкентте жастар арасында буллингтің алдын алу мәселесі талқыланды

25.09.2026
Санаты: Аймақ
Шымкентте жастар арасында буллингтің алдын алу мәселесі талқыланды

ADYM.KZ / Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында М. Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде «Буллингке қарсы бір қадам» тақырыбында кездесу өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында буллингтің алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және білім беру ортасында өзара құрмет пен қауіпсіз қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру. Сонымен қатар студенттерге құқықбұзушылықтың салдарын түсіндіріп, заң талаптарын сақтаудың маңызын жеткізу көзделді.

Кездесуге Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының КҚҚБ бастығы, полиция подполковнигі Ернар Жомартович Кошанов, Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы ҚҚБ ЮПТ КТІЖ аға учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Рахымжан Испандиярович Ирисбеков, аталған басқарманың Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің инспекторы, полиция капитаны Әсемай Есенқызы Анарбаева және «Жастар ресурстық орталығы» КММ Психологиялық көмек көрсету бөлімінің маманы Үміт Қайсарқызы Қоңрат қатысты.

Кездесу барысында мамандар буллингтің түрлері мен оның адамға тигізетін психологиялық және әлеуметтік әсері туралы түсіндірді. Қорқыту, кемсіту, әдейі шеттету және әлеуметтік желілер арқылы қысым көрсету сияқты әрекеттердің салдарына назар аударылды. Сондай-ақ мұндай жағдайларға бейжай қарамай, дер кезінде көмекке жүгінудің маңыздылығы айтылды.

Полиция өкілдері жастарға құқықбұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және заң талаптарын орындау жөнінде ақпарат берді. Кез келген адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу, өз әрекетіне жауапкершілікпен қарау және жанжалдарды күш қолданбай шешу қажеттігі атап өтілді.

Психологиялық көмек көрсету бөлімінің маманы буллингке тап болған немесе оның куәгері болған жағдайда қандай әрекет жасау керектігін түсіндірді. Қиын жағдайды жалғыз шешуге тырыспай, сенімді ересектерге, педагогтерге немесе тиісті мамандарға хабарласу қажеттігі айтылды. Қолдау көрсету мен өзара түсіністікке негізделген орта қалыптастырудың маңызы да қозғалды.

Іс-шара «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, құқықбұзушылықтың алдын алуға және қауіпсіз қоғамдық ортаны нығайтуға бағытталды.

Осындай кездесулер жастардың буллингке қатысты түсінігін кеңейтіп, өз құқықтары мен міндеттерін білуіне, сондай-ақ айналасындағыларға құрметпен қарап, жауапты азаматтық ұстаным қалыптастыруына ықпал етеді.

Ілмек: ЖастарЗаң мен тәртіпШымкент
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Президент тапсырмасы орындалды: Шымкентте 150 орындық оңалту орталығы ашылды

Президент тапсырмасы орындалды: Шымкентте 150 орындық оңалту орталығы ашылды

Автор: adym
06.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкентте мүгедектігі бар азаматтарға арналған 150 орындық жаңа оңалту орталығы ашылды. Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Жаңа әлеуметтік нысан Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, заманауи оңалту...

В Шымкенте прошел гастрономический фестиваль «street food fest»

В Шымкенте прошел гастрономический фестиваль «street food fest»

Автор: adym
03.10.2026
0

В Шымкенте состоялся масштабный гастрономический фестиваль, подаривший жителям и гостям города прекрасное настроение. Организованное туристическим информационным центром «Visit Shymkent» мероприятие «Street Food Fest» прошло на территории комплекса «Этно-аул»...

Шымкентте «Street Food Fest» гастрономиялық фестивалі өтті

Шымкентте «Street Food Fest» гастрономиялық фестивалі өтті

Автор: adym
03.10.2026
0

Шымкентте қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлаған ауқымды гастрономиялық фестиваль өтті. «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы ұйымдастырған «Street Food Fest» шарасы Этно-ауыл кешенінің аумағында өтіп, қаладағы тағам...

Қаржылық сауаттылық – жастардың жауапкершілігін арттырудың маңызды бағыты

Қаржылық сауаттылық – жастардың жауапкершілігін арттырудың маңызды бағыты

Автор: adym
03.10.2026
0

ADYM.KZ / Қаржылық сауаттылық – адамның өз қаражатын тиімді басқаруымен қатар, қаржылық шешімдердің құқықтық салдарын түсінуіне мүмкіндік беретін маңызды дағды. Қаржы мәселесінде құқықтық сауаттылықтың да маңызы зор. Өз...

Келесі
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты

Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты

Ұсынамыз

Алматыда сәбиін арқалап курьер болған ана Шымкентке қоныс аударды

Алматыда сәбиін арқалап курьер болған ана Шымкентке қоныс аударды

26.06.2026
Жасыл Геосаясат: Сирек кездесетін металдар үшін сауда қыза түсуде

Жасыл Геосаясат: Сирек кездесетін металдар үшін сауда қыза түсуде

25.05.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.