AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Шымкентте жастарға этносаясат пен діни сауаттылық мәселелері түсіндірілді

25.09.2026
Санаты: Аймақ
Шымкентте жастарға этносаясат пен діни сауаттылық мәселелері түсіндірілді

ADYM.KZ / Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Түркістан индустриалды-құрылыс колледжінің студенттері арасында «Этносаясатты түсіндіру және деструктивті діни ағымдардың зияндылығын насихаттау» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесудің негізгі мақсаты – жастардың діни сауаттылығын арттыру, этносаралық келісімнің маңызын түсіндіру және деструктивті діни ағымдардың ықпалына қарсы иммунитет қалыптастыру. Сонымен қатар студенттердің зайырлы қоғам қағидаттары мен қоғамдық келісім құндылықтары жөніндегі білімін кеңейтуге басымдық берілді.

Іс-шараға Жастар ресурстық орталығының мамандары, Шымкент қаласы Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ бөлім басшысы Рауан Қыпшақбаев және Шымкент қаласы Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ сарапшысы Нұржан Абдукаримов қатысты.

Кездесу барысында мамандар жастарға діни ақпаратты дұрыс қабылдау, күмәнді діни уағыздар мен материалдарды ажырата білу, сондай-ақ түрлі теріс ағымдардың ықпалына түспеу жолдарын түсіндірді. Діни сауаттылықты арттыруда сенімді ақпарат көздеріне сүйенудің және мәселелер бойынша білікті мамандардың кеңесіне жүгінудің маңызы атап өтілді.

Этносаясат тақырыбы аясында қоғамдағы өзара құрмет, этносаралық татулық пен қоғамдық келісімнің мәні кеңінен сөз болды. Мамандар ел ішіндегі тұрақтылықты сақтау үшін әр азаматтың жауапкершілігі жоғары екенін айтып, жастарды өзге этнос өкілдерінің мәдениеті мен құндылықтарына құрметпен қарауға шақырды.

Сондай-ақ зайырлы қоғам қағидаттарын сақтау, азаматтық бірегейлікті нығайту және жастардың қоғамдық өмірге саналы қатысуы мәселелеріне назар аударылды. Мұндай түсіндіру жұмыстары жас буынның сыни ойлау қабілетін дамытуға, ақпаратты саралай білуіне және қоғамдағы түрлі теріс ықпалдарға қарсы тұруына ықпал етеді.

Кездесу ашық пікір алмасу форматында жалғасты. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды.

Осындай ақпараттық-түсіндіру шаралары жастардың діни және қоғамдық сауаттылығын арттыруға, этносаралық келісім мәдениетін қалыптастыруға және қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға бағытталған.

Ілмек: ЖастарШымкентЭтносаясат
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Президент тапсырмасы орындалды: Шымкентте 150 орындық оңалту орталығы ашылды

Президент тапсырмасы орындалды: Шымкентте 150 орындық оңалту орталығы ашылды

Автор: adym
06.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкентте мүгедектігі бар азаматтарға арналған 150 орындық жаңа оңалту орталығы ашылды. Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Жаңа әлеуметтік нысан Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, заманауи оңалту...

В Шымкенте прошел гастрономический фестиваль «street food fest»

В Шымкенте прошел гастрономический фестиваль «street food fest»

Автор: adym
03.10.2026
0

В Шымкенте состоялся масштабный гастрономический фестиваль, подаривший жителям и гостям города прекрасное настроение. Организованное туристическим информационным центром «Visit Shymkent» мероприятие «Street Food Fest» прошло на территории комплекса «Этно-аул»...

Шымкентте «Street Food Fest» гастрономиялық фестивалі өтті

Шымкентте «Street Food Fest» гастрономиялық фестивалі өтті

Автор: adym
03.10.2026
0

Шымкентте қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлаған ауқымды гастрономиялық фестиваль өтті. «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы ұйымдастырған «Street Food Fest» шарасы Этно-ауыл кешенінің аумағында өтіп, қаладағы тағам...

Қаржылық сауаттылық – жастардың жауапкершілігін арттырудың маңызды бағыты

Қаржылық сауаттылық – жастардың жауапкершілігін арттырудың маңызды бағыты

Автор: adym
03.10.2026
0

ADYM.KZ / Қаржылық сауаттылық – адамның өз қаражатын тиімді басқаруымен қатар, қаржылық шешімдердің құқықтық салдарын түсінуіне мүмкіндік беретін маңызды дағды. Қаржы мәселесінде құқықтық сауаттылықтың да маңызы зор. Өз...

Келесі
Жастарды еңбек нарығына бейімдеу бағытындағы жұмыстар жалғасуда

Жастарды еңбек нарығына бейімдеу бағытындағы жұмыстар жалғасуда

Ұсынамыз

Шымкент жастары «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабының негізгі идеяларын талқылады

Шымкент жастары «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабының негізгі идеяларын талқылады

16.09.2026
Шымкент жастары «Заң мен тәртіп» қағидатына сай есірткісіз қоғам құруға атсалысуда

Шымкент жастары «Заң мен тәртіп» қағидатына сай есірткісіз қоғам құруға атсалысуда

08.09.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.