AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Жастар арасында лудоманияның алдын алу мәселесі талқыланды

24.09.2026
Санаты: Аймақ
Жастар арасында лудоманияның алдын алу мәселесі талқыланды

ADYM.KZ / Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен Мирас университетінде жастар арасында лудомания мен зиянды әдеттердің алдын алуға бағытталған кездесу өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастарға құмар ойынға тәуелділіктің адам өміріне, психологиялық жағдайына, отбасылық қарым-қатынасына және әлеуметтік ортасына тигізетін кері әсерін түсіндіру, сондай-ақ зиянды әдеттердің алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту.

Кездесу барысында лудоманияның тек жеке адамның мәселесі емес, отбасы мен қоғамға да әсер ететін әлеуметтік сипаттағы проблема екені сөз болды. Мамандар құмар ойынға тәуелділік адамның психологиялық жай-күйіне кері әсер етіп, күнделікті өміріне, оқуына, жұмысына және жақындарымен қарым-қатынасына қиындықтар туғызуы мүмкін екенін атап өтті.

Сонымен қатар жастарға тәуелділіктің алғашқы белгілерін дер кезінде байқап, мәселені жасырмай, мамандардың көмегіне жүгінудің маңызы түсіндірілді. Құмар ойынға қызығушылықты шектеу, бос уақытты тиімді ұйымдастыру, спортпен және шығармашылықпен айналысу, жақындарымен ашық қарым-қатынас орнату сияқты алдын алу шараларына да назар аударылды.

Кездесуде жастардың салауатты өмір салтын ұстануы, өз уақытын тиімді пайдаланып, пайдалы бастамаларға белсенді араласуы маңызды екені айтылды. Әсіресе жас буынның қаржылық және цифрлық сауаттылығын арттыру, құмар ойындардың жарнамасы мен оған қатысты тәуекелдерді дұрыс бағалай білу қажеттігі атап өтілді.

Іс-шараға Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ Психологиялық көмек көрсету бөлімінің маманы Ақсымбат Рашидқызы Әлімқұл, Тұран ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Әділбек Сатыбалды, Тұран ауданы жастармен жұмыс жүргізу төрағасы Мақсат Серікбаев және Тұран ауданы ардагерлер кеңесінің алқа мүшесі Қалдыбек Тұрбаев қатысты.

Кездесу барысында жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, лудоманияның алдын алу және зиянды әдеттерден бойды аулақ ұстау бойынша тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мұндай кездесулер жастардың мәселеге деген жауапкершілігін арттырып, салауатты әрі саналы өмір салтын қалыптастыруға ықпал етеді. Құмар ойынға тәуелділіктің алдын алу – жастардың ғана емес, отбасы, білім беру ұйымдары және жалпы қоғамның ортақ міндеті.

Ілмек: ЖастарЛудоманияШымкент
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Президент тапсырмасы орындалды: Шымкентте 150 орындық оңалту орталығы ашылды

Президент тапсырмасы орындалды: Шымкентте 150 орындық оңалту орталығы ашылды

Автор: adym
06.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкентте мүгедектігі бар азаматтарға арналған 150 орындық жаңа оңалту орталығы ашылды. Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Жаңа әлеуметтік нысан Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, заманауи оңалту...

В Шымкенте прошел гастрономический фестиваль «street food fest»

В Шымкенте прошел гастрономический фестиваль «street food fest»

Автор: adym
03.10.2026
0

В Шымкенте состоялся масштабный гастрономический фестиваль, подаривший жителям и гостям города прекрасное настроение. Организованное туристическим информационным центром «Visit Shymkent» мероприятие «Street Food Fest» прошло на территории комплекса «Этно-аул»...

Шымкентте «Street Food Fest» гастрономиялық фестивалі өтті

Шымкентте «Street Food Fest» гастрономиялық фестивалі өтті

Автор: adym
03.10.2026
0

Шымкентте қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлаған ауқымды гастрономиялық фестиваль өтті. «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы ұйымдастырған «Street Food Fest» шарасы Этно-ауыл кешенінің аумағында өтіп, қаладағы тағам...

Қаржылық сауаттылық – жастардың жауапкершілігін арттырудың маңызды бағыты

Қаржылық сауаттылық – жастардың жауапкершілігін арттырудың маңызды бағыты

Автор: adym
03.10.2026
0

ADYM.KZ / Қаржылық сауаттылық – адамның өз қаражатын тиімді басқаруымен қатар, қаржылық шешімдердің құқықтық салдарын түсінуіне мүмкіндік беретін маңызды дағды. Қаржы мәселесінде құқықтық сауаттылықтың да маңызы зор. Өз...

Келесі
Шымкентте дрифт жасаған жүргізуші 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды

Шымкентте дрифт жасаған жүргізуші 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды

Ұсынамыз

Әлемдік нарықтағы жаңа тренд: «AI-washing» немесе жасанды интеллектімен «көз бояушылық»

Әлемдік нарықтағы жаңа тренд: «AI-washing» немесе жасанды интеллектімен «көз бояушылық»

26.05.2026
Қазақстандық дзюдошылар Азия чемпионатының алғашқы күнінде 8 жүлде еншіледі

Қазақстандық дзюдошылар Азия чемпионатының алғашқы күнінде 8 жүлде еншіледі

19.07.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.