AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Шымкентте әлеуметтік және көлік инфрақұрылымын дамытуға 33,5 млрд теңге бағытталды

23.09.2026
Санаты: Аймақ
Шымкентте әлеуметтік және көлік инфрақұрылымын дамытуға 33,5 млрд теңге бағытталды

ADYM.KZ / Мемлекет басшысының Құрылтайдың алғашқы сессиясында берген тапсырмаларын орындау аясында Үкімет өңірлердің әлеуметтік және инфрақұрылымдық әлеуетін арттыруға бағытталған жүйелі шараларды жүзеге асыруда.

Осы ретте Шымкент қаласында ана мен бала денсаулығын қорғауға және көлік инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған екі ірі жоба қолға алынды. Олардың құрылысын жалғастыруға қосымша 33,5 млрд теңге бөлінді. Қаражаттың 10 млрд теңгесі жаңа перинаталдық орталықтың құрылысына, 23,5 млрд теңгесі халықаралық әуежайдың екінші ұшу-қону жолағын салуға бағытталды.

Ақжайық шағынауданында салынып жатқан жаңа перинаталдық орталық 200 төсек-орынға есептелген. Медициналық мекеме жылына 7 мың босануға қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Орталықта акушерлік, гинекология және неонатология бөлімдерімен қатар, күрделі патологиясы бар жаңа туған нәрестелерге медициналық көмек көрсетуге арналған неонаталдық хирургия қызметі ұйымдастырылады. Сондай-ақ диагностикалық зертхана, генетикалық зерттеулер жүргізуге арналған база, консультациялық және оңалту бөлімшелері қарастырылған.

Жобаның негізгі мақсаты – ана мен балаға көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттырып, заманауи медициналық инфрақұрылымды қалыптастыру.

Шымкент халықаралық әуежайында екінші ұшу-қону жолағының құрылысы да жалғасуда. Ұзындығы 3 900 метр, ені 75 метр болатын жаңа жолақ әуежайдың өткізу мүмкіндігін арттыруға және әуе тасымалының тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Жоба аясында қажетті инженерлік инфрақұрылым, такси жолдары, авариялық-құтқару нысандары және әуеайлақтың жарық сигналдық жабдықтары қарастырылған. Бұл әуежайдың жолаушылар мен жүк тасымалындағы мүмкіндігін кеңейтіп, Шымкенттің көлік-логистикалық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

Медициналық және көлік инфрақұрылымына бағытталған бұл жобалар Шымкенттің әлеуметтік-экономикалық даму қарқынына сәйкес қалалық инфрақұрылымды жаңғыртудың маңызды бағыттарын қамтиды.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шеңберіндегі мұндай жобалар азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапасын арттырумен қатар, өңірлердің ұзақ мерзімді даму әлеуетін нығайтуға бағытталған.

Ілмек: ӘуежайЖаңа терминалШымкент
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Президент тапсырмасы орындалды: Шымкентте 150 орындық оңалту орталығы ашылды

Президент тапсырмасы орындалды: Шымкентте 150 орындық оңалту орталығы ашылды

Автор: adym
06.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкентте мүгедектігі бар азаматтарға арналған 150 орындық жаңа оңалту орталығы ашылды. Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Жаңа әлеуметтік нысан Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, заманауи оңалту...

В Шымкенте прошел гастрономический фестиваль «street food fest»

В Шымкенте прошел гастрономический фестиваль «street food fest»

Автор: adym
03.10.2026
0

В Шымкенте состоялся масштабный гастрономический фестиваль, подаривший жителям и гостям города прекрасное настроение. Организованное туристическим информационным центром «Visit Shymkent» мероприятие «Street Food Fest» прошло на территории комплекса «Этно-аул»...

Шымкентте «Street Food Fest» гастрономиялық фестивалі өтті

Шымкентте «Street Food Fest» гастрономиялық фестивалі өтті

Автор: adym
03.10.2026
0

Шымкентте қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлаған ауқымды гастрономиялық фестиваль өтті. «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы ұйымдастырған «Street Food Fest» шарасы Этно-ауыл кешенінің аумағында өтіп, қаладағы тағам...

Қаржылық сауаттылық – жастардың жауапкершілігін арттырудың маңызды бағыты

Қаржылық сауаттылық – жастардың жауапкершілігін арттырудың маңызды бағыты

Автор: adym
03.10.2026
0

ADYM.KZ / Қаржылық сауаттылық – адамның өз қаражатын тиімді басқаруымен қатар, қаржылық шешімдердің құқықтық салдарын түсінуіне мүмкіндік беретін маңызды дағды. Қаржы мәселесінде құқықтық сауаттылықтың да маңызы зор. Өз...

Келесі
Қоғамдық ұйымның атауы емес, атқаратын нақты ісі маңызды

Қоғамдық ұйымның атауы емес, атқаратын нақты ісі маңызды

Ұсынамыз

Бибісара Асаубаева мерзімінен бұрын Norway Chess-2026 турнирінің чемпионы атанды

Бибісара Асаубаева мерзімінен бұрын Norway Chess-2026 турнирінің чемпионы атанды

05.06.2026
2026–2027 оқу жылында оқушылар қандай жаңа курстарды оқиды?

2026–2027 оқу жылында оқушылар қандай жаңа курстарды оқиды?

26.08.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.