AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Шымкент қаласының әкімі «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты

19.09.2026
Санаты: Аймақ
Шымкент қаласының әкімі «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты

ADYM.KZ / Шымкентте «Таза Қазақстан» жалпы ұлттық экологиялық бастамасы аясында Дүниежүзілік тазалық күніне орайластырылған World Cleanup Day халықаралық акциясы өтті.

Жалпы қалалық сенбілікке 43 мыңнан астам тұрғын қатысып, жастар, еріктілер, коммуналдық сала қызметкерлері және қала тұрғындары белсенді атсалысты. 200-ден астам арнайы техника жұмылдырылды.

Акцияның негізгі алаңдарының бірі А.Аскаров атындағы Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы болды. Мұнда тазалау жұмысына қала әкімі, 3000-нан астам жас пен еріктілер, сондай-ақ, коммуналдық сала қызметкерлері қатысты.

Табиғи ортаны сақтау және қоршаған ортаны байытуға да ерекше көңіл бөлінді. Қала әкімі акцияға қатысушылармен бірге дендрологиялық саябаққа 10 тиін мен 25 қырғауылды жіберіп, су айдынына 150 келі балық жіберілді.

Акцияға қатысушылар аумақты санитарлық тазалаудан өткізіп, тұрмыстық қалдықты жинады, ағаштарды санитарлық тұрғыда бұтап, басқа да абаттандыру жұмысын атқарды.

Жалпы, бұл күні қала бойынша 270 тоннадан астам тұрмыстық және басқа да қалдық шығарылды. Сонымен қатар ирригациялық арықтар тазаланып, көшелер жуылды.

World Cleanup Day қоршаған ортаның тазалығын сақтау және табиғат пен қоғамдық кеңістіктерге ұқыпты қарауды қалыптастыру мақсатында әлемнің әр түкпіріндегі адамдарды ортақ іске біріктіреді. Шымкентте бұл экологиялық акция «Таза Қазақстан» бастамасы аясында атқарылып жатқан жұмыстардың жалғасы болды.

Айта кетейік, қалада экологиялық және абаттандыру жұмысы тұрақты жүргізіледі. Қоғамдық кеңістіктердің тазалығын сақтау, табиғи ресурстарды қорғау және тұрғындардың қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауына ерекше мән берілуде.

Ілмек: WorldCleanupDayӨзіңнен бастаТаза Қазақстан
SummarizeБөлісу235

Оқи отырыңыз

Президент тапсырмасы орындалды: Шымкентте 150 орындық оңалту орталығы ашылды

Президент тапсырмасы орындалды: Шымкентте 150 орындық оңалту орталығы ашылды

Автор: adym
06.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкентте мүгедектігі бар азаматтарға арналған 150 орындық жаңа оңалту орталығы ашылды. Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Жаңа әлеуметтік нысан Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, заманауи оңалту...

В Шымкенте прошел гастрономический фестиваль «street food fest»

В Шымкенте прошел гастрономический фестиваль «street food fest»

Автор: adym
03.10.2026
0

В Шымкенте состоялся масштабный гастрономический фестиваль, подаривший жителям и гостям города прекрасное настроение. Организованное туристическим информационным центром «Visit Shymkent» мероприятие «Street Food Fest» прошло на территории комплекса «Этно-аул»...

Шымкентте «Street Food Fest» гастрономиялық фестивалі өтті

Шымкентте «Street Food Fest» гастрономиялық фестивалі өтті

Автор: adym
03.10.2026
0

Шымкентте қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлаған ауқымды гастрономиялық фестиваль өтті. «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы ұйымдастырған «Street Food Fest» шарасы Этно-ауыл кешенінің аумағында өтіп, қаладағы тағам...

Қаржылық сауаттылық – жастардың жауапкершілігін арттырудың маңызды бағыты

Қаржылық сауаттылық – жастардың жауапкершілігін арттырудың маңызды бағыты

Автор: adym
03.10.2026
0

ADYM.KZ / Қаржылық сауаттылық – адамның өз қаражатын тиімді басқаруымен қатар, қаржылық шешімдердің құқықтық салдарын түсінуіне мүмкіндік беретін маңызды дағды. Қаржы мәселесінде құқықтық сауаттылықтың да маңызы зор. Өз...

Келесі
Сенбілікте бас қосқан мың жас: Шымкентте ауқымды экологиялық акция өтті

Сенбілікте бас қосқан мың жас: Шымкентте ауқымды экологиялық акция өтті

Ұсынамыз

Металлургия саласында Қазақстан мен Қытайдың жаңа бастамалары таныстырылды

Металлургия саласында Қазақстан мен Қытайдың жаңа бастамалары таныстырылды

22.07.2026
Қазақстанда балаларға арналған кітап қоры 42 мың жаңа басылыммен толықтырылады

Қазақстанда балаларға арналған кітап қоры 42 мың жаңа басылыммен толықтырылады

10.07.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.