AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Қ.Тоқаев: Қазақстандағы жас аналарды қолдау жүйесінің Батыс елдерінде баламасы жоқ

18.06.2026
Санаты: Басты, Қоғам
Қ.Тоқаев: Қазақстандағы жас аналарды қолдау жүйесінің Батыс елдерінде баламасы жоқ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шарада әлеуметтік саясат, тегін медициналық көмек және жас аналарды қолдау мәселелеріне тоқталды, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының айтуынша, жаңа Конституцияға сәйкес Қазақстан әлеуметтік мемлекет болып табылады. Сондықтан әлеуметтік саладағы барлық міндеттемелерді орындау биліктің барлық тармақтары үшін конституциялық міндет саналады.

«Бұл міндет табысты жүзеге асырылып жатыр. Өткен жылы республикалық бюджеттен әлеуметтік қажеттіліктерге 9 триллион теңгеден астам қаржы бөлінді. Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі бағдарламасын іске асыру да – мемлекеттің конституциялық міндеті», – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев тегін медициналық қызметтерді қамтитын бұл бағдарламаны еліміздің маңызды жетістіктерінің бірі ретінде бағалады. Оның пікірінше, Қазақстандағы әлеуметтік қолдау тетіктері, әсіресе жас аналарға берілетін жеңілдіктер көптеген дамыған елдерде кездеспейді.

Президенттің айтуынша, бала дүниеге келгеннен кейін әйелдердің жұмыс орны сақталады, олар үш жылға дейін декреттік демалысқа шығып, тиісті әлеуметтік төлемдер алады.

«Мен Швейцарияда жұмыс істеген кезде бұл мәселені арнайы зерттедім. Швейцарияда және басқа да Батыс елдерінде мұндай жүйе жоқ», – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Президент Қазақстанның медицина саласында инновацияларды енгізу, емдеу стандарттарын жетілдіру және қызмет сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп жатқанын айтты. Оның сөзінше, бұл үрдістер еліміздің медициналық туризмнің өңірлік орталығы ретінде танылуына ықпал етуде.

Іс-шара барысында Мемлекет басшысы медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, сала мамандарына қолдау көрсету мәселелеріне де тоқталды. Биыл медицина қызметкерлерінің жалақысын арттыру үшін 33 миллиард теңге бөлінгені айтылды.

Сондай-ақ Президент медицина қызметкерлеріне күш көрсеткен азаматтарды қылмыстық жауапкершілікке тарту қажеттігін атап өтіп, қоғамдық орындардағы әдеп нормаларын сақтау мәселесіне назар аударды.

Айта кетейік, Қазақстанда маусым айының әр үшінші жексенбісі Медицина қызметкерлері күні ретінде атап өтіледі. Бұл мереке 1998 жылғы Президент Жарлығымен бекітілген. Сонымен қатар Астана медицина университетіне көрнекті ғалым Төрегелді Шармановтың есімі берілетіні белгілі болды.

Ілмек: АқордаМедицина қызметкерлеріМереке
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Қоғамдық ұйымның атауы емес, атқаратын нақты ісі маңызды

Қоғамдық ұйымның атауы емес, атқаратын нақты ісі маңызды

Автор: adym
24.09.2026
0

ADYM.KZ / Мемлекеттік тапсырыс, азаматтық қоғам және қоғамдық бақылау мәселелеріне салғырт қарамау керектігін Мемлекет басшысы Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясының негізгі отырысында айрықша атап өтті. Мәселенің мәнісін тарқатып...

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

Автор: adym
22.09.2026
0

2026 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесіне қатысты екі Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақордаға сілтеме жасап. Бірінші Жарлықпен Қазақстан...

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Автор: adym
19.09.2026
0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жастармен және экобелсенділермен бірге Астанадағы Президент саябағының аумағына ағаш отырғызды, - деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақорданың баспасөз...

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындады. Өнеркәсіп, энергетика, критикалық минералдар, көлік-логистика, жасанды интеллект және жаңа технологиялар...

Келесі
Шалғай ауылдарға барған дәрігерлерге 4,5 миллиард теңге көлемінде қолдау көрсетілді

Шалғай ауылдарға барған дәрігерлерге 4,5 миллиард теңге көлемінде қолдау көрсетілді

Ұсынамыз

Заң мен тәртіптің туы: «Сіз тұратын көше» айдары батыр даңғылы туралы жаңа бейнеролик ұсынды

Заң мен тәртіптің туы: «Сіз тұратын көше» айдары батыр даңғылы туралы жаңа бейнеролик ұсынды

02.09.2026
Ақшаның құнсыздану формуласы: ТБИ-ден Ұлттық банктің шешімдеріне дейін

Ақшаның құнсыздану формуласы: ТБИ-ден Ұлттық банктің шешімдеріне дейін

26.05.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.