AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Жастарға нашақорлық пен АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу жолдары түсіндірілді

18.09.2026
Санаты: Аймақ
Жастарға нашақорлық пен АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу жолдары түсіндірілді

ADYM.KZ / Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен Азимед медициналық колледжінде «Нашақорлық пен АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында есірткі қолданудың алдын алу, АИТВ инфекциясы туралы дұрыс түсінік қалыптастыру, қауіп факторлары жөнінде ақпарат беру және салауатты өмір салтын ұстанудың маңызын түсіндіру.

Кездесуге Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасына қарасты «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың» алдын алу бөлімінің маманы Аяжан Джарасбай, ШЖҚ Психикалық денсаулық сақтау орталығының психологы Айнұр Полатовна және Жастар ресурстық орталығының Аутрич және NEET жастармен жұмыс бөлімінің маманы Сабина Сагинтай қатысты.

Кездесу барысында мамандар жастарға нашақорлықтың адам денсаулығына және өмір сапасына тигізетін кері әсері туралы кеңінен түсіндірді. Есірткіге тәуелділіктің адамның физикалық және психологиялық жағдайына ғана емес, оның әлеуметтік ортасы мен болашағына да кері ықпал етуі мүмкін екені айтылды.

Психолог жастардың түрлі қиын жағдайларға тап болған кезде психологиялық қолдауға жүгінудің маңызын атап өтті. Сондай-ақ күйзеліс, жалғыздық, құрдастар тарапынан қысым сияқты жағдайларда дұрыс шешім қабылдау, өз эмоциясын басқару және зиянды әдеттерден аулақ болу жөнінде кеңестер берілді.

Іс-шараның маңызды бағыттарының бірі – АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мәселесі болды. Сала маманы жастарға АИТВ инфекциясы туралы негізгі ақпарат беріп, оның берілу жолдары мен алдын алу шараларына тоқталды.

Маман жастарды АИТВ-ға қатысты жалған ақпарат пен қате түсініктерге сенбеуге, денсаулық мәселесінде тек сенімді медициналық ақпарат көздеріне жүгінуге шақырды. Қажет болған жағдайда медициналық ұйымдарға барып, мамандардан кеңес алудың маңызы түсіндірілді.

Сонымен қатар нашақорлық пен АИТВ инфекциясының алдын алу мәселелерінің өзара байланысына назар аударылды. Жастарға қауіп факторларын білу, қауіпсіз мінез-құлық қағидаларын сақтау және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау қажеттігі айтылды.

Кездесу барысында студенттер мамандарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нашақорлықтың алдын алу, психологиялық қолдау және АИТВ инфекциясынан сақтану жолдары бойынша жауаптар алды.

Мамандар жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, спортпен шұғылдану, шығармашылықпен айналысу, білім алуға және жеке дамуға көңіл бөлу секілді пайдалы әдеттерді қалыптастырудың маңызын атап өтті.

Салауатты өмір салты – адамның денсаулығын сақтаудың ғана емес, оның толыққанды әрі белсенді өмір сүруінің маңызды негіздерінің бірі. Осыған байланысты жастардың зиянды әдеттерден бас тартып, денсаулығына саналы түрде жауапкершілікпен қарауы маңызды.

Осындай ақпараттық-түсіндіру кездесулері жастардың медициналық және психологиялық сауаттылығын арттырып, түрлі қауіп-қатерлердің алдын алуға бағытталған дұрыс шешім қабылдауына мүмкіндік береді.

Іс-шара соңында мамандар жастарды есірткі мен өзге де зиянды әдеттерден аулақ болуға, салауатты өмір салтын ұстануға және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Ілмек: НашақорлықШымкент
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Шымкенттегі Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетіне «Ұлттық» мәртебе беріледі

Шымкенттегі Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетіне «Ұлттық» мәртебе беріледі

Автор: adym
19.11.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Астана қаласында өткен Стратегиялық серіктестердің III халықаралық форумында Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетіне «Ұлттық» мәртебе беру туралы шешім...

Арбатта ұлттық мәдениет пен бірлік мерекесі «ДОСТЫҚ» этнофестивалі өтеді

Арбатта ұлттық мәдениет пен бірлік мерекесі «ДОСТЫҚ» этнофестивалі өтеді

Автор: adym
19.11.2026
0

"Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы аясында 2026 жылғы 28 қарашада сағат 12:00-де Арбат алаңында ұлттық мәдениет пен этносаралық достықты дәріптеуге арналған «ДОСТЫҚ» этнофестивалі...

Шымкентте Мәдениет және өнер ұлттық университеті ашылады

Шымкентте Мәдениет және өнер ұлттық университеті ашылады

Автор: adym
18.11.2026
0

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласында Мәдениет және өнер ұлттық университеті құрылады. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов жаңа жоғары оқу орнын ашу туралы Үкімет қаулысына қол қойды. Университет...

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР КҮНІНЕ ОРАЙ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР МАРАПАТТАЛДЫ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР КҮНІНЕ ОРАЙ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР МАРАПАТТАЛДЫ

Автор: adym
17.11.2026
0

Бүгін қаладағы Жастар Ресурстық орталығында Халықаралық студенттер күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Жастардың басын қосқан тағылымды жиынның басты мақсаты – білім мен қоғамдық өмірде белсенділік танытып жүрген өрендердің...

Келесі
«Таза Қазақстан»: Шымкенттегі мешіт қызметкерлері аумақты абаттандыруға атсалысты

«Таза Қазақстан»: Шымкенттегі мешіт қызметкерлері аумақты абаттандыруға атсалысты

Ұсынамыз

Шымкентте түнгі рейд барысында 79 әкімшілік хаттама толтырылды

Шымкентте түнгі рейд барысында 79 әкімшілік хаттама толтырылды

19.10.2026
Солтүстік Қазақстан облысында сайлауға 3 мыңнан астам комиссия мүшесі тартылады

Солтүстік Қазақстан облысында сайлауға 3 мыңнан астам комиссия мүшесі тартылады

21.07.2026

Көп оқылған

  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    595 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.