AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Қазақстан мен БҰҰ киберқылмыс пен интернет-наркобизнеске қарсы бірлескен жұмысты кеңейтеді

29.08.2026
Санаты: Қоғам
Қазақстан мен БҰҰ киберқылмыс пен интернет-наркобизнеске қарсы бірлескен жұмысты кеңейтеді

ADYM.KZ / Қазақстан мен Біріккен Ұлттар Ұйымы қылмыстың жаңа түрлері мен трансұлттық қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайтпақ. Бұл мәселе Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Асхат Жұмағалидің БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының (БҰҰ ЕҚБ) өңірлік өкілі Оливер Штольпемен кездесуінде талқыланды.

Кездесуде тараптар 2017 жылдан бері Қазақстанның Бас прокуратурасы мен БҰҰ ЕҚБ арасында Меморандум аясында жүзеге асырылып келе жатқан әріптестіктің нәтижелерін атап өтті. Осы кезеңде терроризм мен экстремизмге, есірткінің заңсыз айналымына, адам саудасына, қылмыстық кірістерді жылыстатуға және киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бағыттарында өзара тәжірибе алмасу жолға қойылған.

Ынтымақтастық аясында Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының базасында Орталық Азиядағы жаһандық қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл жөніндегі Өңірлік хаб құрылды.

БҰҰ ЕҚБ қолдауымен осы уақытқа дейін 150-ден астам оқу іс-шарасы өткізілген. Оларға ТМД елдерінің 4,5 мыңнан астам құқық қорғау органдарының қызметкері қатысып, біліктілігін арттырды.

Кездесуде Бас прокуратура жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің базасында жұмыс істейтін Таргетинг-орталығының қызметіне де ерекше назар аударылды. Орталық есірткі, прекурсорлар мен жаңа психобелсенді заттардың заңсыз айналымына, сондай-ақ олармен байланысты трансұлттық қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимылға бағытталған.

Сонымен қатар тараптар киберқылмыстың, соның ішінде интернет-алаяқтық пен интернет-наркобизнестің таралуына байланысты қауіптерді талқылады. Бұл бағытта қылмыстық тәуекелдерді ерте анықтау және алдын алу үшін цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану мәселесі көтерілді.

Бас прокуратураның Қылмыстық қауіп-қатерлерді болжау орталығының жасанды интеллект арқылы қылмыстық тәуекелдерді ерте анықтау және алдын алу әлеуетін пайдалану жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.

Сондай-ақ құқық қорғау органдары қызметкерлерінің цифрлық технологиялар саласындағы кәсіби дағдыларын жетілдіру қажеттігі атап өтілді. Атап айтқанда, цифрлық дәлелдемелермен, криптоактивтермен және заманауи талдау құралдарымен жұмыс істеу дағдыларын дамыту көзделіп отыр.

Осыған байланысты тараптар Құқық қорғау органдары академиясының базасында мамандарды даярлауға арналған бірлескен ведомствоаралық оқу-талдау орталығын құру мүмкіндігін пысықтауға келісті.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен БҰҰ өзара қызығушылық тудыратын бағыттардың барлығында ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және бірлескен жұмыстың жаңа тетіктерін қалыптастыруға уағдаласты.

Ілмек: БҰҰКиберқылмысҚазақстанНаркобизнес
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Қоғамдық ұйымның атауы емес, атқаратын нақты ісі маңызды

Қоғамдық ұйымның атауы емес, атқаратын нақты ісі маңызды

Автор: adym
24.09.2026
0

ADYM.KZ / Мемлекеттік тапсырыс, азаматтық қоғам және қоғамдық бақылау мәселелеріне салғырт қарамау керектігін Мемлекет басшысы Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясының негізгі отырысында айрықша атап өтті. Мәселенің мәнісін тарқатып...

Қазақстанда сұранысқа ие 174 мамандық анықталады

Қазақстанда сұранысқа ие 174 мамандық анықталады

Автор: adym
08.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстанда технологиялар мен жасанды интеллекттің дамуына байланысты еңбек нарығындағы бірқатар мамандықтың жойылуы немесе өзгеруі мүмкін. Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек...

Ұлытауда геологиялық кластер толық циклді зерттеу жүйесін қалыптастырады

Ұлытауда геологиялық кластер толық циклді зерттеу жүйесін қалыптастырады

Автор: adym
05.09.2026
0

ADYM.KZ / Ұлытау облысында 36 мың шаршы шақырым аумақты қамтитын кешенді геологиялық зерттеулер жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан аумағының геологиялық зерттелу деңгейін арттыру жөніндегі...

Ауыл тұрғындарына медициналық көмек қалай көрсетіліп жатыр? Телемедицина мүмкіндігі кеңейді

Ауыл тұрғындарына медициналық көмек қалай көрсетіліп жатыр? Телемедицина мүмкіндігі кеңейді

Автор: adym
03.09.2026
0

ADYM.KZ / 2026 жылдың басынан бері Қазақстанда 2,1 млн-нан астам адамға қашықтан медициналық қызмет көрсетілді. Оның 39 пайызы – ауыл тұрғындары. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі...

Келесі
Қымбат Ахмет қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан кубогында топ жарды

Қымбат Ахмет қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан кубогында топ жарды

Ұсынамыз

Маңғыстаудың жерасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енуі мүмкін

Маңғыстаудың жерасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енуі мүмкін

20.07.2026
Жапония төрінде қазақстандық каратэшілер қос жүлде еншіледі

Жапония төрінде қазақстандық каратэшілер қос жүлде еншіледі

23.07.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.