AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Ханчжоуда Қазақстанның көшпелілер мәдениетіне арналған көрме ашылды

25.07.2026
Санаты: Мәдениет
Ханчжоуда Қазақстанның көшпелілер мәдениетіне арналған көрме ашылды

ADYM.KZ / Қытайдың Ханчжоу қаласындағы Чжэцзян провинциялық музейінде Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің «Ұлы дала көшпелілерінің мәдениеті» атты халықаралық көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Көрмеде Қазақстан аумағын мекендеген ежелгі және ортағасырлық көшпелі халықтардың тарихы мен мәдениетін таныстыратын 279 бірегей археологиялық жәдігер көпшілік назарына ұсынылған.

Ашылу рәсіміне Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Нұрлан Аққошқаров, Бейжіңдегі Қазақ мәдени орталығының өкілдері, ҚР Ұлттық музейінің басшылығы, Қытай музейлерінің директорлары, ғалымдар, археологтар мен мәдениеттанушылар қатысты.

Экспозиция үш тақырыптық бөлімнен тұрады. Онда қола дәуірінен бастап орта ғасырға дейінгі кезеңді қамтитын зергерлік бұйымдар, қару-жарақ, еңбек құралдары, керамика, торевтика және көне мата үлгілері қойылған. Сондай-ақ сақ, үйсін, ғұн, қаңлы және түркі тайпаларының мәдени мұрасы мен Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалардың даму тарихы таныстырылады.

Көрменің басты экспонаттарының қатарында Есік қорғанынан табылған «Алтын адамның» реконструкциясы, Қаңлы мемлекетінің ақсүйек әйелі мен ғұн жауынгерінің бейнелері бар. Бұдан бөлек, Шілікті қорғанынан, Жалаулы және Қарғалы қазыналарынан табылған алтын бұйымдар, Арыс өзені аңғары мен Күлтөбе қалашығынан алынған археологиялық олжалар, XIII–XIV ғасырларға жататын жібек маталардың бөліктері де көрермен назарына ұсынылған.

Көрменің ашылуы аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі мен Чжэцзян провинциялық музейі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуді, Ұлы Жібек жолының тарихи ескерткіштерін зерделеуді, тәжірибе алмасуды және археологиялық экспедициялар ұйымдастыруды көздейді.

Жоба Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени ынтымақтастық аясында және екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың 35 жылдығына орай ұйымдастырылды.

«Ұлы дала көшпелілерінің мәдениеті» көрмесі Чжэцзян провинциялық музейінде 2026 жылдың 11 қазанына дейін жалғасады.

Ілмек: Археологиялық жәдігерлерҰлы дала көшпелілерінің мәдениетіХанчжоу
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Кітапхана мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал іске қосылды

Кітапхана мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал іске қосылды

Автор: adym
08.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Кітапханалар Одағы кітапхана ісі мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал – kitaphanalarodagy.kz ресурсын іске қосты. Жаңа платформада кітапхана саласына қатысты заңнамалық және нормативтік құжаттар, әдістемелік әрі...

Астанада Ахмет Байтұрсынұлының портреті 5 мың шегемен жасалды

Астанада Ахмет Байтұрсынұлының портреті 5 мың шегемен жасалды

Автор: adym
05.09.2026
0

ADYM.KZ / Астанада Ахмет Байтұрсынұлының 154 жылдығына орай №48 мектеп-лицейінің жас педагогтері ерекше шығармашылық жоба жүзеге асырды. Ұстаздар ұлт ұстазының портретін String art технологиясымен жасап шықты. Көлемі 3×2...

Президент Мәдениет және ақпарат министрлігінің алдына жаңа міндеттер қойды

Президент Мәдениет және ақпарат министрлігінің алдына жаңа міндеттер қойды

Автор: adym
04.09.2026
0

ADYM.KZ / Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевты қабылдады. Кездесу барысында ведомство жұмысының негізгі басымдықтары талқыланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады....

Түркістан облысының креаторлары Астанада 21 млн теңгенің өнімін сатты

Түркістан облысының креаторлары Астанада 21 млн теңгенің өнімін сатты

Автор: adym
31.08.2026
0

ADYM.KZ / Астанада Creative Aimaq республикалық жобасы аясында Түркістан облысының креативті индустрия өкілдерінің жәрмеңкесі өтті. Екі күнге созылған шара барысында өңірден келген 50 креатор өз өнімдері мен шығармашылық...

Келесі
Әлем чемпионы атанған Испания футболшыларына салық салынды

Әлем чемпионы атанған Испания футболшыларына салық салынды

Ұсынамыз

Жаңа салық жүйесі құжаттарды өңдеу мерзімін 10 есе жеделдетті

Жаңа салық жүйесі құжаттарды өңдеу мерзімін 10 есе жеделдетті

15.06.2026
Қазақстанда ипотека бойынша жаңа талаптарды енгізу 2027 жылға шегерілді

Қазақстанда ипотека бойынша жаңа талаптарды енгізу 2027 жылға шегерілді

12.06.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.