AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Петропавлда «Хроникадан болашаққа» деректі кино апталығы өтті

24.07.2026
Санаты: Мәдениет
Петропавлда «Хроникадан болашаққа» деректі кино апталығы өтті

ADYM.KZ / Петропавл қаласында ҚР Президенті Телерадиокешенінің 30 жылдығына арналған «Хроникадан болашаққа» республикалық кинолекторийі өтті. Екі күнге созылған ағартушылық жоба аясында көрермендерге Қазақстан тарихындағы маңызды кезеңдер, азаматтық жауапкершілік және ел дамуына үлес қосқан тұлғалардың тағдыры туралы деректі фильмдер ұсынылды.

Президент Телерадиокешенінің Деректі кино орталығы ұйымдастырған жоба еліміздің солтүстік өңірлерінде де үлкен қызығушылыққа ие болды. Петропавл тұрғындарына көрсетілген туындылар қоғамдағы өзекті мәселелерді, тарихи оқиғаларды және қарапайым адамдардың өмір жолын жаңа қырынан таныстырды.

Солтүстік Қазақстан облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Динара Бүркітәлімова кинолекторийдің өңір үшін маңызын атап өтті.

— Бұл жоба қазақстандықтар үшін өте маңызды. Ол көрермендерді еліміздің тарихымен, мәдениетімен және жетістіктерімен таныстырып, тарихи жадыны сақтауға әрі патриоттық құндылықтарды нығайтуға ықпал етеді. Президент Телерадиокешені — Тәуелсіз Қазақстанның шежіресін жасап келе жатқан бірегей шығармашылық орталық, — деді ол.

Кинолекторий барысында көрермен назарына «Қуатты серіктес», «Құлалы аралының адамы», «Travel Kazakhstan» және «Апорт» фильмдері ұсынылды.

Фильмдерде Қазақстанның сыртқы саясаты, ел тарихындағы маңызды оқиғалар, табиғи және мәдени мұра, сондай-ақ түрлі салада еңбек етіп жүрген азаматтардың тағдыры баяндалады. Куәгерлердің сұхбаттары арқылы берілген оқиғалар көрерменге жақын әрі түсінікті форматта ұсынылды.

«Қуатты серіктес» фильмі Қазақстан мен Жапония арасындағы стратегиялық әріптестіктің дамуына арналса, «Апорт» туындысында ұлттық мақтанышқа айналған жемістің тарихы мен оны қайта жаңғырту жұмыстары көрсетілген.

Петропавл тұрғыны Айтбек Еслямбекұлы «Апорт» фильмінен ерекше әсер алғанын айтты. Оның сөзінше, бұл жеміс көптеген қазақстандықтың балалық және жастық шағымен байланысты.

— Апорттың қайталанбас дәмі әлі күнге дейін есімде. Бұл — біздің ұлттық мақтанышымыз. Фильмнен оны сақтап қалу және қайта дамыту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатқанын білдім, — деді ол.

Бағдарламадағы тағы бір ерекше туынды — Каспий теңізіндегі Құлалы аралында орналасқан гидрометеорологиялық станция басшысы Петр Лупенковтың өмірі мен еңбегін баяндайтын «Құлалы аралының адамы» фильмі болды.

Көрсетілімнен кейін көрермендер фильмдердің түсірілу барысы, шығармашылық шешімдер мен кейіпкерлермен жұмыс істеу ерекшеліктері туралы сұрақтарын қойды. Оларға Президент Телерадиокешенінің Деректі фильмдер орталығының аға редакторы, сценарист Эльмира Ішмұхаметова және режиссер Бахтияр Канафин жауап берді.

Эльмира Ішмұхаметова көрермендердің деректі фильмдерге қызығушылығы шығармашылық топ үшін үлкен баға екенін атап өтті.

— Көрермендерді көбіне кадр сыртында қалған дүниелер қызықтырады. Олар түсірілім барысы, кейіпкерлермен жұмыс істеу жайын сұрайды. Біз әр фильм арқылы еліміздің құндылықтарын, адамдардың еңбегін және өмірлік ұстанымдарын көрсетуге тырысамыз, — деді ол.

«Хроникадан болашаққа» жобасы ел тарихын, мәдени мұраны және замандастар тағдырын деректі кино тілі арқылы таныстырып, көрермендерге өткенді бағалап, болашаққа көз жүгіртуге мүмкіндік берді.

Ілмек: Деректі киноПрезидент ТелерадиокешеніСолтүстік Қазақстан облысы
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Кітапхана мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал іске қосылды

Кітапхана мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал іске қосылды

Автор: adym
08.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Кітапханалар Одағы кітапхана ісі мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал – kitaphanalarodagy.kz ресурсын іске қосты. Жаңа платформада кітапхана саласына қатысты заңнамалық және нормативтік құжаттар, әдістемелік әрі...

Астанада Ахмет Байтұрсынұлының портреті 5 мың шегемен жасалды

Астанада Ахмет Байтұрсынұлының портреті 5 мың шегемен жасалды

Автор: adym
05.09.2026
0

ADYM.KZ / Астанада Ахмет Байтұрсынұлының 154 жылдығына орай №48 мектеп-лицейінің жас педагогтері ерекше шығармашылық жоба жүзеге асырды. Ұстаздар ұлт ұстазының портретін String art технологиясымен жасап шықты. Көлемі 3×2...

Президент Мәдениет және ақпарат министрлігінің алдына жаңа міндеттер қойды

Президент Мәдениет және ақпарат министрлігінің алдына жаңа міндеттер қойды

Автор: adym
04.09.2026
0

ADYM.KZ / Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевты қабылдады. Кездесу барысында ведомство жұмысының негізгі басымдықтары талқыланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады....

Түркістан облысының креаторлары Астанада 21 млн теңгенің өнімін сатты

Түркістан облысының креаторлары Астанада 21 млн теңгенің өнімін сатты

Автор: adym
31.08.2026
0

ADYM.KZ / Астанада Creative Aimaq республикалық жобасы аясында Түркістан облысының креативті индустрия өкілдерінің жәрмеңкесі өтті. Екі күнге созылған шара барысында өңірден келген 50 креатор өз өнімдері мен шығармашылық...

Келесі
29 шілдеде Астанада «Болашақ ойындары — 2026» халықаралық турнирі басталады

29 шілдеде Астанада «Болашақ ойындары — 2026» халықаралық турнирі басталады

Ұсынамыз

Қазақстан құрамасы Тайбэйдегі дзюдодан Азия кубогын үздік үштікте аяқтады

Қазақстан құрамасы Тайбэйдегі дзюдодан Азия кубогын үздік үштікте аяқтады

12.07.2026
Мемлекет басшысы  Құрылтай депутаттарының сайлауын 23 тамызға тағайындады

Мемлекет басшысы Құрылтай депутаттарының сайлауын 23 тамызға тағайындады

01.07.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.