AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Жаңа оқу жылынан бастап мектептерде не өзгереді?

22.06.2026
Санаты: Басты, Қоғам
Жаңа оқу жылынан бастап мектептерде не өзгереді?

ADYM.KZ / 2026-2027 оқу жылынан бастап қазақстандық мектептерде бірқатар маңызды өзгерістер күшіне енеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев педагог мәртебесі, білім беру, денсаулық сақтау және бала құқықтарын қорғау мәселелеріне қатысты заңға қол қойды.

Заң ресми жарияланған күннен кейін 60 күн өткен соң күшіне енеді. Соған сәйкес жаңа нормалардың басым бөлігі алдағы оқу жылында қолданыла бастайды.

Жаңа өзгерістердің бірі – мұғалімдердің жауапкершілік шегін нақтылау. Енді педагогтер мен білім беру ұйымдарының басшылары оқушылармен болған оқыс оқиғалар үшін тек кәсіби қызметін атқару кезеңінде және қызметтік міндеттерін орындау барысында ғана жауап береді.

Сонымен қатар мектептерде ұялы телефон қолданудың бірыңғай тәртібі енгізіледі. Білім саласындағы уәкілетті орган оқушылардың мобильді құрылғыларды пайдалану қағидаларын әзірлеп, бекітеді. Оның нақты тетіктері кейін жеке құжатта айқындалады.

Заң аясында ата-аналардың жауапкершілігі де кеңейтілді. Бұған дейін олар баланың тәрбиесі мен дамуына жауапты болса, енді баланың өмірі, денсаулығы және қауіпсіздігі үшін де тікелей жауап береді.

Сондай-ақ оқушылардың міндеттері толықтырылды. Енді білім алушылар педагогтердің заңмен қорғалатын құқықтары мен заңды мүдделерін құрметтеуге міндетті болады. Бұл норма мұғалім мәртебесін нығайтып, мектептегі тәртіпті күшейтуге бағытталған.

Заңда олимпиада, ғылыми жоба, шығармашылық және кәсіби шеберлік байқауларының республикалық және өңірлік деңгейдегі жеңімпаздарын қолдау шаралары да қарастырылған. Мемлекет олардың халықаралық жарыстарға қатысуына қаржылық қолдау көрсетеді.

Осылайша жаңа заң білім беру жүйесіндегі жауапкершілік пен тәртіпті күшейтіп, дарынды оқушыларды қолдаудың қосымша тетіктерін енгізуді көздейді.

Ілмек: Білім беруЖаңа оқу жылыМектепӨзгеріс
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Қоғамдық ұйымның атауы емес, атқаратын нақты ісі маңызды

Қоғамдық ұйымның атауы емес, атқаратын нақты ісі маңызды

Автор: adym
24.09.2026
0

ADYM.KZ / Мемлекеттік тапсырыс, азаматтық қоғам және қоғамдық бақылау мәселелеріне салғырт қарамау керектігін Мемлекет басшысы Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясының негізгі отырысында айрықша атап өтті. Мәселенің мәнісін тарқатып...

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

Автор: adym
22.09.2026
0

2026 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесіне қатысты екі Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақордаға сілтеме жасап. Бірінші Жарлықпен Қазақстан...

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Автор: adym
19.09.2026
0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жастармен және экобелсенділермен бірге Астанадағы Президент саябағының аумағына ағаш отырғызды, - деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақорданың баспасөз...

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындады. Өнеркәсіп, энергетика, критикалық минералдар, көлік-логистика, жасанды интеллект және жаңа технологиялар...

Келесі
Түркістан облысы Орталық Азияның жаңа тау туризмі орталығына айналуға жақын

Түркістан облысы Орталық Азияның жаңа тау туризмі орталығына айналуға жақын

Ұсынамыз

Еңбек министрлігі: Бос жұмыс орындары Enbek.kz сайтына бес күн ішінде жариялануы керек

Еңбек министрлігі: Бос жұмыс орындары Enbek.kz сайтына бес күн ішінде жариялануы керек

31.08.2026
Қазақстандық теннисшілер Астанадағы ITF турнирінің финалына жолдама алды

Қазақстандық теннисшілер Астанадағы ITF турнирінің финалына жолдама алды

11.07.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.