AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Ясауи іліміне қатысты сирек қолжазба Ресей мемлекеттік кітапханасынан анықталды

23.07.2026
Санаты: Мәдениет
Ясауи іліміне қатысты сирек қолжазба Ресей мемлекеттік кітапханасынан анықталды

ADYM.KZ / «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының Ясауитану ғылыми орталығының ғалымдары Ресей мемлекеттік кітапханасының қорынан XVII ғасырға жататын, Ясауи тариқатының тарихы мен рухани іліміне арналған сирек қолжазбаны анықтады.

Зерттеу жұмыстары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қожа Ахмет Ясауи мұрасын жан-жақты зерттеу және кеңінен насихаттау жөніндегі тапсырмасы, сондай-ақ Үкімет бекіткен Ясауитану саласын дамыту жоспары аясында жүргізіліп жатыр.

Мәскеуге ұйымдастырылған ғылыми экспедиция барысында табылған «Хужжат әз-Закирин ли-радд әл-Мункирин» («Зікірді терістеушілерге қарсы зікір етушілердің дәлелі») атты еңбек Бұхарада жазылған. Мамандардың айтуынша, бұл туынды Ясауи мектебінің тарихы мен рухани дәстүрін танытатын маңызды жазба дереккөздердің бірі саналады.

Қолжазбада сопылық ілім, жария зікір дәстүрі және рухани сабақтастық мәселелері кеңінен баяндалған. Сонымен қатар еңбекте Қожа Ахмет Ясауиден бастау алып, Хакім ата, Зеңгі ата және тариқаттың кейінгі өкілдеріне жалғасқан рухани шежіреге қатысты құнды мәліметтер қамтылған.

Қазір ғалымдар қолжазбаның ғылыми сипаттамасын әзірлеу үстінде. Алдағы кезеңде оның мәтіні белгілі нұсқалармен салыстырылып, мәтінтанулық сараптама жүргізіледі. Зерттеу қорытындылары ғылыми айналымға енгізіледі.

Еске салайық, бұған дейін Қожа Ахмет Ясауи мұрасына арналған екі кітап төрт тілде жарық көрген болатын.

Ілмек: КітапҚожа Ахмет ЯсауиМәдениетМузейШежіре
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Кітапхана мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал іске қосылды

Кітапхана мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал іске қосылды

Автор: adym
08.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Кітапханалар Одағы кітапхана ісі мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал – kitaphanalarodagy.kz ресурсын іске қосты. Жаңа платформада кітапхана саласына қатысты заңнамалық және нормативтік құжаттар, әдістемелік әрі...

Астанада Ахмет Байтұрсынұлының портреті 5 мың шегемен жасалды

Астанада Ахмет Байтұрсынұлының портреті 5 мың шегемен жасалды

Автор: adym
05.09.2026
0

ADYM.KZ / Астанада Ахмет Байтұрсынұлының 154 жылдығына орай №48 мектеп-лицейінің жас педагогтері ерекше шығармашылық жоба жүзеге асырды. Ұстаздар ұлт ұстазының портретін String art технологиясымен жасап шықты. Көлемі 3×2...

Президент Мәдениет және ақпарат министрлігінің алдына жаңа міндеттер қойды

Президент Мәдениет және ақпарат министрлігінің алдына жаңа міндеттер қойды

Автор: adym
04.09.2026
0

ADYM.KZ / Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевты қабылдады. Кездесу барысында ведомство жұмысының негізгі басымдықтары талқыланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады....

Түркістан облысының креаторлары Астанада 21 млн теңгенің өнімін сатты

Түркістан облысының креаторлары Астанада 21 млн теңгенің өнімін сатты

Автор: adym
31.08.2026
0

ADYM.KZ / Астанада Creative Aimaq республикалық жобасы аясында Түркістан облысының креативті индустрия өкілдерінің жәрмеңкесі өтті. Екі күнге созылған шара барысында өңірден келген 50 креатор өз өнімдері мен шығармашылық...

Келесі
Елорда аспанында алғаш рет eVTOL аэротаксиі сынақтан өткізіледі

Елорда аспанында алғаш рет eVTOL аэротаксиі сынақтан өткізіледі

Ұсынамыз

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

19.09.2026
Вьетнамға сапарлайсыз ба? Елде жаңа электронды тіркеу платформасы пайда болды

Вьетнамға сапарлайсыз ба? Елде жаңа электронды тіркеу платформасы пайда болды

19.06.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.