ADYM.KZ / Қазақстандық мерген Валат Мусаев нысанаға оқ атудан өтіп жатқан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алып, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы атанды.
Отандасымыз 10 метр қашықтықтан қозғалмалы нысанаға оқ атудың аралас жаттығу бағдарламасында үздік нәтиже көрсетті.
Күміс медальді Оңтүстік Корея өкілі Чэхён Бэ иеленсе, қола жүлде финляндиялық Уильям Эрик Вилькманға бұйырды.
Айта кетейік, әлем чемпионаты 26 шілдеде мәресіне жетеді.








