AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Ұлттық банк: Ресейдегі жағдай теңге бағамына айтарлықтай әсер етпейді

30.06.2026
Санаты: Экономика
Ұлттық банк: Ресейдегі жағдай теңге бағамына айтарлықтай әсер етпейді

ADYM.KZ / Қазақстан Ұлттық банкі Ресейдегі экономикалық ахуалды жіті бақылап отырғанымен, қазіргі жағдайда теңге бағамының әлсіреуіне немесе ақша-кредит саясатын шұғыл өзгертуге негіз жоқ. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін журналистерге Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді.

Оның айтуынша, Ресей – Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің бірі болғандықтан, көрші елдегі инфляцияның жеделдеуі мен логистикалық шектеулердің күшеюі белгілі бір деңгейде Қазақстан экономикасына да әсер етуі мүмкін.

«Ресеймен экспорт пен импорт көлемі өте үлкен. Егер көрші елде инфляция күшейіп, баға өссе, оның әсері бізге де сезілуі ықтимал. Алайда бұл өзгерістердің нақты қандай тауарларға және қандай деңгейде ықпал ететінін дәл қазір болжау мүмкін емес. Ресейдің өзінде де бұл мәселеге қатысты нақты болжам жасалып отырған жоқ», – деді Тимур Сүлейменов.

Ұлттық банк төрағасы реттеуші орган барлық макроэкономикалық көрсеткіштерді тұрақты түрде талдап отырғанын айтып, қандай да бір шешімдер нақты статистикалық мәліметтер мен экономикалық үдерістердің даму қарқынына сүйене отырып қабылданатынын жеткізді.

Сонымен қатар ол Ресейдегі қазіргі жағдай теңге бағамына елеулі қысым түсірмейді деген пікір білдірді.

«Экономикамыздың іргелі көрсеткіштері тұрақты. Биыл төлем балансы аздаған профицитпен немесе нөлге жуық деңгейде қалыптасады деп күтіп отырмыз. Бұл еліміздегі валюта нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ететін маңызды факторлардың бірі», – деді Ұлттық банк басшысы.

Тимур Сүлейменов инфляциялық тәуекелдерді де асыра бағаламауға шақырды. Оның айтуынша, елімізде егін жинау науқаны жүріп жатыр және ішкі нарық негізгі азық-түлік өнімдерімен жеткілікті деңгейде қамтамасыз етілген. Сондықтан қазіргі жағдайда бағаның күрт өсуіне алғышарттар байқалмайды.

Ілмек: Қазақстан Ұлттық банкіРесейЭкспорт пен импорт
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында ел Президенті Ли Чжэ Мёңмен шағын құрамда келіссөз жүргізді. Кездесуде екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту, инвестициялық жобаларды...

Қазақстан 6,6 млрд юань көлемінде панда-облигация шығарды

Қазақстан 6,6 млрд юань көлемінде панда-облигация шығарды

Автор: adym
08.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Қаржы министрлігі Қытайдың капитал нарығында жалпы көлемі 6,6 млрд юань болатын тәуелсіз панда-облигациялардың екінші шығарылымын сәтті орналастырды. Облигациялар үш және бес жылдық екі траншпен шығарылды....

Курчатовта 881 млрд теңгеге электр стансасы салынады

Курчатовта 881 млрд теңгеге электр стансасы салынады

Автор: adym
05.09.2026
0

ADYM.KZ / Үкімет Абай облысының Курчатов қаласында қуаты 700 МВт болатын конденсациялық электр стансасын салу жөніндегі инвестициялық келісімді мақұлдады. Жобаның құны – 881 млрд теңге. Тиісті қаулыға Премьер-министр...

Базалық мөлшерлеме төмендеді: Ұлттық банк инфляция бойынша жаңа болжамын жариялады

Базалық мөлшерлеме төмендеді: Ұлттық банк инфляция бойынша жаңа болжамын жариялады

Автор: adym
04.09.2026
0

ADYM.KZ / Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,25%-ға дейін төмендетті Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 16,25%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылдады. Мөлшерлеме +/- 1 пайыздық тармақ дәлізімен белгіленді. Бұл...

Келесі
Қазақстан мен Грузия жасанды интеллект пен логистика саласындағы ынтымақтастықты күшейтеді

Қазақстан мен Грузия жасанды интеллект пен логистика саласындағы ынтымақтастықты күшейтеді

Ұсынамыз

Шымкент: Жастардың кәсіби бағытын айқындауға басымдық берілуде

Шымкент: Жастардың кәсіби бағытын айқындауға басымдық берілуде

03.10.2026
Еліміздегі мектептерде 2025-2026 оқу жылы қалай қорытындыланды?

Еліміздегі мектептерде 2025-2026 оқу жылы қалай қорытындыланды?

25.05.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.