AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Қазақстандық әнші Ақерке Амалят «Славян базарында» бірінші орын иеленді

20.07.2026
Санаты: Мәдениет
Қазақстандық әнші Ақерке Амалят «Славян базарында» бірінші орын иеленді

ADYM.KZ /  Қазақстандық әнші Ақерке Амалят Витебск қаласында өткен XXXIV Халықаралық өнер фестивалі аясындағы «Славян базары» халықаралық эстрадалық ән орындаушылары байқауында бірінші орынға ие болды.

Байқаудың екі кезеңінің қорытындысы бойынша қазылар алқасы қазақстандық өнерпаздың өнеріне 134 ұпай берді. Осылайша ол жеңімпаз атанған Италия өкілі Сораядан небәрі бір ұпайға қалып қойды. Бас жүлде иегері 135 ұпай жинады.

– «Славян базары» байқауының сахнасына алғаш рет 15 жасымда шықтым. Бұл – ұзақ жолдың жемісі. Бірінші орын алғаныма және елге жеңіспен оралатыныма өте қуаныштымын, – деді Ақерке Амалят.

Екінші орынды Беларусь әншісі Елена Кузнецова мен Молдова өкілі Алексей Осичев өзара бөлісті. Ал үшінші орын Қырғызстаннан келген Нұрдоолот Деркембаев пен Грузия әншісі Важа Гаделияға бұйырды.

Биыл байқауда бас жүлде үшін 19 елдің өнерпаздары бақ сынады. Алғашқы кезеңде қатысушылар әлемдік хит әндерді фонограмма («минус 1») сүйемелдеуімен орындаса, екінші кезеңде Ұлттық Президент оркестрінің сүйемелдеуімен славян тіліндегі шығармаларды ұсынды.

Айта кетейік, «Витебскідегі Славян базары» халықаралық өнер фестивалі 1992 жылдан бері жыл сайын Беларусьтің Витебск қаласында өткізіліп келеді. Ол ТМД және Шығыс Еуропа кеңістігіндегі ең беделді мәдени форумдардың бірі саналады.

Ілмек: ӘншіБайқауҚазақстандық әнші Ақерке АмалятМәдениет
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Кітапхана мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал іске қосылды

Кітапхана мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал іске қосылды

Автор: adym
08.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Кітапханалар Одағы кітапхана ісі мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал – kitaphanalarodagy.kz ресурсын іске қосты. Жаңа платформада кітапхана саласына қатысты заңнамалық және нормативтік құжаттар, әдістемелік әрі...

Астанада Ахмет Байтұрсынұлының портреті 5 мың шегемен жасалды

Астанада Ахмет Байтұрсынұлының портреті 5 мың шегемен жасалды

Автор: adym
05.09.2026
0

ADYM.KZ / Астанада Ахмет Байтұрсынұлының 154 жылдығына орай №48 мектеп-лицейінің жас педагогтері ерекше шығармашылық жоба жүзеге асырды. Ұстаздар ұлт ұстазының портретін String art технологиясымен жасап шықты. Көлемі 3×2...

Президент Мәдениет және ақпарат министрлігінің алдына жаңа міндеттер қойды

Президент Мәдениет және ақпарат министрлігінің алдына жаңа міндеттер қойды

Автор: adym
04.09.2026
0

ADYM.KZ / Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевты қабылдады. Кездесу барысында ведомство жұмысының негізгі басымдықтары талқыланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады....

Түркістан облысының креаторлары Астанада 21 млн теңгенің өнімін сатты

Түркістан облысының креаторлары Астанада 21 млн теңгенің өнімін сатты

Автор: adym
31.08.2026
0

ADYM.KZ / Астанада Creative Aimaq республикалық жобасы аясында Түркістан облысының креативті индустрия өкілдерінің жәрмеңкесі өтті. Екі күнге созылған шара барысында өңірден келген 50 креатор өз өнімдері мен шығармашылық...

Келесі
Президент Бельгия Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Президент Бельгия Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Ұсынамыз

Есірткіге қарсы іс-қимыл: Шымкент жастарымен маңызды кездесу өтті

Есірткіге қарсы іс-қимыл: Шымкент жастарымен маңызды кездесу өтті

08.09.2026
Қазақстан балуандары Ұлан-Батырдағы халықаралық турнирде топ жарды

Қазақстан балуандары Ұлан-Батырдағы халықаралық турнирде топ жарды

08.06.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.