AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Трамп пен Нетаньяху арасындағы жанжал Ливан дағдарысына әсер етті

02.06.2026
Санаты: Саясат
ADYM.KZ / АҚШ Президенті Дональд Трамп пен Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяху арасындағы шиеленіс Израильдің Ливандағы әскери операцияларын кеңейту жоспарынан кейін шегіне жетті. Axios басылымының дереккөздері бұл телефондық келіссөзді екі лидердің мансабындағы ең ауыр әрі жанжалды сәт деп бағалады. 
АҚШ Президенті Дональд Трамп Нетаньяхудың Ливан астанасы Бейрутті бомбалау және әскер кіргізу туралы шешіміне қатты ашуланып, телефон арқылы балағат сөздермен айқайлаған:  «Сен жындысың»: Трамп Израиль премьерін «есінен алжасқан» (crazy) деп атап, Ливандағы бейбіт тұрғындардың жаппай қырылуы мен ғимараттардың қирауын қатаң сынады.
Сондай-ақ, Трамп: «Мен болмасам, түрмеде отырар едің», деп Нетаньяхуға өзінің бұған дейін көрсеткен саяси және дипломатиялық қолдауын ескертіп, жемқорлық істері бойынша түрмеден аман алып қалғанын ашық бетіне басқан.  АҚШ басшысы бұл агрессияның кесірінен халықаралық аренада Нетаньяхуды да, Израиль мемлекетін де бүкіл әлем жек көріп кеткенін айтты.
Трамп әкімшілігі қазіргі уақытта Иранмен соғысты тоқтату және Ормуз бұғазын қайта ашу бойынша өте маңызды бейбіт келісімдер жүргізіп жатыр. Израильдің Ливандағы «Хезболла» тобына соққы жасауы бұл келіссөздерді толықтай құрдымға жібере жаздады.
Нетаньяху Иран мен оның одақтастарын тек әскери күшпен басуды көздесе, Трамп бұл жағдайды тезірек дипломатиялық жеңіске айналдырып, соғысты тоқтатқысы келеді.
Қатты қысымнан кейін Нетаньяху райынан қайтуға мәжбүр болды. Трамп өзінің Truth Social желісінде Бейрутке ешқандай Израиль әскері кірмейтінін, ал бет алғандары кері қайтарылғанын жариялады. Сондай-ақ, делдалдар арқылы «Хезболламен» де атысты уақытша тоқтату туралы келісім жасалған. Бұл оқиға Таяу Шығыстағы негізгі шешімдерді әлі де Вашингтон қабылдайтынын көрсетті.
Ілмек: АҚШЖаңжалИзраильИранЛиванНетаньяхуТрамп
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

Автор: adym
22.09.2026
0

2026 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесіне қатысты екі Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақордаға сілтеме жасап. Бірінші Жарлықпен Қазақстан...

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Автор: adym
19.09.2026
0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жастармен және экобелсенділермен бірге Астанадағы Президент саябағының аумағына ағаш отырғызды, - деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақорданың баспасөз...

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындады. Өнеркәсіп, энергетика, критикалық минералдар, көлік-логистика, жасанды интеллект және жаңа технологиялар...

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында ел Президенті Ли Чжэ Мёңмен шағын құрамда келіссөз жүргізді. Кездесуде екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту, инвестициялық жобаларды...

Келесі
Ұялы байланыс операторы Қазақстандағы ең үздік интернет таратушы екенін сотта дәлелдей алмады

Ұялы байланыс операторы Қазақстандағы ең үздік интернет таратушы екенін сотта дәлелдей алмады

Ұсынамыз

Шымкентте мектеп түлектеріне кәсіби бағдар беру кездесулері өтті

Шымкентте мектеп түлектеріне кәсіби бағдар беру кездесулері өтті

08.10.2026
Шымкенттегі Индустриалды-техникалық колледжде «Ұлт діңгегі — берік отбасы» атты жастар тәрбиесіне арналған талқылау өтті

Шымкенттегі Индустриалды-техникалық колледжде «Ұлт діңгегі — берік отбасы» атты жастар тәрбиесіне арналған талқылау өтті

10.09.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.