AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Алты айда музей-қорықтарда 7,6 мыңнан астам экскурсия ұйымдастырылды

16.07.2026
Санаты: Мәдениет
Алты айда музей-қорықтарда 7,6 мыңнан астам экскурсия ұйымдастырылды

ADYM.KZ / 2026 жылдың алғашқы алты айында Қазақстандағы мемлекеттік музей-қорықтарға 784 122 адам келді. Осы кезеңде келушілер үшін 7 638 экскурсия ұйымдастырылып, 198 көрме өткізілді. Сонымен қатар ғылыми-зерттеу, реставрация және мәдени-ағартушылық бағыттағы бірқатар жоба жүзеге асырылды.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, музей-қорықтар мәдени туризмді дамытудағы маңызды орталықтардың бірі саналады. Олардың құрамына археологиялық ескерткіштер, тарихи орындар, мемориалдық кешендер және ашық аспан астындағы бірегей мәдени мұра нысандары кіреді.

Еліміздегі танымал музей-қорықтардың қатарында Ұлытаудағы Жошы хан мен Алаша хан кесенелері, Теректі әулие мен Әулиетау тарихи орындары, Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» музей-қорығы және Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, сондай-ақ көне петроглифтерімен белгілі Таңбалы музей-қорығы бар.

Экскурсиялық қызметпен қатар тарихи-мәдени мұраны сақтау бағытындағы жұмыстар да жүйелі жалғасып келеді. Алғашқы жартыжылдықта тарихи ескерткіштерде ғылыми зерттеулер жүргізіліп, реставрациялау және консервациялау жұмыстары атқарылды. Атап айтқанда, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде желдету шахталары тексеріліп, ескерткіш құрылымдарының беріктігін сақтауға бағытталған ғылыми зерттеулер жүзеге асырылды. Ал Сарайшық қалашығында ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүргізіліп, тарихи жерлеу орындары қалпына келтірілді.

Есепті кезеңде музей-қорықтар базасында 4 ғылыми конференция ұйымдастырылып, 4 ғылыми жоба іске асырылды. Сонымен қатар «Есік» және «Берел» музей-қорықтарының мамандары архив қорларын зерттеу мақсатында Түркия, Польша және Қытайда тағылымдамадан өтіп, халықаралық ғылыми экспедицияларға қатысты.

Жүргізілген ғылыми жұмыстардың нәтижесінде 9 ғылыми мақала жарық көрді. Оның ішінде халықаралық ғылыми базалар мен салалық басылымдарда жарияланған зерттеулер де бар. Сондай-ақ отандық және шетелдік серіктестермен 25 ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Музей-қорықтардың өкілдері Анкара, Сиань, Якутск және Астана қалаларында өткен халықаралық форумдарға қатысып, тарихи-мәдени мұраны сақтау және насихаттау бағытындағы тәжірибелерімен бөлісті. Бұдан бөлек, саладағы еңбегі үшін 10 қызметкер мемлекеттік наградамен марапатталды.

Ілмек: МәдениетМузейЭкскурсия
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Кітапхана мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал іске қосылды

Кітапхана мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал іске қосылды

Автор: adym
08.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Кітапханалар Одағы кітапхана ісі мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал – kitaphanalarodagy.kz ресурсын іске қосты. Жаңа платформада кітапхана саласына қатысты заңнамалық және нормативтік құжаттар, әдістемелік әрі...

Астанада Ахмет Байтұрсынұлының портреті 5 мың шегемен жасалды

Астанада Ахмет Байтұрсынұлының портреті 5 мың шегемен жасалды

Автор: adym
05.09.2026
0

ADYM.KZ / Астанада Ахмет Байтұрсынұлының 154 жылдығына орай №48 мектеп-лицейінің жас педагогтері ерекше шығармашылық жоба жүзеге асырды. Ұстаздар ұлт ұстазының портретін String art технологиясымен жасап шықты. Көлемі 3×2...

Президент Мәдениет және ақпарат министрлігінің алдына жаңа міндеттер қойды

Президент Мәдениет және ақпарат министрлігінің алдына жаңа міндеттер қойды

Автор: adym
04.09.2026
0

ADYM.KZ / Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевты қабылдады. Кездесу барысында ведомство жұмысының негізгі басымдықтары талқыланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады....

Түркістан облысының креаторлары Астанада 21 млн теңгенің өнімін сатты

Түркістан облысының креаторлары Астанада 21 млн теңгенің өнімін сатты

Автор: adym
31.08.2026
0

ADYM.KZ / Астанада Creative Aimaq республикалық жобасы аясында Түркістан облысының креативті индустрия өкілдерінің жәрмеңкесі өтті. Екі күнге созылған шара барысында өңірден келген 50 креатор өз өнімдері мен шығармашылық...

Келесі
ОСК Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның партиялық тізімін тіркеді

ОСК Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның партиялық тізімін тіркеді

Ұсынамыз

Comic Con Astana фестивалінің алғашқы жұлдызды қонақтары белгілі болды

Comic Con Astana фестивалінің алғашқы жұлдызды қонақтары белгілі болды

21.07.2026
Министрлік мәлімдемесі: Зейнетақы жинағын алуға арналған жаңа шек жақын күндері белгілі болады

Министрлік мәлімдемесі: Зейнетақы жинағын алуға арналған жаңа шек жақын күндері белгілі болады

02.06.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.