AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Шымкентте жастарға діни сауаттылық жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді

10.11.2026
Санаты: Аймақ
Шымкентте жастарға діни сауаттылық жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді

ADYM.KZ / Шымкент қаласында жастардың діни сауаттылығын арттыру, интернет кеңістігіндегі ақпаратты дұрыс бағалау және түрлі теріс діни ағымдардың ықпалынан сақтандыру мақсатында кездесу өтті.

Шымкент қаласы Жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастырған «Ғаламтор – діни ұстаз емес» тақырыбындағы іс-шара М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің колледжінде білім алатын жастардың қатысуымен өтті.

Кездесуге Этносаралық қатынастарды талдау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің сарапшысы Маржан Әлібайқызы Бесбаева, Шымкент қаласы Дін істері басқармасы Дін мәселелерін зерттеу орталығы КММ-нің теолог маманы Рауан Мұхитұлы Қыпшақбаев және Жастар ресурстық орталығының маманы Жасұлан Шоханұлы Аязбек қатысты.

Жиында жастар арасындағы ұлтаралық татулық пен қоғамдық келісімді сақтау, діни танымды қалыптастыруда әлеуметтік желілердің ықпалы, сондай-ақ интернет арқылы таралатын күмәнді діни ақпараттар мен жат ағымдардың қаупі талқыланды.

Мамандар жастарға діни мәселелер бойынша ақпаратты кез келген интернет ресурсынан қабылдай бермеу керектігін түсіндірді. Әсіресе әлеуметтік желілерде жарияланатын бейнероликтер мен жазбалардың мазмұнына сын көзбен қарап, олардың дереккөзі мен авторына назар аудару маңызды екені айтылды. Діни сұрақтар туындаған жағдайда білікті теолог мамандардан және ресми діни мекемелерден кеңес алудың қажеттігі атап өтілді.

Сонымен қатар кездесуде өзге діни ағымдардың ықпалына түсудің алдын алу, жастардың сыни ойлау қабілетін дамыту және қоғамдағы өзара құрмет пен түсіністікті нығайту мәселелеріне басымдық берілді. Қатысушыларға тақырыпты тереңірек түсіндіру мақсатында арнайы бейнеролик көрсетілді.

Іс-шара барысында жастар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан жауап алды. Кері байланыс форматында өткен әңгіме қатысушыларға діни ақпаратты дұрыс ажыратып, интернеттегі мәліметтерге жауапкершілікпен қараудың маңызын түсінуге мүмкіндік берді.

Мұндай кездесулер жастардың діни сауатын арттыруға, ақпараттық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты сақтауға бағытталған.

Ілмек: діни сауаттылықЖастарШымкент
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Шымкентте жасөспірімдердің қауіпсіздігіне бағытталған түнгі рейд жүргізілді

Шымкентте жасөспірімдердің қауіпсіздігіне бағытталған түнгі рейд жүргізілді

Автор: adym
13.11.2026
0

ADYM.KZ / Шымкент қаласының Қаратау ауданы аумағында кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруінің алдын алу мақсатында рейдтік іс-шара ұйымдастырылды. Рейдтің негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы құқық...

Шымкентте Қазақстан Халық Кеңесінің қызметі мен қоғамдық келісімді нығайту мәселелері талқыланды

Шымкентте Қазақстан Халық Кеңесінің қызметі мен қоғамдық келісімді нығайту мәселелері талқыланды

Автор: adym
12.11.2026
0

ADYM.KZ / Шымкент қаласында Қазақстан Халық Кеңесінің өңірлік мүшелері мен қалалық этномәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті. Іс-шараға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері, этномәдени...

Жаңа тарихи кезеңнің бағыттары: Шымкентте Президент Жолдауы бойынша ауқымды ашық диалог өтті

Жаңа тарихи кезеңнің бағыттары: Шымкентте Президент Жолдауы бойынша ауқымды ашық диалог өтті

Автор: adym
10.11.2026
0

ADYM.KZ / 2026 жылғы 28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы жарияланғаннан кейін мегаполиске жұмыс сапарымен Құрылтай депутаттары, министрліктердің, Халық кеңесінің...

В Шымкенте прошли встречи по разъяснению жителям приоритетных направлений Послания Президента

В Шымкенте прошли встречи по разъяснению жителям приоритетных направлений Послания Президента

Автор: adym
10.11.2026
0

ADYM.KZ / В Шымкенте состоялся ряд встреч с целью разъяснения задач, обозначенных в Послании Главы государства, а также заслушивания предложений и мнений жителей. В мероприятиях приняли участие представители...

Келесі
В Шымкенте прошли встречи по разъяснению жителям приоритетных направлений Послания Президента

В Шымкенте прошли встречи по разъяснению жителям приоритетных направлений Послания Президента

Ұсынамыз

Президент Мәдениет және ақпарат министрлігінің алдына жаңа міндеттер қойды

Президент Мәдениет және ақпарат министрлігінің алдына жаңа міндеттер қойды

04.09.2026
Астанада ағза трансплантациясы туралы «4739» деректі фильмінің тұсаукесері өтті

Астанада ағза трансплантациясы туралы «4739» деректі фильмінің тұсаукесері өтті

22.07.2026

Көп оқылған

  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.