AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Жоғары аудиторлық палата бюджеттегі кемшіліктерді анықтады

15.07.2026
Санаты: Экономика
Жоғары аудиторлық палата бюджеттегі кемшіліктерді анықтады

ADYM.KZ / 2025 жылы республикалық бюджетке 730 млрд теңге көлемінде салық толық түспеген. Бұл туралы салықтық және кедендік әкімшілендірудің тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысында Жоғары аудиторлық палата мәлімдеді.

Аудит нәтижесіне сәйкес, есепті кезеңде республикалық бюджетке түсуі тиіс салықтық түсімдер жоспары 4,8 пайызға орындалмаған. Мемлекеттік аудиторлардың айтуынша, бұған негізгі себептердің бірі – салық түсімдерінің 1,3 трлн теңгеге артық жоспарлануы.

– Есепті кезеңде республикалық бюджетке түсетін салықтық түсімдер жоспары толық орындалмады. Түспеген қаражат көлемі 730 млрд теңгені немесе жоспардың 4,8 пайызын құрады. Бұған салық түсімдерінің шамадан тыс жоспарлануы әсер етті, – делінген Жоғары аудиторлық палатаның хабарламасында.

Аудит барысында соңғы төрт жылда қосымша есептелген салықтарға қатысты сот дауларының жартысынан астамы салық төлеушілердің пайдасына шешілгені анықталды. Бұған салық заңнамасының талаптарын сақтамау және тексеру актілерін рәсімдеу кезінде жіберілген қателіктер себеп болған.

Кедендік әкімшілендіру саласында да бірқатар заңбұзушылықтар тіркелді. Атап айтқанда, электр көліктеріне арналған жеңілдіктердің гибридті автокөліктерді импорттау кезінде де қолданылуы салдарынан бюджетке кемінде 70 млн теңге түспеген.

Сонымен қатар сыртқы экономикалық қызметтің 34 қатысушысы импорт кезінде қосылған құн салығын есепке жатқызу әдісін заңсыз пайдаланған. Соның нәтижесінде бюджетке импорттық ҚҚС бойынша 670 млн теңгеден астам қаражат түспей қалған.

Жоғары аудиторлық палатаның мәліметінше, аудит қорытындысы бойынша 2,7 млрд теңге көлемінде қаржылық бұзушылық анықталған. Сондай-ақ 33 рәсімдік бұзушылық пен 11 жүйелі кемшілік тіркелген.

Бұдан бөлек, аудит аяқ киім өнімдерін міндетті таңбалау жүйесінің мүмкіндігі толық пайдаланылмай отырғанын көрсетті. Осыған байланысты Мемлекеттік кірістер комитетіне мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылау және мониторинг жүргізу тетіктерін жетілдіру ұсынылды.

Ілмек: БюджетҚР Жоғарғы аудиторлық палатаСалықСыртқы экономика
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында ел Президенті Ли Чжэ Мёңмен шағын құрамда келіссөз жүргізді. Кездесуде екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту, инвестициялық жобаларды...

Қазақстан 6,6 млрд юань көлемінде панда-облигация шығарды

Қазақстан 6,6 млрд юань көлемінде панда-облигация шығарды

Автор: adym
08.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Қаржы министрлігі Қытайдың капитал нарығында жалпы көлемі 6,6 млрд юань болатын тәуелсіз панда-облигациялардың екінші шығарылымын сәтті орналастырды. Облигациялар үш және бес жылдық екі траншпен шығарылды....

Курчатовта 881 млрд теңгеге электр стансасы салынады

Курчатовта 881 млрд теңгеге электр стансасы салынады

Автор: adym
05.09.2026
0

ADYM.KZ / Үкімет Абай облысының Курчатов қаласында қуаты 700 МВт болатын конденсациялық электр стансасын салу жөніндегі инвестициялық келісімді мақұлдады. Жобаның құны – 881 млрд теңге. Тиісті қаулыға Премьер-министр...

Базалық мөлшерлеме төмендеді: Ұлттық банк инфляция бойынша жаңа болжамын жариялады

Базалық мөлшерлеме төмендеді: Ұлттық банк инфляция бойынша жаңа болжамын жариялады

Автор: adym
04.09.2026
0

ADYM.KZ / Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,25%-ға дейін төмендетті Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 16,25%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылдады. Мөлшерлеме +/- 1 пайыздық тармақ дәлізімен белгіленді. Бұл...

Келесі
Қазақстандық университеттердің ЖИ жобалары халықаралық қолдауға ие болды

Қазақстандық университеттердің ЖИ жобалары халықаралық қолдауға ие болды

Ұсынамыз

Қазақстан волейболшылары Жаңа Зеландияны жеңіп, топтық кезеңді түйіндеді

Қазақстан волейболшылары Жаңа Зеландияны жеңіп, топтық кезеңді түйіндеді

26.06.2026
Металлургия саласында Қазақстан мен Қытайдың жаңа бастамалары таныстырылды

Металлургия саласында Қазақстан мен Қытайдың жаңа бастамалары таныстырылды

22.07.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.