AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Қазақстандық университеттердің ЖИ жобалары халықаралық қолдауға ие болды

15.07.2026
Санаты: Технология
Қазақстандық университеттердің ЖИ жобалары халықаралық қолдауға ие болды

ADYM.KZ / Қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері әзірлеген жасанды интеллектке (ЖИ) негізделген инновациялық жобалар білім беру, өнеркәсіп, денсаулық сақтау және мемлекеттік басқару салаларына кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, AI-Sana бағдарламасының негізгі нәтижелерінің бірі – студенттер мен университеттік командалардың оқу жобаларын нақты секторда қолданылатын технологиялық өнімдерге айналдыруы. Қазір бірқатар жоба пилоттық кезеңнен өтіп, халықаралық серіктестер мен инвесторлардың қызығушылығын тудырған.

– AI-Sana бағдарламасына қатысушылар жасанды интеллект технологияларын меңгерумен қатар, түрлі салаларға арналған инновациялық шешімдер әзірлеуде. Бірқатар жоба пилоттық енгізу кезеңінен сәтті өтіп, халықаралық серіктестердің қолдауына және инвесторлардың қызығушылығына ие болды, – делінген министрлік хабарламасында.

Бағдарлама аясында Astana IT University күн панельдеріндегі ақауларды дрондардың көмегімен анықтайтын EnergyDronesAI жүйесін әзірледі. Жоба Shell компаниясының халықаралық грантын жеңіп алып, Қытайдағы халықаралық байқауда алтын медаль иеленді.

Ал Шығыс Қазақстан техникалық университеті шахталардағы қозғалысты бақылап, өндірістік қауіпсіздікті арттыруға арналған Smart Safety Monitor жүйесін жасап шығарды. Бұл жоба Дүниежүзілік банктің гранттық қолдауына ие болған.

Ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға арналған технологиялар да бағдарлама аясындағы маңызды бағыттардың бірі саналады. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ тіліндегі медиаконтентті автоматты түрде ымдау тіліне аударатын SignBridge AI жүйесін әзірледі. Қазіргі уақытта бұл технология «Jibek Joly» телеарнасының бағдарламаларында қолданылып келеді.

Сонымен қатар Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті SeoulTech филиалымен бірлесіп фишингтік шабуылдар мен цифрлық қауіптерден қорғауға арналған PhishGuard AI платформасын әзірлеуде. Қазір аталған жүйені прокуратура органдарының жұмысына енгізу мәселесі қарастырылып жатыр.

Ал Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Astana Hub-пен бірлесіп стартаптарды онлайн-инкубациялауға арналған AI Startify Incubator платформасын дамытуда.

Министрліктің мәліметінше, AI-Sana бағдарламасы қазақстандық студенттердің ғылыми әзірлемелерін нақты өндіріске енгізуге және жасанды интеллект технологияларын ел экономикасының түрлі саласында кеңінен қолдануға мүмкіндік беріп отыр.

Ілмек: ЖастарЖИ жасанды интеллектИнновациялық жобаларТехнология
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындады. Өнеркәсіп, энергетика, критикалық минералдар, көлік-логистика, жасанды интеллект және жаңа технологиялар...

Қазақстан мен Қытай жасанды интеллект және цифрлық экономика саласында бірлескен жобаларды арттырмақ

Қазақстан мен Қытай жасанды интеллект және цифрлық экономика саласында бірлескен жобаларды арттырмақ

Автор: adym
02.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңінде технологиялық ынтымақтастықтың маңызы арта түсуі мүмкін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің цифрлық экономика, жасанды интеллект, зияткерлік өндіріс...

Авторлық құқық цифрланады: Қазақстанда жаңа мобильді қосымша әзірленіп жатыр

Авторлық құқық цифрланады: Қазақстанда жаңа мобильді қосымша әзірленіп жатыр

Автор: adym
28.08.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстанда авторлар мен құқық иеленушілерге өз туындыларының пайдаланылуын және тиесілі сыйақы көлемін бақылауға мүмкіндік беретін мобильді қосымша іске қосылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте...

Билл Гейтс Си Цзиньпинмен ЖИ қауіптерін талқылауды жоспарлап отыр

Билл Гейтс Си Цзиньпинмен ЖИ қауіптерін талқылауды жоспарлап отыр

Автор: adym
27.08.2026
0

ADYM.KZ / Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс осы жылдың соңына қарай Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен кездесіп, жасанды интеллект саласындағы ықтимал қауіптерді азайту жөніндегі халықаралық шараларды...

Келесі
Президент қол қойған заң: Мәслихаттардың өкілеттігі кеңейді

Президент қол қойған заң: Мәслихаттардың өкілеттігі кеңейді

Ұсынамыз

Runway ML Rolls Out Gen-3 Alpha for Video Generation

23.04.2026
Абылайхан Жұбаназар Швейцариядағы Grand Slam турнирінде алтын медаль жеңіп алды

Абылайхан Жұбаназар Швейцариядағы Grand Slam турнирінде алтын медаль жеңіп алды

31.08.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.