AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

AMANAT съезінде «Әділет» партиясымен бірігу бастамасы жарияланды

12.06.2026
Санаты: Басты, Спорт
AMANAT съезінде «Әділет» партиясымен бірігу бастамасы жарияланды

АСТАНА. ADYM.KZ / AMANAT партиясының XXVI съезінде партияның алдағы даму бағыты талқыланып, AMANAT пен «Әділет» партияларын біріктіру бастамасы жарияланды. Съезге қатысушылар бұл қадамды қолдап, оның елдің стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыруға ықпал ететінін атап өтті.

Съезд барысында Саяси кеңес пен Орталық бақылау-тексеру комиссиясының қызмет қорытындылары қаралып, партия жұмысының алдағы басым бағыттары айқындалды.

Павлодар облыстық мәслихатының төрағасы Илья Теренченко жаңа Конституция Қазақстанның одан әрі дамуына берік құқықтық негіз қалыптастырғанын айтты. Оның пікірінше, реформалардың нәтижелі болуы оларды өңірлерде жүйелі әрі дәйекті іске асыруға байланысты. Сондай-ақ мемлекеттік институттар, саяси партиялар мен азаматтық қоғам күш-жігерін ортақ мақсаттарға жұмылдырудың маңызы зор екенін жеткізді.

Парламент Мәжілісіндегі партия фракциясының мүшесі Нұрсұлтан Байтілесов жүргізіліп жатқан реформалар жастарға жаңа мүмкіндіктер ашқанын атап өтті. Оның айтуынша, жастар бүгінде қоғамдық бастамалармен қатар заң шығару үдерісіне де белсенді қатысып келеді. Депутат жастарды елдегі саяси жаңғырудың негізгі қозғаушы күштерінің бірі ретінде бағалады.

Шығыс Қазақстан облыстық көпсалалы медициналық орталығының директоры әрі бастауыш партия ұйымының төрайымы Гүлмира Сағидуллина әлеуметтік және қайырымдылық жобаларды жүзеге асыру, отбасыларды, жастарды, ардагерлер мен ерекше қажеттілігі бар азаматтарды қолдау бағытындағы жұмыстар туралы баяндады.

Съезге қатысушылар реформаларды жалғастырудың, қоғамдық келісімді нығайтудың және мемлекет пен азаматтардың мүддесі жолында күш біріктірудің маңызын атап өтті. Сонымен қатар AMANAT партиясының «Әділет» партиясымен бірігуі жинақталған тәжірибені, кадрлық және қоғамдық әлеуетті тиімді пайдаланып, Әділетті әрі Прогрессивті Қазақстан құруға қосымша мүмкіндік беретіні айтылды.

Ілмек: AMANATCfӘділетСаяси партия
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ҚАЗАҚ ЕЛІ БАРДА ҚАЗАҚ ТІЛІ ТҰҒЫРДАН ТҮСПЕЙДІ»

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ҚАЗАҚ ЕЛІ БАРДА ҚАЗАҚ ТІЛІ ТҰҒЫРДАН ТҮСПЕЙДІ»

Автор: adym
10.11.2026
0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесі, қоғамдағы қолданыс аясы мен болашағы туралы пікір білдіріп, ана тіліміздің ел бірлігін нығайтудағы, ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі және Қазақстанның халықаралық беделін...

ИНФЛЯЦИЯНЫ ТЕЖЕУ, ҚАРЖЫ РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ЖАҢА АЗАМАТТЫҚ КОДЕКС: ПРЕЗИДЕНТ ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕФОРМАЛАРДЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫН БЕЛГІЛЕДІ

ИНФЛЯЦИЯНЫ ТЕЖЕУ, ҚАРЖЫ РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ЖАҢА АЗАМАТТЫҚ КОДЕКС: ПРЕЗИДЕНТ ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕФОРМАЛАРДЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫН БЕЛГІЛЕДІ

Автор: adym
28.10.2026
0

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында макроэкономикалық тұрақтылықты нығайту, халықтың табысын арттыру, қаржы жүйесінің мүмкіндіктерін экономиканы дамытуға бағыттау және құқықтық...

ҚАЗАҚСТАН ЦИФРЛЫҚ ЭКОНОМИКА МЕН АУҚЫМДЫ ҚҰРЫЛЫС АРҚЫЛЫ ЖАҢА ДАМУ КЕЗЕҢІНЕ ҚАДАМ БАСАДЫ

ҚАЗАҚСТАН ЦИФРЛЫҚ ЭКОНОМИКА МЕН АУҚЫМДЫ ҚҰРЫЛЫС АРҚЫЛЫ ЖАҢА ДАМУ КЕЗЕҢІНЕ ҚАДАМ БАСАДЫ

Автор: adym
28.10.2026
0

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында жасанды интеллект негізіндегі цифрлық экономиканы қалыптастыру, өңірлердің инфрақұрылымын жаңғырту және мемлекеттік басқару сапасын арттыру...

ҚАЗАҚСТАНДА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖҮЙЕСІ ЖЕТІЛДІРІЛІП, ОРТА БИЗНЕСТІ ДАМЫТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ

ҚАЗАҚСТАНДА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖҮЙЕСІ ЖЕТІЛДІРІЛІП, ОРТА БИЗНЕСТІ ДАМЫТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ

Автор: adym
28.10.2026
0

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында инвестиция тарту тетіктерін жетілдіру және шағын және орта бизнестің әлеуетін арттыру мәселелеріне тоқталды. Мемлекет...

Келесі
1 шілдеден бастап «теңгеге» қатысты не өзгереді?

1 шілдеден бастап «теңгеге» қатысты не өзгереді?

Ұсынамыз

Шымкент жастары театрдың сахна сыртындағы тыныс-тіршілігімен танысты

Шымкент жастары театрдың сахна сыртындағы тыныс-тіршілігімен танысты

17.09.2026
Таяу Шығыс алпауыттары Каспий транзитін өз бақылауына алуды көздейді

Таяу Шығыс алпауыттары Каспий транзитін өз бақылауына алуды көздейді

25.05.2026

Көп оқылған

  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    595 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.