AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

10-нан астам елдің студенттері қатысқан халықаралық жазғы мектеп өз мәресіне жетті

15.07.2026
Санаты: Мәдениет
10-нан астам елдің студенттері қатысқан халықаралық жазғы мектеп өз мәресіне жетті

ADYM.KZ / Астанада «AIU 2026 – Елорда жүрегінде» халықаралық жазғы мектебінің жабылу рәсімі өтті. Осыған орай Астана Халықаралық университетінде жобаның қорытынды іс-шарасы ұйымдастырылды.

Салтанатты рәсім барысында әлемнің 10-нан астам елінен келген студенттер ұлттық киімдерін таныстырып, өз елдерінің мәдениеті туралы баяндады. Сонымен қатар жобаға қатысушылар мен шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің өкілдері халықаралық жазғы мектептің маңыздылығына тоқталып, алған әсерлерімен бөлісті. Ұйымдастырушылар бұл бастаманы алдағы жылдары да жалғастыруды жоспарлап отырғанын жеткізді.

Халықаралық жазғы мектеп 5 шілдеде басталды. Оған Қытай, Вьетнам, Ресей, Германия, Италия, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан, Камбоджа, Непал және басқа да мемлекеттерден келген студенттер қатысты.

Он күнге созылған бағдарлама аясында қатысушылар қазақ тілінің негіздерін меңгеріп, ұлттық мәдениетпен танысты. Сондай-ақ асық ату, арқан тарту және тоғызқұмалақ сияқты ұлттық ойындарды үйреніп, Қазақстан Ұлттық музейін аралады. Бұдан бөлек, киіз үй мәдениеті, қазақ халқының дәстүрлі тұрмыс-тіршілігі туралы мәлімет алып, елорданың тарихи және мәдени орындарын тамашалады.

Бағдарлама соңында студенттер ұлттық ойындар бойынша өзара сайысқа түсіп, халықаралық командалар құрамында өнер көрсетті. Жоба шетелдік жастардың Қазақстанның мәдениеті мен дәстүрін тереңірек тануына, сондай-ақ түрлі елдердің жастары арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға ықпал етті.

Қытайдың Цзянсу провинциясындағы Цзянсу Мұхит университетінің студенті Цзычен Лю жобаның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.

– Халықаралық жазғы мектеп өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Осы бастамаға үлес қосқан барлық азаматтарға алғысымды білдіремін. Маған қазақтың дәстүрлері мен ұлттық ойындары ерекше ұнады. Кейбір ойындарда командалық жұмыстың маңызы айқын байқалады. Біз төрт топқа бөлініп жарысып, жақсы нәтиже көрсеттік. Әсіресе, арқан тарту мен асық ату ойындары ерекше әсер қалдырды, – деді ол.

Айта кетейік, жобаны Астана Халықаралық университеті мен Қытайдың Халықаралық бизнес және экономика университеті жанындағы Қазақстан–Қытай экономика және сауда институты бірлесіп ұйымдастырды. Бастамаға халықаралық серіктес жоғары оқу орындары да қолдау көрсетті.

 

Ілмек: «AIU 2026 – Елорда жүрегінде»МәдениетҰлттық ойындар
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Кітапхана мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал іске қосылды

Кітапхана мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал іске қосылды

Автор: adym
08.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Кітапханалар Одағы кітапхана ісі мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал – kitaphanalarodagy.kz ресурсын іске қосты. Жаңа платформада кітапхана саласына қатысты заңнамалық және нормативтік құжаттар, әдістемелік әрі...

Астанада Ахмет Байтұрсынұлының портреті 5 мың шегемен жасалды

Астанада Ахмет Байтұрсынұлының портреті 5 мың шегемен жасалды

Автор: adym
05.09.2026
0

ADYM.KZ / Астанада Ахмет Байтұрсынұлының 154 жылдығына орай №48 мектеп-лицейінің жас педагогтері ерекше шығармашылық жоба жүзеге асырды. Ұстаздар ұлт ұстазының портретін String art технологиясымен жасап шықты. Көлемі 3×2...

Президент Мәдениет және ақпарат министрлігінің алдына жаңа міндеттер қойды

Президент Мәдениет және ақпарат министрлігінің алдына жаңа міндеттер қойды

Автор: adym
04.09.2026
0

ADYM.KZ / Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевты қабылдады. Кездесу барысында ведомство жұмысының негізгі басымдықтары талқыланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады....

Түркістан облысының креаторлары Астанада 21 млн теңгенің өнімін сатты

Түркістан облысының креаторлары Астанада 21 млн теңгенің өнімін сатты

Автор: adym
31.08.2026
0

ADYM.KZ / Астанада Creative Aimaq республикалық жобасы аясында Түркістан облысының креативті индустрия өкілдерінің жәрмеңкесі өтті. Екі күнге созылған шара барысында өңірден келген 50 креатор өз өнімдері мен шығармашылық...

Келесі
Ұлттық банк банкноталардың айналымға шығар алдындағы сынақтары туралы айтты

Ұлттық банк банкноталардың айналымға шығар алдындағы сынақтары туралы айтты

Ұсынамыз

Қазақстан құрамасы Көшпенділер ойындарында 25 алтынмен көш бастады

Қазақстан құрамасы Көшпенділер ойындарында 25 алтынмен көш бастады

05.09.2026
Мадридте Димаш Құдайберген мен оның жанкүйерлері туралы деректі фильм таныстырылды

Мадридте Димаш Құдайберген мен оның жанкүйерлері туралы деректі фильм таныстырылды

03.06.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.