ADYM.KZ / Қазақстан құрамасы Мадридте (Испания) өткен күрестен халықаралық Гран-при турнирінде жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы саны 24 медаль жеңіп алды. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитеті хабарлады.
Еркін күресте қазақстандық спортшылар 11 жүлдеге қол жеткізді. Алтын медальді Дәулет Әмірханов (57 келіге дейін), Нұрлыбек Базарбаев (61 келіге дейін) және Жанқожа Әбілтаев (70 келіге дейін) иеленді.
Күміс жүлдені Ерасыл Мұхтарұлы (57 келіге дейін), Мұхамед Балғабай (61 келіге дейін), Акбар Курбанов (65 келіге дейін) және Шерхан Әбіл (70 келіге дейін) еншіледі.
Ал қола медаль Жанболат Қабиден (70 келіге дейін), Талап Жолдасов (70 келіге дейін), Арсен Қабден (74 келіге дейін) және Наурыз Ахмедхановқа (86 келіге дейін) бұйырды.
Грек-рим күресінде Қазақстан құрамасы 13 медаль жеңіп алды. Чемпион атанғандар қатарында Едіге Төлеутаев (55 келіге дейін) пен Ілияс Дәуітов (63 келіге дейін) бар.








