AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

«Әділет» партиясы Іскерлік кеңес құрды: алғашқы отырыста көлік-логистика саласын дамыту мәселелері талқыланды

26.06.2026
Санаты: Басты, Саясат
«Әділет» партиясы Іскерлік кеңес құрды: алғашқы отырыста көлік-логистика саласын дамыту мәселелері талқыланды

ADYM.KZ / «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай партия жанынан Іскерлік кеңес құрылғанын көлік-логистика саласының өкілдерімен өткен кездесуде мәлімдеді. Басқосуға орталық мемлекеттік органдардың, ірі компаниялар мен салалық қауымдастықтардың басшылары қатысты.

Кездесудің негізгі тақырыбы Мемлекет басшысы экономикалық өсімнің басым бағыттарының бірі ретінде айқындаған көлік-логистика саласын дамыту мәселелері болды.

Айбек Дәдебайдың айтуынша, экономиканың тұрақты дамуы мемлекет, бизнес және сарапшылар қауымдастығы арасындағы тұрақты әріптестікке тікелей байланысты. Осы мақсатта құрылған Іскерлік кеңес кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар арасындағы тиімді диалогты қамтамасыз ететін және ортақ шешімдер әзірлейтін тұрақты алаңға айналады.

«Бизнес – ұлттық экономиканың басты қозғаушы күші. Кәсіпкерлер жаңа өндірістер ашып, жұмыс орындарын құрады, бюджет кірісін арттырады. Соның нәтижесінде әлеуметтік инфрақұрылым дамып, өңірлердің тұрақты өсіміне негіз қаланады», – деді партия төрағасы.

Оның айтуынша, Қазақстан бүгінде Еуразиядағы ірі көлік-транзиттік хабтардың бірі ретінде өз позициясын нығайтып келеді. Былтыр сала 20,4 пайызға өсіп, жалпы ішкі өнімдегі үлесі 6,1 пайызға жеткен. Ал транзиттік жүк тасымалының көлемі 39 миллион тоннадан асты.

Айбек Дәдебай көлік пен логистика енді тек инфрақұрылым ғана емес, экономиканың жеке табыс әкелетін, жаңа жұмыс орындарын құратын және экспортты ұлғайтатын маңызды саласына айналып келе жатқанын атап өтті.

Кездесу барысында теміржол тарифтерін қалыптастыру, инвестиция тарту, халықаралық автомобиль тасымалдарын дамыту, жүк авиациясының әлеуетін арттыру және саланы цифрландыру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ мемлекет пен бизнес арасындағы өзара іс-қимылдың тиімді моделін қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

«Қазақстан Автокөлікшілер одағы» ЗТБ атқарушы директоры Мұрат Амрин көлік саласы «Әділет» партиясымен тұрақты диалог орнатуға және заңнамалық бастамаларды бірлесіп әзірлеуге мүдделі екенін жеткізді.

«Көлік бизнесі әділдікке, ашық диалогқа және кәсіпкерлердің нақты мәселелерін шешуге бағытталған тәсілді қолдайды. Мұндай өзара іс-қимыл саланы дамытуға арналған тиімді ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді», – деді ол.

Партия төрағасы бизнестің басты құндылығы – кәсіпорындарда еңбек ететін адамдар екенін атап өтіп, мемлекет инфрақұрылымды дамытып, қолайлы ережелер қалыптастыруы тиіс болса, бизнес инвестиция салып, қызмет сапасы мен бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етуі қажет екенін айтты.

Іскерлік кеңестің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін экономиканың түрлі салаларын қамтитын жеті тең төраға бекітілді. Олардың қатарында Андрей Лаврентьев, Бағдат Мусин, Геннадий Зенченко, Рустам Жүрсінов, Айжан Балакешова, Инна Апенко және Шахмұрат Мүтәліп бар.

Кездесу қорытындысында Айбек Дәдебай Іскерлік кеңестің тұрақты жұмыс істейтін алаңға айналатынын атап өтті. Кеңес аясында кәсіпкерлікті қолдау, экономиканың түрлі секторларын дамыту және мемлекет пен бизнес арасындағы әріптестікті күшейтуге бағытталған бастамалар әзірленетін болады.

Ілмек: Айбек ДәдебайӘділет партиясыІскерлік кеңес
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

Автор: adym
22.09.2026
0

2026 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесіне қатысты екі Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақордаға сілтеме жасап. Бірінші Жарлықпен Қазақстан...

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Автор: adym
19.09.2026
0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жастармен және экобелсенділермен бірге Астанадағы Президент саябағының аумағына ағаш отырғызды, - деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақорданың баспасөз...

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындады. Өнеркәсіп, энергетика, критикалық минералдар, көлік-логистика, жасанды интеллект және жаңа технологиялар...

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында ел Президенті Ли Чжэ Мёңмен шағын құрамда келіссөз жүргізді. Кездесуде екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту, инвестициялық жобаларды...

Келесі
Олжас Бектенов: Қазақстанда IT экспорты бір жылда 60 пайызға өсті

Олжас Бектенов: Қазақстанда IT экспорты бір жылда 60 пайызға өсті

Ұсынамыз

Шымкентте нашақорлық пен аитв/житс-тің алдын алуға арналған кездесу өтті

Шымкентте нашақорлық пен аитв/житс-тің алдын алуға арналған кездесу өтті

02.10.2026
Шымкент университетінің студенттеріне интернет-алаяқтық пен сталкингтен сақтану жолдары түсіндірілді

Шымкент университетінің студенттеріне интернет-алаяқтық пен сталкингтен сақтану жолдары түсіндірілді

16.09.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.