AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Президент Ауыл шаруашылығы министріне агроөнеркәсіптің тиімділігін арттыруды тапсырды

11.07.2026
Санаты: Экономика
Президент Ауыл шаруашылығы министріне агроөнеркәсіптің тиімділігін арттыруды тапсырды

ADYM.KZ / Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровты қабылдап, биылғы бірінші жартыжылдықтағы агроөнеркәсіп кешенінің даму қорытындылары жөніндегі есебін тыңдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында Президентке егістік алқаптарын әртараптандыру, шаруаларды жеңілдетілген несиемен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы техникасының лизингін кеңейту және өңделген өнім көлемін ұлғайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар таныстырылды.

Министрдің мәліметінше, өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің үлесін 70 пайызға дейін жеткізуге бағытталған шаралар жүзеге асырылып жатыр. 2026 жылдың алғашқы алты айында тағам өнімдерін өндіру көлемі 14,7 пайызға артқан.

Осы кезеңде ауыл шаруашылығының нақты көлем индексі 4,4 пайызға өссе, оның ішінде егін шаруашылығы – 7,7 пайызға, мал шаруашылығы 4,4 пайызға ұлғайған.

Сондай-ақ агроөнеркәсіп кешені өнімдерінің экспорты да өсім көрсеткен. Биылғы қаңтар–сәуір айларында экспорт көлемі 3 миллиард долларға жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 36 пайызға артқан. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 7,2 миллиард долларға жеткізу жоспарланып отыр.

Кездесуде мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспарының орындалуы, ветеринария саласын 2030 жылға дейін дамыту бағдарламасы және агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру жұмыстары туралы да баяндалды. Қазіргі таңда «Е-АӨК» бірыңғай цифрлық платформасы аясында мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен жаңа цифрлық сервистер біріктіріліп жатыр.

Болжам бойынша, жыл соңына дейін ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 5,9 пайызға өседі. Сонымен қатар тағам өнімдері өндірісін 9,5 пайызға, сусын өндірісін 10,5 пайызға арттыру және салаға 2,2 триллион теңге инвестиция тарту көзделген.

Кездесу қорытындысында Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыру, қосылған құны жоғары өнім өндірісін дамыту, экспорттық әлеуетті кеңейту және елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайту бағытында нақты тапсырмалар берді.

Ілмек: Агроөнеркәсіп кешеніАуыл шаруашылығыҚасым-Жомарт ТоқаевЭкономика
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында ел Президенті Ли Чжэ Мёңмен шағын құрамда келіссөз жүргізді. Кездесуде екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту, инвестициялық жобаларды...

Қазақстан 6,6 млрд юань көлемінде панда-облигация шығарды

Қазақстан 6,6 млрд юань көлемінде панда-облигация шығарды

Автор: adym
08.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Қаржы министрлігі Қытайдың капитал нарығында жалпы көлемі 6,6 млрд юань болатын тәуелсіз панда-облигациялардың екінші шығарылымын сәтті орналастырды. Облигациялар үш және бес жылдық екі траншпен шығарылды....

Курчатовта 881 млрд теңгеге электр стансасы салынады

Курчатовта 881 млрд теңгеге электр стансасы салынады

Автор: adym
05.09.2026
0

ADYM.KZ / Үкімет Абай облысының Курчатов қаласында қуаты 700 МВт болатын конденсациялық электр стансасын салу жөніндегі инвестициялық келісімді мақұлдады. Жобаның құны – 881 млрд теңге. Тиісті қаулыға Премьер-министр...

Базалық мөлшерлеме төмендеді: Ұлттық банк инфляция бойынша жаңа болжамын жариялады

Базалық мөлшерлеме төмендеді: Ұлттық банк инфляция бойынша жаңа болжамын жариялады

Автор: adym
04.09.2026
0

ADYM.KZ / Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,25%-ға дейін төмендетті Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 16,25%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылдады. Мөлшерлеме +/- 1 пайыздық тармақ дәлізімен белгіленді. Бұл...

Келесі
Гонконг пен Қазақстан арасында жаңа әуе рейстері іске қосылады

Гонконг пен Қазақстан арасында жаңа әуе рейстері іске қосылады

Ұсынамыз

Каспийдің тартылуы экологиялық апат пен геоэкономикалық тығырыққа тірейді

Каспийдің тартылуы экологиялық апат пен геоэкономикалық тығырыққа тірейді

28.05.2026
Еліміздің жаңа киберқауіпсіздік стратегиясы бойынша жаңа стратегиялық бағдарлама әзірленді

Еліміздің жаңа киберқауіпсіздік стратегиясы бойынша жаңа стратегиялық бағдарлама әзірленді

26.05.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.