AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

«Ұлттық қолөнер мектебі» жобасы 15 шілдеде іске қосылады

08.07.2026
Санаты: Мәдениет
«Ұлттық қолөнер мектебі» жобасы 15 шілдеде іске қосылады

ADYM.KZ /   Қазақстанда алғаш рет Қолөнершілер күні аталып өтті. Жаңа мереке ұлттық қолөнерді жаңғыртуға, дәстүрлі кәсіпті дәріптеуге және мәдени мұраны сақтауға үлес қосып жүрген шеберлердің еңбегін ұлықтау мақсатында ресми мерекелер күнтізбесіне енгізілді. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады.

Еліміздегі қолөнершілерді біріктіретін ірі ұйымдардың бірі – 2012 жылы құрылған Қазақстан қолөнершілер одағы. Қазіргі таңда ұйым республика бойынша 650-ден астам қолөнершінің шығармашылық бастамаларын қолдап келеді.

Министрліктің мәліметінше, ұлттық қолөнерді сақтау және ұрпақтар сабақтастығын нығайту мақсатында «Креативті индустрияларды дамыту қоры» корпоративтік қоры «Ұлттық қолөнер мектебі» жобасын іске қоспақ. Жоба 15 шілдеде басталады. Бастама аясында қолөнершілерге қолдау көрсетіліп, олардың тәжірибесін жас буынға үйрету және ұлттық қолөнердің үздік үлгілерін кеңінен насихаттау көзделген.

Қазақстан қолөнершілер одағы құрылғаннан бері «Шебер» республикалық байқауы 12 рет ұйымдастырылып, ондаған көрме, фестиваль, оқыту семинарлары мен шеберлік сабақтары өткізілді. Осы шаралардың нәтижесінде жүздеген шебер мен жас маман киіз басу, керамика, зергерлік өнер, ағаш ою, кесте тігу және ұлттық қолөнердің өзге де бағыттары бойынша кәсіби біліктілігін арттырды.

Қазақстандық шеберлер АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Үндістан, Қытай, Малайзия, Түркия, Өзбекстан, Әзербайжан және басқа да елдерде өткен халықаралық көрмелер мен фестивальдерге қатысып, қазақтың ұлттық қолөнерін әлемге танытып келеді.

Соңғы жылдары Қазақстан қолөнершілер одағы Британ кеңесі, Смитсон халық шығармашылығы және мәдени мұра орталығы, Дүниежүзілік қолөнер кеңесі секілді халықаралық ұйымдармен бірлескен жобаларды жүзеге асырды.

Мәдениет және ақпарат министрлігі ұлттық қолөнерді халықаралық деңгейде насихаттауға ерекше назар аударып келеді. Қазақстанның шетелдегі мәдениет күндері аясында Тәжікстан мен Қатарда қолөнер көрмелері ұйымдастырылса, 2026 жылы қазақстандық шеберлер Армения, Әзербайжан және Өзбекстанда өткен халықаралық фестивальдерге қатысты.

Бұдан бөлек, биыл маусым айында «Креативті индустрияларды дамыту қоры» жанынан өңірлердегі креативті бастамаларды қолдауға бағытталған Creative Aimaq жобасы іске қосылды. Оған қолөнер шеберлері де белсенді қатысуда.

2023 жылдан бері Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Қолөнершілер орталығы жұмыс істейді. Орталық ұлттық қолөнер туындыларын көпшілікке таныстырып, шеберлік сабақтарын өткізетін маңызды мәдени алаңға айналды.

Ұлттық қолөнерді халықаралық деңгейде ілгерілеткен маңызды жобалардың бірі – 2025 жылы өткен ALA CRAFT халықаралық фестивалі. Сол жылы Алматы музыкалық аспап жасау және зергерлік өнер бағыттары бойынша Дүниежүзілік қолөнер қаласы мәртебесіне ие болды.

Ал 2026 жылдың наурызында Алматыда өткен Nomadic Art: Дала мәдениетінің жаһандық келбеті халықаралық фестивалі аясында ғылыми-тәжірибелік конференция, сәндік-қолданбалы өнер көрмелері және этностильдегі киім топтамаларының көрсетілімдері ұйымдастырылды.

Ілмек: Жаңа мерекеҚолөнершілер күніМәдениет және ақпарат министрлігі
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Кітапхана мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал іске қосылды

Кітапхана мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал іске қосылды

Автор: adym
08.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Кітапханалар Одағы кітапхана ісі мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал – kitaphanalarodagy.kz ресурсын іске қосты. Жаңа платформада кітапхана саласына қатысты заңнамалық және нормативтік құжаттар, әдістемелік әрі...

Астанада Ахмет Байтұрсынұлының портреті 5 мың шегемен жасалды

Астанада Ахмет Байтұрсынұлының портреті 5 мың шегемен жасалды

Автор: adym
05.09.2026
0

ADYM.KZ / Астанада Ахмет Байтұрсынұлының 154 жылдығына орай №48 мектеп-лицейінің жас педагогтері ерекше шығармашылық жоба жүзеге асырды. Ұстаздар ұлт ұстазының портретін String art технологиясымен жасап шықты. Көлемі 3×2...

Президент Мәдениет және ақпарат министрлігінің алдына жаңа міндеттер қойды

Президент Мәдениет және ақпарат министрлігінің алдына жаңа міндеттер қойды

Автор: adym
04.09.2026
0

ADYM.KZ / Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевты қабылдады. Кездесу барысында ведомство жұмысының негізгі басымдықтары талқыланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады....

Түркістан облысының креаторлары Астанада 21 млн теңгенің өнімін сатты

Түркістан облысының креаторлары Астанада 21 млн теңгенің өнімін сатты

Автор: adym
31.08.2026
0

ADYM.KZ / Астанада Creative Aimaq республикалық жобасы аясында Түркістан облысының креативті индустрия өкілдерінің жәрмеңкесі өтті. Екі күнге созылған шара барысында өңірден келген 50 креатор өз өнімдері мен шығармашылық...

Келесі
«Қазанат» ипподромында өтетін BaiQymyz-2026 фестиваліне қатынайтын автобустардың бағыты өзгереді

«Қазанат» ипподромында өтетін BaiQymyz-2026 фестиваліне қатынайтын автобустардың бағыты өзгереді

Ұсынамыз

Шымкент университетінің студенттеріне интернет-алаяқтық пен сталкингтен сақтану жолдары түсіндірілді

Шымкент университетінің студенттеріне интернет-алаяқтық пен сталкингтен сақтану жолдары түсіндірілді

16.09.2026
Әскери прокуратура Шымкентте 87 гектар жерді мемлекет меншігіне өткізді

Әскери прокуратура Шымкентте 87 гектар жерді мемлекет меншігіне өткізді

18.06.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.