AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Қазақ тілі Euronews-тің хабар тарату тілдерінің қатарына қосылды

07.07.2026
Санаты: Мәдениет
Қазақ тілі Euronews-тің хабар тарату тілдерінің қатарына қосылды

ADYM.KZ / Әлемдегі жетекші халықаралық ақпараттық телеарналардың бірі – Euronews енді қазақ тілінде контент ұсына бастайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің бірінші вице-министрі Қанат Ысқақов мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Euronews Қазақстан аумағында орыс тілінде хабар таратады. Ал жаңа жоба аясында арнаның интернет-платформасында қазақ тіліндегі халықаралық жаңалықтар, сұхбаттар және арнайы шығарылымдар жарияланатын болады.

«Бұл – отандық медиа кеңістік пен мемлекеттік тілдің дамуы үшін маңызды әрі тарихи қадам. Жоба қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтіп қана қоймай, оның халықаралық ақпарат кеңістігіндегі орнын нығайтуға мүмкіндік береді», – деді Қанат Ысқақов.

Вице-министрдің сөзінше, бастама уақытша үрдіс емес, мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған ұзақмерзімді жоба. Сонымен қатар ол еліміздің ақпараттық қауіпсіздігін күшейтуге де ықпал етеді.

Сондай-ақ Қанат Ысқақов жаңа жобаның Қазақстан Конституциясының жаңартылған редакциясы күшіне енген кезеңмен тұспа-тұс келуінің символдық мәні бар екенін атап өтті.

Өз кезегінде Euronews директорлар кеңесінің төрағасы Варгас Педро Қазақстанның соңғы жылдардағы даму қарқынына жоғары баға беріп, қазақ тілінде хабар тарату туралы шешім компания үшін де маңызды кезең екенін айтты.

Оның мәліметінше, бұған дейін Euronews әлемнің 14 тілінде хабар таратып келген. Енді олардың қатарына қазақ тілі де қосылды.

«Қазақ тілі – Еуразия кеңістігіндегі маңызды тілдердің бірі. Біз халықаралық аудиторияға ұсынылатын тілдердің қатарын кеңейтіп отырмыз. Енді қазақтілді аудитория әлемдегі маңызды жаңалықтарды өз ана тілінде оқып, көре алады. Бұл қазақ тілінің халықаралық ақпарат кеңістігіндегі орнын нығайтатын маңызды қадам», – деді Варгас Педро.

Ілмек: EuronewsАқпарат
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Кітапхана мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал іске қосылды

Кітапхана мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал іске қосылды

Автор: adym
08.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Кітапханалар Одағы кітапхана ісі мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал – kitaphanalarodagy.kz ресурсын іске қосты. Жаңа платформада кітапхана саласына қатысты заңнамалық және нормативтік құжаттар, әдістемелік әрі...

Астанада Ахмет Байтұрсынұлының портреті 5 мың шегемен жасалды

Астанада Ахмет Байтұрсынұлының портреті 5 мың шегемен жасалды

Автор: adym
05.09.2026
0

ADYM.KZ / Астанада Ахмет Байтұрсынұлының 154 жылдығына орай №48 мектеп-лицейінің жас педагогтері ерекше шығармашылық жоба жүзеге асырды. Ұстаздар ұлт ұстазының портретін String art технологиясымен жасап шықты. Көлемі 3×2...

Президент Мәдениет және ақпарат министрлігінің алдына жаңа міндеттер қойды

Президент Мәдениет және ақпарат министрлігінің алдына жаңа міндеттер қойды

Автор: adym
04.09.2026
0

ADYM.KZ / Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевты қабылдады. Кездесу барысында ведомство жұмысының негізгі басымдықтары талқыланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады....

Түркістан облысының креаторлары Астанада 21 млн теңгенің өнімін сатты

Түркістан облысының креаторлары Астанада 21 млн теңгенің өнімін сатты

Автор: adym
31.08.2026
0

ADYM.KZ / Астанада Creative Aimaq республикалық жобасы аясында Түркістан облысының креативті индустрия өкілдерінің жәрмеңкесі өтті. Екі күнге созылған шара барысында өңірден келген 50 креатор өз өнімдері мен шығармашылық...

Келесі
Женевадағы БҰҰ форумында Қазақстан ЖИ саласындағы жетістіктерін таныстырды

Женевадағы БҰҰ форумында Қазақстан ЖИ саласындағы жетістіктерін таныстырды

Ұсынамыз

Сән-салтанат пен Поп-мәдениет: FIFA 2026 жылғы Әлем чемпионатының финалын алып шоуға айналдырмақ

Сән-салтанат пен Поп-мәдениет: FIFA 2026 жылғы Әлем чемпионатының финалын алып шоуға айналдырмақ

24.05.2026
Түркістанда аумағы 50 гектарлық бірегей экопарк салынып жатыр

Түркістанда аумағы 50 гектарлық бірегей экопарк салынып жатыр

29.05.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.