AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Еліміздің үздік 10 қолөнер шебері балаларға ұлттық өнерді үйретеді

06.07.2026
Санаты: Мәдениет
Еліміздің үздік 10 қолөнер шебері балаларға ұлттық өнерді үйретеді

ADYM.KZ / «Ұлттық қолөнер мектебі»: Қазақстанның үздік 10 шебері анықталды.АСТАНА – «Креативті индустрияларды дамыту қоры» корпоративтік қоры дәстүрлі қолөнерді сақтау, дамыту және оны жас ұрпаққа насихаттауға бағытталған «Ұлттық қолөнер мектебі» республикалық жобасының іріктеу кезеңін қорытындылады.

Ашық конкурсқа еліміздің барлық өңірінен қолөнер шеберлері қатысуға өтінім берген. Жалпы 330 өтінім қабылданса, техникалық сараптамадан кейін конкурстық комиссия 271 өтінімді қарады.

Іріктеу нәтижесінде жобаға қатысатын үздік 10 шебер анықталды. Олар жуырда Астанадағы Qazaq Creative Hub алаңында арнайы білім беру бағдарламасын бастайды. Бағдарлама аясында шеберлер 8–20 жас аралығындағы балалар мен жастарға ұлттық қолөнердің қыр-сырын үйретеді.

Жобаға қатысуға ең көп өтінім еліміздің оңтүстік өңірлерінен түскен. Бұл өңірлерден 137 өтінім қабылданып, жалпы көрсеткіштің 51 пайызын құрады.

Қолөнер бағыттарының ішінде дәстүрлі тоқыма өнері мен киіз басу ісіне қызығушылық жоғары болды. Аталған бағыт бойынша 121 өтінім немесе барлық өтінімнің 44,6 пайызы тіркелді. Сонымен қатар сәндік-қолданбалы өнер мен этнодекор бағытына 42 өтінім (15,5%), ұлттық киімдер мен аксессуарлар әзірлеуге 31 өтінім (11,4%), ал зергерлік өнер бойынша 20 өтінім (7,4%) келіп түсті.

Жоба ұлттық қолөнерді сақтауға, шеберлердің тәжірибесін кейінгі буынға жеткізуге және шығармашылық әлеуеті бар жастарды қолдауға бағытталған.

 

Ілмек: «Ұлттық қолөнер мектебіКреативті индустрия
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Кітапхана мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал іске қосылды

Кітапхана мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал іске қосылды

Автор: adym
08.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Кітапханалар Одағы кітапхана ісі мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал – kitaphanalarodagy.kz ресурсын іске қосты. Жаңа платформада кітапхана саласына қатысты заңнамалық және нормативтік құжаттар, әдістемелік әрі...

Астанада Ахмет Байтұрсынұлының портреті 5 мың шегемен жасалды

Астанада Ахмет Байтұрсынұлының портреті 5 мың шегемен жасалды

Автор: adym
05.09.2026
0

ADYM.KZ / Астанада Ахмет Байтұрсынұлының 154 жылдығына орай №48 мектеп-лицейінің жас педагогтері ерекше шығармашылық жоба жүзеге асырды. Ұстаздар ұлт ұстазының портретін String art технологиясымен жасап шықты. Көлемі 3×2...

Президент Мәдениет және ақпарат министрлігінің алдына жаңа міндеттер қойды

Президент Мәдениет және ақпарат министрлігінің алдына жаңа міндеттер қойды

Автор: adym
04.09.2026
0

ADYM.KZ / Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевты қабылдады. Кездесу барысында ведомство жұмысының негізгі басымдықтары талқыланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады....

Түркістан облысының креаторлары Астанада 21 млн теңгенің өнімін сатты

Түркістан облысының креаторлары Астанада 21 млн теңгенің өнімін сатты

Автор: adym
31.08.2026
0

ADYM.KZ / Астанада Creative Aimaq республикалық жобасы аясында Түркістан облысының креативті индустрия өкілдерінің жәрмеңкесі өтті. Екі күнге созылған шара барысында өңірден келген 50 креатор өз өнімдері мен шығармашылық...

Келесі
Президентке мемлекеттік аудит нәтижесі баяндалды: 13 ірі тексерудің қорытындысы жарияланды

Президентке мемлекеттік аудит нәтижесі баяндалды: 13 ірі тексерудің қорытындысы жарияланды

Ұсынамыз

ТЖД мен Шымкент жастары тұрғындарға тілсіз жаудан қорғану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді

ТЖД мен Шымкент жастары тұрғындарға тілсіз жаудан қорғану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді

02.09.2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дипломатиялық корпус құрамына өзгерістер енгізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дипломатиялық корпус құрамына өзгерістер енгізді

11.07.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.