AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Бектенов: Ұлттық қордан «Қазақстандық тұрғын үй компаниясына» қайта қаржы бөлу тиімсіз

23.06.2026
Санаты: Қоғам
Бектенов: Ұлттық қордан «Қазақстандық тұрғын үй компаниясына» қайта қаржы бөлу тиімсіз

ADYM.KZ / Премьер-министр Олжас Бектенов Ұлттық қор қаражаты есебінен «Қазақстандық тұрғын үй компаниясын» (ҚТҮК) қосымша қаржыландыру тиімсіз екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында айтты.

Үкімет басшысының айтуынша, халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі болғанымен, құрылыс саласын қаржыландырудың қазіргі моделі мемлекеттік бюджетке ұзақ мерзімді тәуелділікті азайтуға бағытталуы тиіс.

Бектенов жаңа Бюджет кодексі өңірлердің қаржылық дербестігін арттыруды көздейтінін атап өтті. Соған сәйкес инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға арналған шығыстарды қаржыландыруда жергілікті атқарушы органдардың мүмкіндіктері кеңейтілген.

Оның айтуынша, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін әкімдіктерге баламалы қаржыландыру құралдарын пайдалану ұсынылады. Қазіргі таңда өңірлер ішкі нарықта мемлекеттік бағалы қағаздар шығару арқылы қаражат тарта алады. Бұл тетік тұрғын үй құрылысы, жылу, су және электр желілерін салу мен жаңғырту жобаларын қаржыландыруға мүмкіндік береді.

Премьер-министр сондай-ақ Ұлттық қор қаражатын пайдалану мәселесіне тоқталды. Оның сөзінше, қолданыстағы заңнамаға сәйкес қор активтері есебінен заңды тұлғаларды несиелеуге және қазақстандық эмитенттердің қаржы құралдарын сатып алуға тыйым салынған. Мұндай шешім тек баламалы қаржыландыру көздері болмаған жағдайда және Президенттің арнайы шешімімен ғана қабылдануы мүмкін.

Үкімет басшысы қазіргі жағдайда Ұлттық қор активтерін сақтау және олардың көлемін 100 млрд АҚШ долларына дейін жеткізу міндеті тұрғанын еске салды. Сондықтан резервтерді кеңінен пайдалануға шектеу қойылып отыр.

Сонымен қатар Бектенов 2014–2016 жылдары ҚТҮК мен «Бәйтерек» холдингіне Ұлттық қордан жылдық 0,1 пайыздық мөлшерлемемен 490 млрд теңге көлемінде жеңілдікті қарыз берілгенін атап өтті. Бұл қаражат әлі толық қайтарылмаған және құрылыс секторында айналымда жүр. Қарызды қайтару 2034 жылдан бастап кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

«Осыған байланысты аталған мақсаттарға Ұлттық қордан қайтадан қаражат бөлу тиімсіз», – деді Премьер-министр.

Ілмек: ҚаржыТұрғын үйҰлттық қор
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Қоғамдық ұйымның атауы емес, атқаратын нақты ісі маңызды

Қоғамдық ұйымның атауы емес, атқаратын нақты ісі маңызды

Автор: adym
24.09.2026
0

ADYM.KZ / Мемлекеттік тапсырыс, азаматтық қоғам және қоғамдық бақылау мәселелеріне салғырт қарамау керектігін Мемлекет басшысы Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясының негізгі отырысында айрықша атап өтті. Мәселенің мәнісін тарқатып...

Қазақстанда сұранысқа ие 174 мамандық анықталады

Қазақстанда сұранысқа ие 174 мамандық анықталады

Автор: adym
08.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстанда технологиялар мен жасанды интеллекттің дамуына байланысты еңбек нарығындағы бірқатар мамандықтың жойылуы немесе өзгеруі мүмкін. Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек...

Ұлытауда геологиялық кластер толық циклді зерттеу жүйесін қалыптастырады

Ұлытауда геологиялық кластер толық циклді зерттеу жүйесін қалыптастырады

Автор: adym
05.09.2026
0

ADYM.KZ / Ұлытау облысында 36 мың шаршы шақырым аумақты қамтитын кешенді геологиялық зерттеулер жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан аумағының геологиялық зерттелу деңгейін арттыру жөніндегі...

Ауыл тұрғындарына медициналық көмек қалай көрсетіліп жатыр? Телемедицина мүмкіндігі кеңейді

Ауыл тұрғындарына медициналық көмек қалай көрсетіліп жатыр? Телемедицина мүмкіндігі кеңейді

Автор: adym
03.09.2026
0

ADYM.KZ / 2026 жылдың басынан бері Қазақстанда 2,1 млн-нан астам адамға қашықтан медициналық қызмет көрсетілді. Оның 39 пайызы – ауыл тұрғындары. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі...

Келесі
Брюссельде Қазақстан–ЕО ынтымақтастығының жаңа бағыттары талқыланды

Брюссельде Қазақстан–ЕО ынтымақтастығының жаңа бағыттары талқыланды

Ұсынамыз

Олжас Бектенов: Қазақстанда IT экспорты бір жылда 60 пайызға өсті

Олжас Бектенов: Қазақстанда IT экспорты бір жылда 60 пайызға өсті

26.06.2026
Қабырғадағы қара жазудың орнына көркем сурет: Шымкентте жастар арасында есірткіге қарсы күрес жаңа сипат алды

Қабырғадағы қара жазудың орнына көркем сурет: Шымкентте жастар арасында есірткіге қарсы күрес жаңа сипат алды

10.09.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.