AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Қазақстан мен Қытай Үкімет басшылары стратегиялық серіктестікті жаңа деңгейге көтеруге келісті

23.06.2026
Санаты: Басты, Саясат
Қазақстан мен Қытай Үкімет басшылары стратегиялық серіктестікті жаңа деңгейге көтеруге келісті

ADYM.KZ / Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектеновтің Қытайға жұмыс сапары барысында екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.

Бектенов Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цянмен кездесіп, жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдердің орындалу барысын және сауда, инвестиция, агроөнеркәсіп, көлік-логистика салаларындағы өзара іс-қимылды дамыту перспективаларын қарастырды.

Кездесуде Қазақстандағы инвестициялық ахуалды жақсарту, шетелдік инвесторлардың құқықтарын қорғау және заң үстемдігін күшейту бағытында жүргізіліп жатқан реформаларға назар аударылды. Бектеновтің айтуынша, Қазақстан мен Қытай арасындағы мәңгілік әрі жан-жақты стратегиялық серіктестік жаңа «алтын отызжылдық» кезеңіне қадам басты.

Өз кезегінде Ли Цян екі ел арасындағы өзара сенім мен тату көршілік қатынастардың жоғары деңгейін атап өтіп, көпқырлы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дайын екенін жеткізді.

Қытай Қазақстанның негізгі сауда және инвестициялық серіктестерінің бірі болып қала береді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы сауда көлемі 48 млрд доллардан асып, Қытайдан тартылған тікелей инвестиция көлемі 2,8 млрд долларға жетті. Агроөнеркәсіп саласындағы тауар айналымы 36%-ға өсіп, 1,9 млрд доллардан асты.

Көлік-логистика бағытында да оң динамика байқалады. Былтыр Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол арқылы жүк тасымалы 11%-ға артып, 35,6 млн тоннаға жеткен. Қазақстан аумағы арқылы Қытай мен Еуропа арасындағы құрлық жүк ағынының 85%-дан астамы өтеді.

Сапар аясында Олжас Бектенов Далянь қаласында өткен «Бір белдеу – бір жол» бастамасына арналған халықаралық сессияға қатысты. Ол Қазақстанның Еуразияның маңызды транзиттік торабына айналғанын атап өтіп, соңғы жеті жылда көлік-транзит инфрақұрылымын дамытуға 35 млрд доллардан астам инвестиция салынғанын айтты.

Премьер-министр бастаманы одан әрі дамытудың бес негізгі бағытын атады: инфрақұрылымдық байланысты күшейту, цифрлық дәліздерді дамыту, «жасыл» күн тәртібін ілгерілету, сауда мен инвестицияны кеңейту және қаржылық ынтымақтастықты нығайту.

Сессия барысында қатысушылар «Бір белдеу – бір жол» жобасының 2040 жылға дейінгі даму перспективаларын, жеткізу тізбектерін жаңғырту және цифрлық инфрақұрылымды дамыту мәселелерін талқылады.

Ілмек: ҚазақстанҚытайСтратегиялық серіктес
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

Автор: adym
22.09.2026
0

2026 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесіне қатысты екі Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақордаға сілтеме жасап. Бірінші Жарлықпен Қазақстан...

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Автор: adym
19.09.2026
0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жастармен және экобелсенділермен бірге Астанадағы Президент саябағының аумағына ағаш отырғызды, - деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақорданың баспасөз...

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындады. Өнеркәсіп, энергетика, критикалық минералдар, көлік-логистика, жасанды интеллект және жаңа технологиялар...

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында ел Президенті Ли Чжэ Мёңмен шағын құрамда келіссөз жүргізді. Кездесуде екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту, инвестициялық жобаларды...

Келесі
Бектенов: Ұлттық қордан «Қазақстандық тұрғын үй компаниясына» қайта қаржы бөлу тиімсіз

Бектенов: Ұлттық қордан «Қазақстандық тұрғын үй компаниясына» қайта қаржы бөлу тиімсіз

Ұсынамыз

ЖСДП Құрылтай сайлауына қатысатын кандидаттарын жариялады

ЖСДП Құрылтай сайлауына қатысатын кандидаттарын жариялады

08.07.2026
Өнер қайраткері Арман Жүдебаев қазақы құндылықтарды дәріптеуге шақырды

Өнер қайраткері Арман Жүдебаев қазақы құндылықтарды дәріптеуге шақырды

24.07.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.