AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Өнер қайраткері Арман Жүдебаев қазақы құндылықтарды дәріптеуге шақырды

24.07.2026
Санаты: Мәдениет
Өнер қайраткері Арман Жүдебаев қазақы құндылықтарды дәріптеуге шақырды

ADYM.KZ / Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, дирижер Арман Жүдебаев әлеуметтік желідегі парақшасында қазақ халқының амандасу әдебі, ақ пейіл және ұлттық мәдени құндылықтардың маңызы туралы ой бөлісті.

Оның айтуынша, әр халықтың өзіндік қарым-қатынас мәдениеті бар. Ал қазақ қоғамындағы ізет, сыйластық пен құрмет күнделікті өмірдегі қарапайым әрекеттерден көрінеді.

«Ақ пейіл – ұлт мәдениетінің бастауы. Қазақ халқының дүниетанымында бұл ұғымның орны ерекше. Ақ пейіл – адамның таза ниеті ғана емес, өзгеге деген құрметі мен ізетінің көрінісі. Ол амандасуынан, сөйлесу мәнерінен, үлкенге құрметі мен кішіге ізетінен байқалады», – деді Арман Жүдебаев.

Ол мәдениет тек музей мен кітапханада емес, ең алдымен адамның мінез-құлқынан басталатынын атап өтті. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамдағы әдеп пен мінез-құлық мәдениетін сақтау мәселесіне үнемі назар аударып келе жатқанын айтты.

Арман Жүдебаевтың пікірінше, жылы сөз айту, алғыс білдіру, үлкенге орын беру, жөн-жоралғыны сақтау – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан рухани құндылықтарының бір бөлігі.

Ол қазақ мәдениетінде амандасу әдебінің ерекше орын алатынын атап өтті.

«Сәлем – сөздің анасы» деген нақылдың өзі халқымыздың амандасуға қаншалықты мән бергенін көрсетеді. Қазақ үшін амандасу – ең алдымен құрметтің белгісі. Қолды жүрек тұсына қойып, ізет білдіру – жай ғана рәсім емес, ұлттық мәдениетіміздің ажырамас бөлігі», – деді ол.

Сонымен қатар өнер қайраткері адамдар арасындағы қарым-қатынаста жеке кеңістікті құрметтеу маңызды екенін айтты. Оның сөзінше, әдеп – тек сыпайылық емес, өзгенің қадір-қасиетін сезіне білу.

Арман Жүдебаев бұл ұстанымды өзге мәдениеттерді жоққа шығару деп қабылдамау керектігін атап өтті. Әр халықтың өзіндік ерекшелігі бар екенін айтып, ұлттық болмысты сақтау мен өзгені құрметтеу қатар жүретінін жеткізді.

Ол бұл ойды оркестрдегі әр аспаптың өз үні болатынымен салыстырды. Домбыра мен қобыздың, сыбызғының өзіндік бояуы сақталған кезде ғана үйлесімді әуен пайда болатынын атап өтті.

«Халықтар арасындағы жарасым әркімнің өз мәдени үнін сақтай білуінен басталады. Амандасу әдебі, сөйлеу мәдениеті, үлкенге құрмет, кішіге ізет және адамның жеке кеңістігін сыйлау – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан рухани болмысы», – деді Арман Жүдебаев.

Оның айтуынша, ұлт мәдениеті тек мерекелік шаралар мен ресми жиындарда емес, күнделікті қарапайым қарым-қатынастан көрінеді.

«Ақ пейілімізді, ізетімізді, амандасу мәдениетімізді және бір-бірімізге деген сыйластығымызды сақтай алсақ, ата-бабамыздан қалған рухани мұрамыздың ғұмыры ұзақ болады», – деп жазды Арман Жүдебаев.

Ілмек: Арман ЖүдебаевРухани құндылықтарҰлттық мәдениет
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Кітапхана мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал іске қосылды

Кітапхана мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал іске қосылды

Автор: adym
08.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Кітапханалар Одағы кітапхана ісі мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал – kitaphanalarodagy.kz ресурсын іске қосты. Жаңа платформада кітапхана саласына қатысты заңнамалық және нормативтік құжаттар, әдістемелік әрі...

Астанада Ахмет Байтұрсынұлының портреті 5 мың шегемен жасалды

Астанада Ахмет Байтұрсынұлының портреті 5 мың шегемен жасалды

Автор: adym
05.09.2026
0

ADYM.KZ / Астанада Ахмет Байтұрсынұлының 154 жылдығына орай №48 мектеп-лицейінің жас педагогтері ерекше шығармашылық жоба жүзеге асырды. Ұстаздар ұлт ұстазының портретін String art технологиясымен жасап шықты. Көлемі 3×2...

Президент Мәдениет және ақпарат министрлігінің алдына жаңа міндеттер қойды

Президент Мәдениет және ақпарат министрлігінің алдына жаңа міндеттер қойды

Автор: adym
04.09.2026
0

ADYM.KZ / Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевты қабылдады. Кездесу барысында ведомство жұмысының негізгі басымдықтары талқыланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады....

Түркістан облысының креаторлары Астанада 21 млн теңгенің өнімін сатты

Түркістан облысының креаторлары Астанада 21 млн теңгенің өнімін сатты

Автор: adym
31.08.2026
0

ADYM.KZ / Астанада Creative Aimaq республикалық жобасы аясында Түркістан облысының креативті индустрия өкілдерінің жәрмеңкесі өтті. Екі күнге созылған шара барысында өңірден келген 50 креатор өз өнімдері мен шығармашылық...

Келесі
Петропавлда «Хроникадан болашаққа» деректі кино апталығы өтті

Петропавлда «Хроникадан болашаққа» деректі кино апталығы өтті

Ұсынамыз

Қазақстанда автобөлшек өндірісін дамытуға арналған жоспар бір айда дайындалады

Қазақстанда автобөлшек өндірісін дамытуға арналған жоспар бір айда дайындалады

21.07.2026
Президент “Қазақстан Халық Кеңесіне” қатысты Жарлыққа қол қойды

Президент “Қазақстан Халық Кеңесіне” қатысты Жарлыққа қол қойды

02.07.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.