AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

ЖСДП Құрылтай сайлауына қатысатын кандидаттарын жариялады

08.07.2026
Санаты: Басты, Саясат
ЖСДП Құрылтай сайлауына қатысатын кандидаттарын жариялады

ADYM.KZ /  Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) Астанада өткен кезектен тыс XXV съезінде Қазақстан Республикасы Құрылтайы сайлауына қатысатын кандидаттардың партиялық тізімін бекітті.

Партия төрағасы Асхат Рахымжановтың айтуынша, тізімге өңірлік филиалдардың жетекшілері, Парламент Мәжілісінің депутаттары, жастар және әйелдер қанатының өкілдері, сарапшылар, үкіметтік емес ұйым мүшелері мен қоғам белсенділері енгізілген.

«Бүгін біз халықтың сенімін ақтайтын азаматтарды ұсынуымыз керек. Бұл тізімдегі адамдар – жай ғана есімдер емес. Олар Қазақстандағы социал-демократиялық идеялардың өміршеңдігін нақты істерімен дәлелдеген азаматтар», – деді партия төрағасы.

Оның сөзінше, кандидаттар елдің барлық өңірінен іріктелген және әртүрлі салада еңбек етіп жүрген азаматтар. Олар өңірлерде халықпен тікелей жұмыс істеп, қоғамдық қызметте тәжірибе жинақтаған.

ЖСДП бекіткен партиялық тізімге барлығы 33 кандидат енді. Олардың қатарында облыстық және қалалық филиалдардың басшылары, VIII сайланған Мәжіліс депутаттары, партияның жастар және әйелдер қанатының өкілдері, сарапшылар мен азаматтық сектор мүшелері бар.

Партияның мәліметінше, кандидаттар саяси, қоғамдық және әлеуметтік салаларда тәжірибесі бар, түрлі өңірдің мүддесін таныта алатын азаматтардан жасақталған.

ЖСДП-ның Құрылтай сайлауына кандидаттар тізімі:

Анаргүл Әбенова – Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрайымы.

Аружан Әленова – Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының міндетін атқарушы.

Ару Алшынбай – Ақмола облыстық филиалы әйелдер қанатының жетекшісі.

Максим Андрюшин – партия төрағасының кеңесшісі.

Арман Ақылбай – партия мүшесі.

Нұрлан Аубакиров – Қарағанды облыстық филиалының төрағасы.

Раушан Аубакирова – елордалық филиалдың әйелдер қанатының жетекшісі.

Нұрлан Әуесбаев – ЖСДП президиумының мүшесі, VIII сайланған Мәжіліс депутаты.

Еркін Әбдиев – Жамбыл облыстық филиалы жастар қанатының жетекшісі.

Қамбар Байекенов – Алматы облыстық филиалының мүшесі.

Сапарбай Бұғабаев – Түркістан облыстық филиалының төрағасы.

Ержан Дәуренбеков – Жамбыл облыстық филиалының төрағасы.

Дамир Жақанов – Қостанай облыстық филиалының төрағасы.

Роза Жүсіпова – Павлодар облыстық филиалының төрайымы.

Нұрлан Жабаев – ЖСДП Орталық аппаратының атқарушы хатшысы.

Ілияс Жанғали – Ақмола облыстық филиалының төрағасы.

Виктор Калгин – Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы.

Нұрайнаш Камалова – Атырау облыстық филиалының төрайымы.

Аслан Құлмағамбетов – ЖСДП елордалық филиалының сарапшысы.

Анар Құсайынова – партия мүшесі.

Лариса Ли – PANA партиялық жобасының жетекшісі.

Жасұлан Мұқаманов – Жетісу облыстық филиалының төрағасы.

Сәкен Мыңбаев – Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының міндетін атқарушы.

Мақсұт Насибулов – ЖСДП Орталық аппаратының басшысы, жастар қанатының төрағасы.

Нұрия Балтабайқызы – AUTISM KAZAKHSTAN ұлттық қауымдастығының төрайымы.

Қуандық Нұржау – Шымкент қалалық филиалы төрағасының міндетін атқарушы.

Нұрым Нұрлыбеков – Алматы облыстық филиалының төрағасы.

Асхат Рахымжанов – ЖСДП төрағасы, VIII сайланған Мәжіліс депутаты.

Ажар Сағандықова – ЖСДП президиумының мүшесі, әйелдер қанатының жетекшісі, VIII сайланған Мәжіліс депутаты.

Наурыз Сайлаубай – ЖСДП президиумының мүшесі, VIII сайланған Мәжіліс депутаты.

Тазабек Самбетбай – партия төрағасының идеология жөніндегі орынбасары.

Рүстем Сарманов – Абай облыстық филиалының төрағасы.

Талғат Тәтиков – елордалық филиалдың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және МИБ мәселелері жөніндегі сарапшысы.

Еске салайық, бұған дейін ЖСДП Құрылтай сайлауына арналған сайлауалды бағдарламасын таныстырған болатын.

 

Ілмек: 33 кандидатКандидаттар тізіміПартиялық тізім
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

Автор: adym
22.09.2026
0

2026 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесіне қатысты екі Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақордаға сілтеме жасап. Бірінші Жарлықпен Қазақстан...

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Автор: adym
19.09.2026
0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жастармен және экобелсенділермен бірге Астанадағы Президент саябағының аумағына ағаш отырғызды, - деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақорданың баспасөз...

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындады. Өнеркәсіп, энергетика, критикалық минералдар, көлік-логистика, жасанды интеллект және жаңа технологиялар...

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында ел Президенті Ли Чжэ Мёңмен шағын құрамда келіссөз жүргізді. Кездесуде екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту, инвестициялық жобаларды...

Келесі
«Ұлттық қолөнер мектебі» жобасы 15 шілдеде іске қосылады

«Ұлттық қолөнер мектебі» жобасы 15 шілдеде іске қосылады

Ұсынамыз

Қазақстанда жасанды интеллект университеті ашылып, жаңа цифрлық стратегия бекітіледі

Қазақстанда жасанды интеллект университеті ашылып, жаңа цифрлық стратегия бекітіледі

04.06.2026
Шымкентте жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталған жоба жалғасуда

Шымкентте жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталған жоба жалғасуда

23.09.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.