AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Қазақстанда су саласына маман даярлайтын колледждер саны артады

22.06.2026
Санаты: Қоғам
Қазақстанда су саласына маман даярлайтын колледждер саны артады

2026-2027 оқу жылынан бастап Қазақстанда су шаруашылығы саласы үшін мамандар даярлайтын колледждер қатары тағы екі оқу орнымен толықпақ. Бұл туралы Adym.kz ақпараттық сайты ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап мәлімдейді.

Жаңа оқу жылынан бастап О.Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриялық-техникалық колледжінде «Техник-гидролог» және «Гидрогеология және инженерлік геология» мамандықтары бойынша кадрлар даярланады. Ал Қарағанды облысындағы Теміртау жоғары политехникалық колледжі «Гидротехникалық құрылыс» мамандығы бойынша мамандарды оқытуды бастайды.

Қазіргі таңда елімізде су шаруашылығы саласына маман даярлаумен 8 арнаулы орта оқу орны айналысады. Бұл колледждерде 757 студент білім алуда. 2025-2026 оқу жылының қорытындысы бойынша аталған білім беру ұйымдарын 208 түлек тәмамдаған.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің Ғылым және инновациялар департаментінің директоры Марат Иманалиевтің айтуынша, су саласы бойынша білім алып жатқан студенттер өндірістік тәжірибеден «Қазсушар» РМК филиалдарында өтеді. Министрлік осы бағытта маман даярлайтын барлық оқу орындарымен тиісті меморандумдарға қол қойған.

«Биыл су шаруашылығы саласында өндірістік тәжірибеден өтетін студенттер саны өткен жылмен салыстырғанда екі есеге жуық артты. Қазіргі уақытта колледж студенттері «Гидротехникалық құрылыс», «Гидротехникалық мелиорация», «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің тазарту құрылыстарын пайдалану» және «Гидрогеология» мамандықтары бойынша білім алуда», – деді Марат Иманалиев.

Министрлік мәліметінше, бұл шаралар су шаруашылығы саласындағы білікті кадрларға деген сұранысты қамтамасыз етуге және саланың кадрлық әлеуетін нығайтуға бағытталған.

Ілмек: КолледжҚазақстанСу шаруашылығы
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

16 желтоқсаннан бастап Ақтау мен Ереван арасында тікелей әуе қатынасы іске қосылады

16 желтоқсаннан бастап Ақтау мен Ереван арасында тікелей әуе қатынасы іске қосылады

Автор: adym
27.08.2026
0

ADYM.KZ / FlyArystan әуекомпаниясы халықаралық бағыттар желісін кеңейтіп, Ақтау – Ереван – Ақтау бағыты бойынша тікелей әуе рейстерін қайта жандандырады. Тікелей әуе қатынасы 2026 жылғы 16 желтоқсаннан бастап...

2026–2027 оқу жылында оқушылар қандай жаңа курстарды оқиды?

2026–2027 оқу жылында оқушылар қандай жаңа курстарды оқиды?

Автор: adym
26.08.2026
0

ADYM.KZ / 2026–2027 жаңа оқу жылынан бастап Қазақстан мектептерінің білім беру бағдарламасына бірқатар өзгерістер енгізіледі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта мемлекеттік жалпыға міндетті білім...

Ипотека төлеуде қиындыққа тап болғандарға қандай қолдау көрсетіледі?

Ипотека төлеуде қиындыққа тап болғандарға қандай қолдау көрсетіледі?

Автор: adym
25.07.2026
0

ADYM.KZ / «Отбасы банкте» ипотекалық несие бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен қарыздардың үлесі небәрі 0,13%-ды құрайды. Бұл туралы банк басқарма төрағасының орынбасары Жансұлтан Матай BIZDIÑ ORTA подкастында...

Қазақстан адам дамуы индексі бойынша ТМД елдері арасында көш бастады

Қазақстан адам дамуы индексі бойынша ТМД елдері арасында көш бастады

Автор: adym
24.07.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) жариялаған Адам дамуы индексі (Human Development Index, HDI) рейтингінде жоғары нәтиже көрсетті. Ел 193 мемлекет арасында 60-орынға жайғасып, ТМД...

Келесі
Қазақстан мен Қытай Үкімет басшылары стратегиялық серіктестікті жаңа деңгейге көтеруге келісті

Қазақстан мен Қытай Үкімет басшылары стратегиялық серіктестікті жаңа деңгейге көтеруге келісті

Ұсынамыз

Ұлттық банк: Ресейдегі жағдай теңге бағамына айтарлықтай әсер етпейді

Ұлттық банк: Ресейдегі жағдай теңге бағамына айтарлықтай әсер етпейді

30.06.2026
Алматыда Бас жоспардың экологиялық бағасы бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті

Алматыда Бас жоспардың экологиялық бағасы бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті

30.06.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Путин сыйлаған төрт жолбарыс: Қазақстанға «Дала еркесінің» оралуы нені білдіреді?

    587 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • 2026–2027 оқу жылында оқушылар қандай жаңа курстарды оқиды?

    586 бөлісу
    Бөлісу 234 Tweet 147
  • Президент Тоқаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтады

    586 бөлісу
    Бөлісу 234 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.