AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Қазақстан мен Кувейт цифрландыру және жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

18.06.2026
Санаты: Технология
Қазақстан мен Кувейт цифрландыру және жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

ADYM.KZ / Қазақстан мен Кувейт цифрлық трансформация, электрондық үкімет және жасанды интеллект салаларындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға ниетті.

Бұл мәселе Қазақстанның Кувейттегі елшісі Ержан Елекеевтің Кувейттің Ақпараттық технологиялар жөніндегі орталық агенттігінің (CAIT) Бас директорының міндетін атқарушы Наджат Хусейн Ибрахиммен кездесуінде талқыланды.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі таратқан мәліметке сәйкес, кездесуде қазақстандық тарап елде жүзеге асырылып жатқан цифрлық реформалар мен мемлекеттік қызметтерді цифрландыру бағытындағы жетістіктерді таныстырды.

Елші Ержан Елекеев Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің құрылуы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтердің заманауи цифрлық экожүйесін қалыптастыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты.

Кездесу барысында Қазақстанның БҰҰ-ның Электрондық үкіметті дамыту индексінде 193 елдің ішінде 24-орында тұрғаны және онлайн мемлекеттік қызметтерді дамыту бойынша әлемдегі жетекші мемлекеттердің бірі екені атап өтілді.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2026 жылдың Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланғаны сөз болды. Осыған байланысты елімізде жасанды интеллект технологияларын дамыту, цифрлық инфрақұрылымды жетілдіру және IT-мамандар даярлау бағытында кешенді жұмыстар жүргізіліп жатқаны айтылды.

Қазақстан тарапы азаматтар мен бизнеске арналған мыңнан астам мемлекеттік қызметті электронды форматта ұсынатын ұлттық электрондық үкімет жүйесінің мүмкіндіктерін де таныстырды.

Өз кезегінде Кувейт өкілдері мемлекеттік басқаруды цифрландыру және электрондық қызметтерді дамыту саласындағы Қазақстан тәжірибесіне жоғары қызығушылық білдіріп, еліміздің жетістіктеріне оң баға берді.

Кездесу қорытындысында тараптар екі елдің салалық ведомстволары арасында онлайн-кездесулер ұйымдастыруға, тәжірибе алмасу және практикалық ынтымақтастықты дамыту мақсатында өзара сапарларды пысықтауға келісті.

Айта кетейік, CAIT Кувейттің мемлекеттік секторындағы цифрлық трансформацияны үйлестіретін, электрондық үкіметті дамыту және ұлттық цифрлық стратегияны іске асыруға жауапты негізгі мемлекеттік орган болып саналады.

Ілмек: CAITЖасанды интеллектКувейтҚазақстан
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындады. Өнеркәсіп, энергетика, критикалық минералдар, көлік-логистика, жасанды интеллект және жаңа технологиялар...

Қазақстан мен Қытай жасанды интеллект және цифрлық экономика саласында бірлескен жобаларды арттырмақ

Қазақстан мен Қытай жасанды интеллект және цифрлық экономика саласында бірлескен жобаларды арттырмақ

Автор: adym
02.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңінде технологиялық ынтымақтастықтың маңызы арта түсуі мүмкін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің цифрлық экономика, жасанды интеллект, зияткерлік өндіріс...

Авторлық құқық цифрланады: Қазақстанда жаңа мобильді қосымша әзірленіп жатыр

Авторлық құқық цифрланады: Қазақстанда жаңа мобильді қосымша әзірленіп жатыр

Автор: adym
28.08.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстанда авторлар мен құқық иеленушілерге өз туындыларының пайдаланылуын және тиесілі сыйақы көлемін бақылауға мүмкіндік беретін мобильді қосымша іске қосылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте...

Билл Гейтс Си Цзиньпинмен ЖИ қауіптерін талқылауды жоспарлап отыр

Билл Гейтс Си Цзиньпинмен ЖИ қауіптерін талқылауды жоспарлап отыр

Автор: adym
27.08.2026
0

ADYM.KZ / Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс осы жылдың соңына қарай Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен кездесіп, жасанды интеллект саласындағы ықтимал қауіптерді азайту жөніндегі халықаралық шараларды...

Келесі
Әскери прокуратура Шымкентте 87 гектар жерді мемлекет меншігіне өткізді

Әскери прокуратура Шымкентте 87 гектар жерді мемлекет меншігіне өткізді

Ұсынамыз

Бессайысшыларымыз Венгрия төрінде бақ сынап жатыр

Бессайысшыларымыз Венгрия төрінде бақ сынап жатыр

10.06.2026
Қазақстан әлем кубогының екінші кезеңінде командалық есепте екінші орын алды

Қазақстан әлем кубогының екінші кезеңінде командалық есепте екінші орын алды

22.06.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.