AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Вьетнамға сапарлайсыз ба? Елде жаңа электронды тіркеу платформасы пайда болды

19.06.2026
Санаты: Басты, Қоғам
Вьетнамға сапарлайсыз ба? Елде жаңа электронды тіркеу платформасы пайда болды

ADYM.KZ / Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Вьетнамға сапарлайтын азаматтарға жаңа онлайн тіркеу жүйесіне қатысты маңызды ақпарат жариялады.

Вьетнам Социалистік Республикасы шетел азаматтарының елге кіру рәсімдерін жеңілдету мақсатында «Алдын ала ақпарат ұсыну жүйесін» (Pre-arrival Information – PAI) пилоттық режимде іске қосты.

Вьетнам билігінің мәліметінше, жаңа жүйе шетелдік азаматтарға сапар алдында қажетті деректерді онлайн форматта алдын ала жіберуге мүмкіндік береді. Бұл шекаралық бақылаудан өту уақытын қысқартып, халықаралық әуежайлардағы жолаушылар ағынын тиімді ұйымдастыруға бағытталған.

Қазіргі уақытта PAI жүйесі Хошимин қаласындағы Таншоннят халықаралық әуежайында пилоттық режимде жұмыс істеп тұр. Алдағы уақытта оны Нойбай, Дананг, Камрань және Фукуок халықаралық әуежайларында, сондай-ақ өзге де шекаралық өткізу бекеттерінде кезең-кезеңімен енгізу жоспарланған.

Сыртқы істер министрлігі аталған жүйе Вьетнамға кіру үшін міндетті талап болып саналмайтынын және виза рәсімдеу қызметін атқармайтынын атап өтті.

Ведомствоның түсіндіруінше, PAI платформасы тек сапар туралы ақпаратты алдын ала ұсынуға арналған. Осыған байланысты Вьетнам билігі шетел азаматтарына тіркеуді тек ресми портал арқылы жүргізуге және жалған интернет-ресурстардан сақ болуға кеңес береді.

Министрлік Вьетнамға баруды жоспарлап отырған қазақстандықтарға сапар алдында жаңа жүйенің талаптарымен танысып шығуды ұсынды.

Ілмек: ВьетнамЭлектронды тіркеу
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың алғашқы сессиясы Астанада ашылды

Бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың алғашқы сессиясы Астанада ашылды

Автор: adym
28.08.2026
0

ADYM.KZ / Бүгін Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы өз жұмысын бастады. Жаңа Құрылтайдың құрамы 2026 жылғы 23 тамызда өткен сайлау...

Айбек Дәдебай Қазақстан Құрылтайының төрағасы болып сайланды

Айбек Дәдебай Қазақстан Құрылтайының төрағасы болып сайланды

Автор: adym
28.08.2026
0

ADYM.KZ / Бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының алғашқы сессиясында депутат Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болып сайланды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай төрағасы лауазымына Айбек Арқабайұлы Дәдебайдың кандидатурасын ұсынған...

16 желтоқсаннан бастап Ақтау мен Ереван арасында тікелей әуе қатынасы іске қосылады

16 желтоқсаннан бастап Ақтау мен Ереван арасында тікелей әуе қатынасы іске қосылады

Автор: adym
27.08.2026
0

ADYM.KZ / FlyArystan әуекомпаниясы халықаралық бағыттар желісін кеңейтіп, Ақтау – Ереван – Ақтау бағыты бойынша тікелей әуе рейстерін қайта жандандырады. Тікелей әуе қатынасы 2026 жылғы 16 желтоқсаннан бастап...

ОСК Құрылтайдың 145 депутатын тіркеп, куәліктері мен төсбелгілерін табыстады

ОСК Құрылтайдың 145 депутатын тіркеп, куәліктері мен төсбелгілерін табыстады

Автор: adym
27.08.2026
0

ADYM.KZ / Бүгін, 2026 жылғы 27 тамызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының XVI отырысы өтіп, онда Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші шақырылымына сайланған 145 депутат ресми тіркелді. Отырыста бес...

Келесі
Valmont Industries суару техникасын Қазақстанда өндіруге кіріседі

Valmont Industries суару техникасын Қазақстанда өндіруге кіріседі

Ұсынамыз

Шымкенттің алты мектебі Қазақстанның ең үздік 100 білім ордасының қатарына енді

Шымкенттің алты мектебі Қазақстанның ең үздік 100 білім ордасының қатарына енді

01.06.2026

Google DeepMind Pushes Closer to AGI With New Gemini Model

06.04.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Путин сыйлаған төрт жолбарыс: Қазақстанға «Дала еркесінің» оралуы нені білдіреді?

    587 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • 2026–2027 оқу жылында оқушылар қандай жаңа курстарды оқиды?

    586 бөлісу
    Бөлісу 234 Tweet 147
  • Президент Тоқаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтады

    586 бөлісу
    Бөлісу 234 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.