AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Әдеби байқау: Қала тақырыбындағы үздік романға 100 мың доллар беріледі

17.06.2026
Санаты: Мәдениет
Әдеби байқау: Қала тақырыбындағы үздік романға 100 мың доллар беріледі

ADYM.KZ / Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әлеуметтік желідегі парақшасында «Қала хикаялары» атты жаңа республикалық әдеби байқаудың басталғанын жариялады.

Проза жанрына арналған шығармашылық дода қазіргі Қазақстан қалаларының тыныс-тіршілігін көркем әдебиет арқылы бейнелейтін жаңа авторларды анықтап, қолдауға бағытталған. Байқау аясында қатысушыларға қала мәдениеті, адам тағдыры, қоғамдағы өзгерістер, ұлттық болмыс пен заманауи құндылықтардың сабақтастығы тақырыптарын қамтитын көркем туындылар ұсыну ұсынылады.

Байқауға Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Қабылданатын жұмыстардың негізгі талабы – көлемі кемінде 10 авторлық баспа табақ болатын, бұрын еш жерде жарияланбаған роман болуы тиіс. Бір автор тек бір ғана шығармасын ұсына алады.

Жеңімпаздарды белгілі жазушылар мен қоғам қайраткерлерінен құралған қазылар алқасы анықтайды. Қорытынды шешім ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

Байқау нәтижесінде үздік шығармалардың авторлары дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Сонымен қатар жүлдегер атанған туындылар 15 мың дана таралыммен жарық көріп, еліміздің кітапханаларына таратылады.

Байқаудың жүлде қоры төмендегідей:
– Бас жүлде – 100 мың АҚШ доллары;
– I орын – 75 мың АҚШ доллары;
– II орын – 50 мың АҚШ доллары;
– III орын – 30 мың АҚШ доллары.

Конкурсқа жұмыстар 2026 жылғы қыркүйек пен желтоқсан айлары аралығында қабылданады.

Құжаттарды Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 14-кіреберіс мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне тапсыру қажет.

Байқауға қатысу шарттары бойынша қосымша ақпаратты 8 (7172) 74-04-07 және 8 (7172) 74-04-08 телефон нөмірлері арқылы алуға болады.

Ілмек: Әдеби байқауҚала хикаялары
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Кітапхана мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал іске қосылды

Кітапхана мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал іске қосылды

Автор: adym
08.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Кітапханалар Одағы кітапхана ісі мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал – kitaphanalarodagy.kz ресурсын іске қосты. Жаңа платформада кітапхана саласына қатысты заңнамалық және нормативтік құжаттар, әдістемелік әрі...

Астанада Ахмет Байтұрсынұлының портреті 5 мың шегемен жасалды

Астанада Ахмет Байтұрсынұлының портреті 5 мың шегемен жасалды

Автор: adym
05.09.2026
0

ADYM.KZ / Астанада Ахмет Байтұрсынұлының 154 жылдығына орай №48 мектеп-лицейінің жас педагогтері ерекше шығармашылық жоба жүзеге асырды. Ұстаздар ұлт ұстазының портретін String art технологиясымен жасап шықты. Көлемі 3×2...

Президент Мәдениет және ақпарат министрлігінің алдына жаңа міндеттер қойды

Президент Мәдениет және ақпарат министрлігінің алдына жаңа міндеттер қойды

Автор: adym
04.09.2026
0

ADYM.KZ / Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевты қабылдады. Кездесу барысында ведомство жұмысының негізгі басымдықтары талқыланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады....

Түркістан облысының креаторлары Астанада 21 млн теңгенің өнімін сатты

Түркістан облысының креаторлары Астанада 21 млн теңгенің өнімін сатты

Автор: adym
31.08.2026
0

ADYM.KZ / Астанада Creative Aimaq республикалық жобасы аясында Түркістан облысының креативті индустрия өкілдерінің жәрмеңкесі өтті. Екі күнге созылған шара барысында өңірден келген 50 креатор өз өнімдері мен шығармашылық...

Келесі
Қ.Тоқаев: Қазақстандағы жас аналарды қолдау жүйесінің Батыс елдерінде баламасы жоқ

Қ.Тоқаев: Қазақстандағы жас аналарды қолдау жүйесінің Батыс елдерінде баламасы жоқ

Ұсынамыз

Huawei Қытайдағы ЖИ-чиптер нарығында Nvidia-ны басып озуға жақын

Huawei Қытайдағы ЖИ-чиптер нарығында Nvidia-ны басып озуға жақын

29.06.2026
Жастарды еңбек нарығына бейімдеу бағытындағы жұмыстар жалғасуда

Жастарды еңбек нарығына бейімдеу бағытындағы жұмыстар жалғасуда

25.09.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.