AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Елорданың 30 ауласында бұқаралық спортты дамытатын AULAFIT жобасы іске қосылды

17.06.2026
Санаты: Спорт
Елорданың 30 ауласында бұқаралық спортты дамытатын AULAFIT жобасы іске қосылды

ADYM.KZ / Астанада тұрғындарды бұқаралық спортқа тартуға бағытталған AULAFIT әлеуметтік жобасының жаңа маусымы ресми түрде басталды. Жобаның ашылу салтанаты «Құлагер» тұрғын үй кешенінің ауласында өтті.

Іс-шара барысында жазғы маусымда жұмыс істейтін жаттықтырушылар таныстырылып, жобаның негізгі бағыттары мен алдағы жоспарлары туралы ақпарат берілді.

Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Азамат Ағзамовтың айтуынша, AULAFIT жобасы алты жылдан бері елорда тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттап, бұқаралық спортты дамытуға үлес қосып келеді.

– Осы уақыт ішінде мыңдаған астаналық тұрақты түрде жаттығуларға қатысып, спортты күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналдырды. Мұндай бастамалар тұрғындардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, белсенді қоғам қалыптастыруға ықпал етеді. Сондықтан бұқаралық спортты дамыту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады, – деді Азамат Ағзамов.

Басқарма өкілінің мәліметінше, биыл жоба қаланың алты ауданындағы 30 аулада жүзеге асырылады. Жаттығулар аптасына алты күн өткізіліп, әртүрлі жас санаттарына арналған бағдарламаларды қамтиды.

Жоба жетекшісі Айтжан Мусиннің айтуынша, AULAFIT-тің басты артықшылығы – оның қолжетімділігі.

– Жаттығуларға үш жастан бастап егде жастағы тұрғындарға дейін қатыса алады. Барлық сабақтар білікті мамандардың жетекшілігімен өтеді және қажетті спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Ең бастысы – қатысу толықтай тегін, – деді ол.

AULAFIT жобасы маусымнан қыркүйек айына дейін жалғасады. Бағдарлама аясында жалпы дене дайындығы жаттығулары, фитнес элементтері және белсенді қимыл-қозғалыс ойындары ұйымдастырылады.

Ілмек: AULAFITАстанаБұқаралық спорт
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Астана 2028 жылы УЕФА Суперкубогын қабылдайды

Астана 2028 жылы УЕФА Суперкубогын қабылдайды

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Астана 2028 жылғы УЕФА Суперкубогының матчына қожайындық етеді. УЕФА Атқару комитеті Қазақстан астанасын беделді футбол бәсекесін өткізу орны ретінде бекітті. Матч «Астана Арена» стадионында өтеді. УЕФА-ның...

«Ол қазір жан-жақты теннисшіге айналды»: әлемдік БАҚ Рыбакинаның жаңа деңгейін бағалады

«Ол қазір жан-жақты теннисшіге айналды»: әлемдік БАҚ Рыбакинаның жаңа деңгейін бағалады

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина US Open турниріндегі жеңісінен кейін әлемдік теннистің жаңа көшбасшысына айналды. Нью-Йорктегі финалда Арина Соболенконы жеңген спортшы мансабында алғаш рет WTA рейтингінде бірінші...

Қазақстан құрамасы Көшпенділер ойындарында 25 алтынмен көш бастады

Қазақстан құрамасы Көшпенділер ойындарында 25 алтынмен көш бастады

Автор: adym
05.09.2026
0

ADYM.KZ / VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Астана қаласының спортшысы Биғали Зкрияев мангала жарысының ерлер арасындағы командалық сынында алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі хабарлады. Мангала...

Абылайхан Жұбаназар Швейцариядағы Grand Slam турнирінде алтын медаль жеңіп алды

Абылайхан Жұбаназар Швейцариядағы Grand Slam турнирінде алтын медаль жеңіп алды

Автор: adym
31.08.2026
0

ADYM.KZ / Швейцарияның Лозанна қаласында дзюдодан Grand Slam халықаралық турнирі аяқталды. Қазақстан ұлттық құрамасы жарысты бір алтын медальмен қорытындылады. 81 келіге дейінгі салмақта белдескен Абылайхан Жұбаназар финалға дейін...

Келесі
Emirates SkyCargo Алматы мен Дубай арасында жүк рейстерін іске қосты

Emirates SkyCargo Алматы мен Дубай арасында жүк рейстерін іске қосты

Ұсынамыз

Алматыда қалдықтарды қайта өңдеуге 36,5 млрд теңге инвестиция салынады

Алматыда қалдықтарды қайта өңдеуге 36,5 млрд теңге инвестиция салынады

26.08.2026
Huawei Қытайдағы ЖИ-чиптер нарығында Nvidia-ны басып озуға жақын

Huawei Қытайдағы ЖИ-чиптер нарығында Nvidia-ны басып озуға жақын

29.06.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.