AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Firebird пен NVIDIA Қазақстанда ірі AI жобасын іске асырады

15.06.2026
Санаты: Технология
Firebird пен NVIDIA Қазақстанда ірі AI жобасын іске асырады

ADYM.KZ / Қазақстан жасанды интеллект инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жалпы құны 10 млрд доллар болатын стратегиялық келісімдерге қол қойды. Жоба америкалық Firebird компаниясы мен NVIDIA технологиялық серіктестігінің қатысуымен жүзеге асырылады.

Премьер-министр Олжас Бектенов NVIDIA вице-президенті Рев Лебаредян және Firebird компаниясының негізін қалаушыларымен кездесіп, ұлттық жасанды интеллект инфрақұрылымын дамыту мәселелерін талқылады. Кездесуге цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, «Қазақтелеком» басқарма төрағасы Бағдат Мусин және АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джули Стаффт қатысты.

Жобаның негізгі бөлігі Екібастұзда жүзеге асырылып жатқан «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» бастамасымен байланысты. Мұнда жоғары өнімді есептеу қуаттары мен заманауи деректер орталықтарын орналастыру көзделген.

Үкіметтің мәліметінше, инвестиция есебінен NVIDIA-ның соңғы буындағы чиптері негізінде 100 мың GPU-дан тұратын ауқымды есептеу кластері құрылады. Сарапшылардың бағалауынша, жоба іске қосылғаннан кейін жыл сайын кемінде 3 млрд доллар көлемінде экспорттық табыс әкелуі мүмкін.

Firebird бас директоры Размик Овакимян Қазақстанның технологиялық әлеуеті жоғары екенін атап өтіп, жобаны 2027 жылы іске қосу елді жасанды интеллект инфрақұрылымы дамыған жетекші мемлекеттердің қатарына шығаруға мүмкіндік беретінін айтты.

Кездесу қорытындысында Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Firebird арасында стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге, сондай-ақ «ДӨО алқабы» жобасын іске асыруға қатысты техникалық және ұйымдастырушылық шарттарды айқындайтын құжаттарға қол қойылды.

Үкіметтің пікірінше, бұл бастама Қазақстанның Орталық Еуразиядағы ірі цифрлық хаб ретіндегі позициясын күшейтіп, жаңа жұмыс орындарын ашуға, технологиялық компанияларды тартуға және жасанды интеллект экожүйесін дамытуға серпін береді.

Ілмек: AI жобаFirebirdNVIDIAҚазақстан
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындады. Өнеркәсіп, энергетика, критикалық минералдар, көлік-логистика, жасанды интеллект және жаңа технологиялар...

Қазақстан мен Қытай жасанды интеллект және цифрлық экономика саласында бірлескен жобаларды арттырмақ

Қазақстан мен Қытай жасанды интеллект және цифрлық экономика саласында бірлескен жобаларды арттырмақ

Автор: adym
02.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңінде технологиялық ынтымақтастықтың маңызы арта түсуі мүмкін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің цифрлық экономика, жасанды интеллект, зияткерлік өндіріс...

Авторлық құқық цифрланады: Қазақстанда жаңа мобильді қосымша әзірленіп жатыр

Авторлық құқық цифрланады: Қазақстанда жаңа мобильді қосымша әзірленіп жатыр

Автор: adym
28.08.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстанда авторлар мен құқық иеленушілерге өз туындыларының пайдаланылуын және тиесілі сыйақы көлемін бақылауға мүмкіндік беретін мобильді қосымша іске қосылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте...

Билл Гейтс Си Цзиньпинмен ЖИ қауіптерін талқылауды жоспарлап отыр

Билл Гейтс Си Цзиньпинмен ЖИ қауіптерін талқылауды жоспарлап отыр

Автор: adym
27.08.2026
0

ADYM.KZ / Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс осы жылдың соңына қарай Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен кездесіп, жасанды интеллект саласындағы ықтимал қауіптерді азайту жөніндегі халықаралық шараларды...

Келесі
GGG есімі Мұхаммед Әли мен Майк Тайсонның қатарына қосылды

GGG есімі Мұхаммед Әли мен Майк Тайсонның қатарына қосылды

Ұсынамыз

Қаржылық қауіпсіздік: Жастар алаяқтықтан сақтану жолдарын үйренді

Қаржылық қауіпсіздік: Жастар алаяқтықтан сақтану жолдарын үйренді

23.09.2026
Huawei Қытайдағы ЖИ-чиптер нарығында Nvidia-ны басып озуға жақын

Huawei Қытайдағы ЖИ-чиптер нарығында Nvidia-ны басып озуға жақын

29.06.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.