AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

GGG есімі Мұхаммед Әли мен Майк Тайсонның қатарына қосылды

15.06.2026
Санаты: Спорт
GGG есімі Мұхаммед Әли мен Майк Тайсонның қатарына қосылды

ADYM.KZ / АҚШ-тың Нью-Йорк штатындағы Канастота қаласында Халықаралық бокс даңқы залына (IBHOF) жаңа мүшелерді қабылдау рәсімі өтті. Биыл бұл мәртебеге қазақстандық әйгілі боксшы Геннадий Головкин ие болды.

Осылайша Головкин Қазақстан тарихында Халықаралық бокс даңқы залына енгізілген алғашқы спортшы атанды. Ол бұл құрметке алғашқы мүмкіндіктің өзінде қол жеткізді, бұл кәсіби бокстағы ең жоғары марапаттардың бірі саналады.

Енді қазақстандық боксшының есімі бокс аңыздары – Мұхаммед Әли, Майк Тайсон, Флойд Мейвезер және Мэнни Пакьяо сынды спортшылармен қатар аталады.

«Класс-2026» тізіміне Геннадий Головкинмен бірге америкалық Антонио Тарвер, британдық Найджел Бенн, жапониялық Наоко Фудзиока және мексикалық Джеки Нава енгізілді.

Головкин әуесқой бокста 350 жекпе-жектің 345-інде жеңіске жетіп, Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі болды. Ал кәсіби рингте 45 жекпе-жек өткізіп, 42 рет жеңіске жетті. Оның 37 жеңісі нокаутпен аяқталған.

Спорттық мансабында ол WBA, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанып, The Ring журналының чемпиондық белбеуін иеленді. Сонымен қатар орта салмақтағы ең ұзақ нокауттық сериялардың бірін тіркеп, әлем чемпионы титулдарын 21 рет сәтті қорғады.

Қазіргі уақытта Геннадий Головкин Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті әрі World Boxing ұйымының басшысы қызметтерін атқарады. Ол халықаралық спорт федерациясын басқарған алғашқы қазақстандық ретінде де тарихқа енді.

Айта кетейік, Халықаралық бокс даңқы залы 1989 жылы құрылған. Бүгінде оның құрамында әлемдік бокс тарихында өшпес із қалдырған 300-ден астам тұлға бар.

Ілмек: GGGIBHOFГеннадий ГоловкинМайк ТайсонМұхаммед ӘлиНью-Йорк
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Астана 2028 жылы УЕФА Суперкубогын қабылдайды

Астана 2028 жылы УЕФА Суперкубогын қабылдайды

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Астана 2028 жылғы УЕФА Суперкубогының матчына қожайындық етеді. УЕФА Атқару комитеті Қазақстан астанасын беделді футбол бәсекесін өткізу орны ретінде бекітті. Матч «Астана Арена» стадионында өтеді. УЕФА-ның...

«Ол қазір жан-жақты теннисшіге айналды»: әлемдік БАҚ Рыбакинаның жаңа деңгейін бағалады

«Ол қазір жан-жақты теннисшіге айналды»: әлемдік БАҚ Рыбакинаның жаңа деңгейін бағалады

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина US Open турниріндегі жеңісінен кейін әлемдік теннистің жаңа көшбасшысына айналды. Нью-Йорктегі финалда Арина Соболенконы жеңген спортшы мансабында алғаш рет WTA рейтингінде бірінші...

Қазақстан құрамасы Көшпенділер ойындарында 25 алтынмен көш бастады

Қазақстан құрамасы Көшпенділер ойындарында 25 алтынмен көш бастады

Автор: adym
05.09.2026
0

ADYM.KZ / VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Астана қаласының спортшысы Биғали Зкрияев мангала жарысының ерлер арасындағы командалық сынында алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі хабарлады. Мангала...

Абылайхан Жұбаназар Швейцариядағы Grand Slam турнирінде алтын медаль жеңіп алды

Абылайхан Жұбаназар Швейцариядағы Grand Slam турнирінде алтын медаль жеңіп алды

Автор: adym
31.08.2026
0

ADYM.KZ / Швейцарияның Лозанна қаласында дзюдодан Grand Slam халықаралық турнирі аяқталды. Қазақстан ұлттық құрамасы жарысты бір алтын медальмен қорытындылады. 81 келіге дейінгі салмақта белдескен Абылайхан Жұбаназар финалға дейін...

Келесі
Шымкентте екі басқармаға жаңа басшылар тағайындалды

Шымкентте екі басқармаға жаңа басшылар тағайындалды

Ұсынамыз

Бос уақытты ізгілікке арнау: Қайырымдылық шарасы шаһар жастарын ортақ іске біріктірді

Бос уақытты ізгілікке арнау: Қайырымдылық шарасы шаһар жастарын ортақ іске біріктірді

08.09.2026
Шымкент жастары театрдың сахна сыртындағы тыныс-тіршілігімен танысты

Шымкент жастары театрдың сахна сыртындағы тыныс-тіршілігімен танысты

17.09.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.