AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Президент Қорғаныс министріне армияны цифрландыру мен әскери реформаларды жеделдетуді тапсырды

15.06.2026
Санаты: Басты, Саясат
Президент Қорғаныс министріне армияны цифрландыру мен әскери реформаларды жеделдетуді тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдап, ведомствоның жыл басынан бері атқарған жұмыстарының қорытындысын қарады, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Президентке Қарулы күштердің жауынгерлік даярлығы, әскери қызметшілерді әлеуметтік қолдау шаралары және әскери қызметтің беделін арттыру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндалды.

Дәурен Қосанов қорғаныс саласындағы цифрландыру үдерісі мен «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» аясында қолға алынған жобалар жөнінде ақпарат берді. Сондай-ақ әскери басқару жүйелерін жетілдіру, автоматтандырылған басқару құралдарын енгізу және цифрлық инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне тоқталды.

Министр әскери басқару органдары арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға және әскердің жауынгерлік мүмкіндігін арттыруға бағытталған «Батыл тойтарыс – 2026» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуларына дайындық барысы туралы есеп берді.

Сонымен қатар Голан жоталарындағы екінші ұлттық бітімгерлік контингент миссиясының сәтті аяқталғаны және үшінші контингенттің ротациясы басталғаны айтылды. Қазақстандық әскери қызметшілердің халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесі жоғары бағаланғаны атап өтілді.

Кездесуде әскерге шақыру науқанының барысы, әскери қызметшілердің мәртебесін көтеру және жастарды әскери-патриоттық рухта тәрбиелеу мәселелері де талқыланды. Атап айтқанда, 21-27 маусым аралығында Бурабайда өтетін «Айбын – 2026» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынына дайындық жұмыстары қаралды.

Кездесу қорытындысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қарулы күштердің жауынгерлік даярлық жүйесін одан әрі жетілдіруді, армияны цифрлық трансформациялау жұмыстарын жеделдетуді және елдің қорғаныс қабілетін күшейтуді тапсырды.

Ілмек: АқордаҚабылдауҚасым-Жомарт ТоқаевҚорғаныс министрі
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

Автор: adym
22.09.2026
0

2026 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесіне қатысты екі Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақордаға сілтеме жасап. Бірінші Жарлықпен Қазақстан...

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Автор: adym
19.09.2026
0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жастармен және экобелсенділермен бірге Астанадағы Президент саябағының аумағына ағаш отырғызды, - деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақорданың баспасөз...

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындады. Өнеркәсіп, энергетика, критикалық минералдар, көлік-логистика, жасанды интеллект және жаңа технологиялар...

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында ел Президенті Ли Чжэ Мёңмен шағын құрамда келіссөз жүргізді. Кездесуде екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту, инвестициялық жобаларды...

Келесі
Firebird пен NVIDIA Қазақстанда ірі AI жобасын іске асырады

Firebird пен NVIDIA Қазақстанда ірі AI жобасын іске асырады

Ұсынамыз

Тоқаев CATL компаниясының Қазақстанда аккумулятор зауытын салу бастамасын қолдады

Тоқаев CATL компаниясының Қазақстанда аккумулятор зауытын салу бастамасын қолдады

16.07.2026
Ернұр Мырзахмет әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Ернұр Мырзахмет әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

10.07.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.