AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Тоқаев CATL компаниясының Қазақстанда аккумулятор зауытын салу бастамасын қолдады

16.07.2026
Санаты: Басты, Саясат
Тоқаев CATL компаниясының Қазақстанда аккумулятор зауытын салу бастамасын қолдады

ADYM.KZ / Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Contemporary Amperex Technology Co. Ltd. (CATL) директорлар кеңесінің теңтөрағасы Пань Цзяньмен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында тараптар жоғары технологиялар саласындағы ұзақмерзімді ынтымақтастықтың келешегі мен бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.

Президент CATL компаниясының Қазақстанда аккумулятор батареяларын шығаратын зауыт салу туралы бастамасын қолдап, мұндай кәсіпорынның Орталық Азиядағы осы бағыттағы алғашқы ірі өндіріс орнына айналуы мүмкін екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның шикізатты өңдеуден бастап дайын өнім шығаруға дейінгі толық өндірістік циклді қалыптастыруға қажетті әлеуеті бар екенін айтты.

Өз кезегінде Пань Цзянь CATL Қазақстанды компанияның негізгі бағыттары бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қолайлы әрі сенімді серіктес ретінде қарастыратынын жеткізді. Сондай-ақ компания Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі стратегиялық мақсатына үлес қосуға дайын екенін мәлімдеді.

CATL – 2011 жылы құрылған және электромобильдерге арналған аккумуляторлар өндірісі бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі. Компания жаһандық нарықтың шамамен 40 пайызын иеленеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша CATL аккумулятор өнімдерін сату көлемін 661 ГВт/сағатқа жеткізіп, 62,6 млрд доллар табыс тапқан. Оның ішінде таза пайда көлемі 10,6 млрд долларды құрады.

Ілмек: АқордаҚасым-Жомарт ТоқаевҚытайШикізат өңдеу
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

Автор: adym
22.09.2026
0

2026 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесіне қатысты екі Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақордаға сілтеме жасап. Бірінші Жарлықпен Қазақстан...

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Автор: adym
19.09.2026
0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жастармен және экобелсенділермен бірге Астанадағы Президент саябағының аумағына ағаш отырғызды, - деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақорданың баспасөз...

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындады. Өнеркәсіп, энергетика, критикалық минералдар, көлік-логистика, жасанды интеллект және жаңа технологиялар...

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында ел Президенті Ли Чжэ Мёңмен шағын құрамда келіссөз жүргізді. Кездесуде екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту, инвестициялық жобаларды...

Келесі
Алты айда музей-қорықтарда 7,6 мыңнан астам экскурсия ұйымдастырылды

Алты айда музей-қорықтарда 7,6 мыңнан астам экскурсия ұйымдастырылды

Ұсынамыз

Жапония төрінде қазақстандық каратэшілер қос жүлде еншіледі

Жапония төрінде қазақстандық каратэшілер қос жүлде еншіледі

23.07.2026
Есірткісіз болашақ: Шымкентте жастар арасындағы нашақорлыққа қарсы күрес шаралары өтуде

Есірткісіз болашақ: Шымкентте жастар арасындағы нашақорлыққа қарсы күрес шаралары өтуде

29.08.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.