AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Ясауи кесенесіне кіру ақысы өзгерді: шетелдіктер қанша төлейді?

12.06.2026
Санаты: Мәдениет
Ясауи кесенесіне кіру ақысы өзгерді: шетелдіктер қанша төлейді?

ADYM.KZ / 10 маусымнан бастап Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі аумағына шетел азаматтары үшін кіру билеттерінің құны өзгерді. Жаңа тарифтер Мәдениет және ақпарат министрлігі бекіткен бағалар тізбесіне сәйкес енгізілді.

«Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының мәліметінше, енді Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің аумағына, Ясауи музейі мен Сирек жәдігерлер залына кіру үшін алыс шетел азаматтары 5000 теңге төлейді. Ал ТМД елдерінен келетін келушілер үшін билет бағасы 2000 теңге болып белгіленді.

Бұған дейін шетел азаматтары үшін билет құны 2000 теңге, ал ТМД елдерінің азаматтары үшін 1500 теңге болған.

Қазақстан азаматтары үшін билет бағасы өзгеріссіз қалды. Ересектер үшін кіру ақысы – 1000 теңге, студенттер мен зейнеткерлер үшін – 500 теңге, мектеп оқушылары үшін 300 теңге көлемінде сақталды.

Сонымен қатар биылдан бастап бірқатар санаттағы азаматтарға музей-қорық нысандарына тегін кіру мүмкіндігі берілді. Олардың қатарында I және II топтағы мүгедектігі бар азаматтар мен бала кезінен мүгедектігі бар жандар (бір еріп жүрушісімен), Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғалар, Ауған соғысының ардагерлері, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегері көпбалалы аналар бар.

Сондай-ақ мектеп оқушылары тобын бастап келген бір мұғалімге, туристік топтың бір гидіне және мектеп жасына дейінгі балаларға да тегін кіру қарастырылған.

Бұдан бөлек, мектеп оқушылары жазғы және тоқсандық демалыс кезеңдерінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесі аумағына тегін кіре алады.

Ілмек: БилетҚожа Ахмет Ясауи кесенесіТүркістанШетел азаматтары
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Кітапхана мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал іске қосылды

Кітапхана мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал іске қосылды

Автор: adym
08.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Кітапханалар Одағы кітапхана ісі мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал – kitaphanalarodagy.kz ресурсын іске қосты. Жаңа платформада кітапхана саласына қатысты заңнамалық және нормативтік құжаттар, әдістемелік әрі...

Астанада Ахмет Байтұрсынұлының портреті 5 мың шегемен жасалды

Астанада Ахмет Байтұрсынұлының портреті 5 мың шегемен жасалды

Автор: adym
05.09.2026
0

ADYM.KZ / Астанада Ахмет Байтұрсынұлының 154 жылдығына орай №48 мектеп-лицейінің жас педагогтері ерекше шығармашылық жоба жүзеге асырды. Ұстаздар ұлт ұстазының портретін String art технологиясымен жасап шықты. Көлемі 3×2...

Президент Мәдениет және ақпарат министрлігінің алдына жаңа міндеттер қойды

Президент Мәдениет және ақпарат министрлігінің алдына жаңа міндеттер қойды

Автор: adym
04.09.2026
0

ADYM.KZ / Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевты қабылдады. Кездесу барысында ведомство жұмысының негізгі басымдықтары талқыланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады....

Түркістан облысының креаторлары Астанада 21 млн теңгенің өнімін сатты

Түркістан облысының креаторлары Астанада 21 млн теңгенің өнімін сатты

Автор: adym
31.08.2026
0

ADYM.KZ / Астанада Creative Aimaq республикалық жобасы аясында Түркістан облысының креативті индустрия өкілдерінің жәрмеңкесі өтті. Екі күнге созылған шара барысында өңірден келген 50 креатор өз өнімдері мен шығармашылық...

Келесі
Астанада самокат мінушілерге жаппай рейд: 1200-ден астам заңбұзушылық тіркелді

Астанада самокат мінушілерге жаппай рейд: 1200-ден астам заңбұзушылық тіркелді

Ұсынамыз

Алматыда қалдықтарды қайта өңдеуге 36,5 млрд теңге инвестиция салынады

Алматыда қалдықтарды қайта өңдеуге 36,5 млрд теңге инвестиция салынады

26.08.2026
Индонезияда никельді қалдықсыз өңдейтін жаңа технология әдісімен таныстырды

Индонезияда никельді қалдықсыз өңдейтін жаңа технология әдісімен таныстырды

11.07.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.