AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Қазақстандағы AI-фестивальге 50 елдің авторлары қатысуға ниет білдірді

12.06.2026
Санаты: Технология
Қазақстандағы AI-фестивальге 50 елдің авторлары қатысуға ниет білдірді

ADYM.KZ / Жасанды интеллект көмегімен түсірілген фильмдерге арналған халықаралық Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) фестиваліне қызығушылық артып келеді. Өтінім қабылдау басталғаннан кейін небәрі 17 күн ішінде ұйымдастырушылар әлемнің 50 елінен 300-ден астам жұмыс қабылдаған.

Фестиваль дирекциясының мәліметінше, тіркелген өтінімдердің 86 пайызы шетелдік қатысушылардан түскен. Ең көп жұмыс Қазақстан, Ресей, АҚШ, Оңтүстік Корея және Қытайдан жолданған. Сонымен қатар Ұлыбритания, Нидерланд, Италия, Испания, Үндістан, Түркия, Сингапур, Германия, Жапония, Франция, Канада, Аустралия және басқа да елдердің авторлары қатысуға ниет білдірген.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл көрсеткіш жасанды интеллект арқылы жасалатын киноның әлемдік креативті индустриядағы жаңа бағытқа айналып келе жатқанын аңғартады. Сондай-ақ Қазақстан осы саланы дамытуға арналған маңызды халықаралық алаңдардың біріне айналып отыр.

Мамандардың пікірінше, фестивальге деген жоғары қызығушылық AI технологиялары мен кино өндірісінің жаңа форматтары әлемнің түкпір-түкпіріндегі шығармашылық өкілдерін біріктіре алатынын дәлелдейді.

Бұған дейін креативті индустрия өкілдерімен кездесуде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Astana AI Film Festival-ді креативті индустриядағы түбегейлі өзгерістерді көрсететін әлемдік деңгейдегі маңызды бастамалардың бірі ретінде бағалаған болатын. Мемлекет басшысы мұндай жобалар Қазақстанның халықаралық аренадағы инновациялар мен жасампаз идеялардың орталығы ретіндегі беделін арттыруға ықпал ететінін атап өткен.

Еске салсақ, Astana AI Film Festival 2026 жылғы 28 қыркүйек пен 1 қазан аралығында Астанада өтеді. Фестивальдің басты оқиғасы жалпы жүлде қоры 1 миллион АҚШ долларын құрайтын халықаралық қысқаметражды AI-фильмдер байқауы болады.

Биылғы негізгі байқау маусымының тақырыбы – «The Future Worth Living In» («Өмір сүруге тұрарлық болашақ»). Сонымен қатар қатысушылар бес номинация бойынша бақ сынайды: үздік режиссура, үздік визуалды шешім, үздік оқиға, үздік тұжырымдама және үздік кейіпкер.

Фестивальге өтінім қабылдау 2026 жылғы 15 тамызға дейін жалғасады.

Ілмек: Astana AI Film FestivalФестиваль
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындады. Өнеркәсіп, энергетика, критикалық минералдар, көлік-логистика, жасанды интеллект және жаңа технологиялар...

Қазақстан мен Қытай жасанды интеллект және цифрлық экономика саласында бірлескен жобаларды арттырмақ

Қазақстан мен Қытай жасанды интеллект және цифрлық экономика саласында бірлескен жобаларды арттырмақ

Автор: adym
02.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңінде технологиялық ынтымақтастықтың маңызы арта түсуі мүмкін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің цифрлық экономика, жасанды интеллект, зияткерлік өндіріс...

Авторлық құқық цифрланады: Қазақстанда жаңа мобильді қосымша әзірленіп жатыр

Авторлық құқық цифрланады: Қазақстанда жаңа мобильді қосымша әзірленіп жатыр

Автор: adym
28.08.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстанда авторлар мен құқық иеленушілерге өз туындыларының пайдаланылуын және тиесілі сыйақы көлемін бақылауға мүмкіндік беретін мобильді қосымша іске қосылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте...

Билл Гейтс Си Цзиньпинмен ЖИ қауіптерін талқылауды жоспарлап отыр

Билл Гейтс Си Цзиньпинмен ЖИ қауіптерін талқылауды жоспарлап отыр

Автор: adym
27.08.2026
0

ADYM.KZ / Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс осы жылдың соңына қарай Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен кездесіп, жасанды интеллект саласындағы ықтимал қауіптерді азайту жөніндегі халықаралық шараларды...

Келесі
Бейжің қысқы спорт тарихында алғаш рет төрт әлем чемпионатын қатар өткізеді

Бейжің қысқы спорт тарихында алғаш рет төрт әлем чемпионатын қатар өткізеді

Ұсынамыз

Шымкентте жастарға мемлекеттік қолдау бағдарламалары түсіндірілді

Шымкентте жастарға мемлекеттік қолдау бағдарламалары түсіндірілді

02.10.2026
 Жаңа мегаполис: Қазақстан Алатау қаласын Оңтүстік Кореямен бірлесіп салады

 Жаңа мегаполис: Қазақстан Алатау қаласын Оңтүстік Кореямен бірлесіп салады

08.06.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.