AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

ІІМ: Қаңтар оқиғасында жоғалған 120 қару табылып, айналымнан алынды

11.06.2026
Санаты: Қоғам
ІІМ: Қаңтар оқиғасында жоғалған 120 қару табылып, айналымнан алынды

ADYM.KZ / Қазақстанда жыл басынан бері заңсыз қару айналымына қарсы жүргізілген шаралар барысында 1200-ден астам қару тәркіленді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді.

Ведомствоның мәліметінше, биылғы бес айда өткізілген «Қару» және «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шаралары нәтижесінде қылмыстық айналымнан әртүрлі санаттағы қарулар алынған.

Тәркіленген қарулардың қатарында 18 автомат, екі гранатаатқыш, 320-дан астам тапанша, 100-ден астам ойық ұңғылы қару және 700 тегіс ұңғылы мылтық бар. Олардың арасында 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде қолды болған 120 қару анықталған.

ІІМ мәліметінше, мамыр айында Алматы қаласы мен Алматы облысында тіркелмеген бірнеше қару тәркіленген. Тергеу барысында олардың бір бөлігі Қаңтар оқиғалары кезінде қару-жарақ дүкендерінен ұрланғаны белгілі болған.

Сонымен қатар 20 сәуірден бастап республика бойынша заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды ерікті түрде тапсыру акциясы жүргізілуде. Науқан жыл соңына дейін жалғасады.

ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетовтің айтуынша, бүгінге дейін азаматтар өз еркімен шамамен 750 қару мен 4 мыңға жуық оқ-дәріні тапсырған.

Министрлік заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын еске салды.

Ведомство өкілдері тұрғындарды заңсыз сақталған қару-жарақты тапсырып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысуға шақырды.

Ілмек: Қаңтар оқиғасыҚару
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Қоғамдық ұйымның атауы емес, атқаратын нақты ісі маңызды

Қоғамдық ұйымның атауы емес, атқаратын нақты ісі маңызды

Автор: adym
24.09.2026
0

ADYM.KZ / Мемлекеттік тапсырыс, азаматтық қоғам және қоғамдық бақылау мәселелеріне салғырт қарамау керектігін Мемлекет басшысы Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясының негізгі отырысында айрықша атап өтті. Мәселенің мәнісін тарқатып...

Қазақстанда сұранысқа ие 174 мамандық анықталады

Қазақстанда сұранысқа ие 174 мамандық анықталады

Автор: adym
08.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстанда технологиялар мен жасанды интеллекттің дамуына байланысты еңбек нарығындағы бірқатар мамандықтың жойылуы немесе өзгеруі мүмкін. Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек...

Ұлытауда геологиялық кластер толық циклді зерттеу жүйесін қалыптастырады

Ұлытауда геологиялық кластер толық циклді зерттеу жүйесін қалыптастырады

Автор: adym
05.09.2026
0

ADYM.KZ / Ұлытау облысында 36 мың шаршы шақырым аумақты қамтитын кешенді геологиялық зерттеулер жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан аумағының геологиялық зерттелу деңгейін арттыру жөніндегі...

Ауыл тұрғындарына медициналық көмек қалай көрсетіліп жатыр? Телемедицина мүмкіндігі кеңейді

Ауыл тұрғындарына медициналық көмек қалай көрсетіліп жатыр? Телемедицина мүмкіндігі кеңейді

Автор: adym
03.09.2026
0

ADYM.KZ / 2026 жылдың басынан бері Қазақстанда 2,1 млн-нан астам адамға қашықтан медициналық қызмет көрсетілді. Оның 39 пайызы – ауыл тұрғындары. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі...

Келесі
СІМ Жапониямен визасыз режим мәселесіне қатысты пікір білдірді

СІМ Жапониямен визасыз режим мәселесіне қатысты пікір білдірді

Ұсынамыз

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің алдағы кезеңдегі негізгі міндеттерін айқындады

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің алдағы кезеңдегі негізгі міндеттерін айқындады

31.08.2026
Шымкенттегі Индустриалды-техникалық колледжде «Ұлт діңгегі — берік отбасы» атты жастар тәрбиесіне арналған талқылау өтті

Шымкенттегі Индустриалды-техникалық колледжде «Ұлт діңгегі — берік отбасы» атты жастар тәрбиесіне арналған талқылау өтті

10.09.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.