AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Шымкенттегі Индустриалды-техникалық колледжде «Ұлт діңгегі — берік отбасы» атты жастар тәрбиесіне арналған талқылау өтті

10.09.2026
Санаты: Аймақ
Шымкенттегі Индустриалды-техникалық колледжде «Ұлт діңгегі — берік отбасы» атты жастар тәрбиесіне арналған талқылау өтті

ADYM.KZ / Қаладағы жастар саясатының ең маңызды әрі өзекті бағыттарының бірі — отбасы институтын нығайту және өскелең ұрпақтың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру. Бүгінгі таңда жастарды жат ағымдардан, теріс әдеттерден қорғап, оларды отансүйгіштікке, үлкенге құрметпен қарауға тәрбиелеу мақсатында қаламызда ауқымды жұмыстар атқарылуда. Себебі, мемлекеттің тұрақтылығы мен болашағы әрбір шаңырақтағы тәлім-тәрбиеден бастау алады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында отбасы құндылықтарын сақтау мен ұрпақ тәрбиесіне ерекше назар аударып келеді. Президент ұлттың сапасын арттыру, саналы да бәсекеге қабілетті азамат қалыптастыру тікелей отбасындағы тәрбиеге байланысты екенін үнемі қадап айтады.

«Біз жастарымызды төл мәдениетіміз бен салт-дәстүріміздің рухында тәрбиелеуіміз керек. Берік отбасы — бақуатты мемлекеттің кепілі», — деген Мемлекет басшысының сөзі бүгінгі қоғамдық-идеологиялық жұмыстардың темірқазығына айналды. Ұрпақ тәрбиесіндегі олқылықтардың орнын толтырып, жастарды отбасылық өмірге дайындау — қазіргі уақыттың басты талабы.

«Көркем әжелер» тәлімі: Ұрпақтар сабақтастығы. Осы орайда, Отбасы күніне орай Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Индустриалды-техникалық колледж студенттері арасында маңызды танымдық кездесу өтті. Шараның басты мақсаты — жастар арасында отбасы құндылықтарын дәріптеу, ұлттық тәрбиенің негіздерін түсіндіру және ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру.

Жиынға Шымкент қаласы ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ жанындағы Аналар кеңесінің «Көркем әжелер» тобының мүшелері арнайы шақырылды. Көпті көрген, өмірлік тәжірибесі мол Тәттігүл Атенова, Забира Мукашева, Рабиға Еркінбекова және Сырға Жуманова жастармен емен-жарқын сырласып, өнегелі әңгіме өрбітті.

Кездесу барысында спикерлер отбасының маңызы мен сыйластық; ерлі-зайыптылар арасындағы құрмет, үлкенді сыйлау мен кішіге қамқор болу сияқты адами құндылықтар; ұлттық тәрбие: қазақы салт-дәстүрлердің заманауи өмірдегі орны және оларды сақтап қалудың маңыздылығы; уақыт қадірі: Жастарды бос істерге ұрынбай, алтын уақытты тиімді пайдалануға баулу; салауатты өмір салты: білім алуға үздіксіз ұмтылу және спортпен шұғылдануды күнделікті дағдыға айналдыру бағытындағы қоғам үшін келелі  тақырыптарды қозғады.

Кездесу тек үлкендердің ақылын тыңдаумен шектелмей, еркін пікір алмасу алаңына ұласты. Ашық диалогта жастардың ойы естілді. Студенттер өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, өмірлік тәжірибесі мол аналардан, әжелерден салиқалы жауаптар алды. Жастар тарапынан болашақ мамандық, отбасын құрудағы жауапкершілік және заманауи трендтер мен дәстүрдің үйлесімі туралы сұрақтар көп қойылды.

Түйін: Мұндай мағыналы шаралар жастардың дүниетанымын кеңейтіп қана қоймай, олардың бойында жауапкершілік сезімін оятады. Отбасы құндылығын ұғынған жас буын — елдің ертеңін жарқын ететін, мызғымас мемлекеттің тірегіне айналары сөзсіз.

 

Ілмек: ЖастарОтбасы құндылығыШымкент
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Президент тапсырмасы орындалды: Шымкентте 150 орындық оңалту орталығы ашылды

Президент тапсырмасы орындалды: Шымкентте 150 орындық оңалту орталығы ашылды

Автор: adym
06.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкентте мүгедектігі бар азаматтарға арналған 150 орындық жаңа оңалту орталығы ашылды. Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Жаңа әлеуметтік нысан Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, заманауи оңалту...

В Шымкенте прошел гастрономический фестиваль «street food fest»

В Шымкенте прошел гастрономический фестиваль «street food fest»

Автор: adym
03.10.2026
0

В Шымкенте состоялся масштабный гастрономический фестиваль, подаривший жителям и гостям города прекрасное настроение. Организованное туристическим информационным центром «Visit Shymkent» мероприятие «Street Food Fest» прошло на территории комплекса «Этно-аул»...

Шымкентте «Street Food Fest» гастрономиялық фестивалі өтті

Шымкентте «Street Food Fest» гастрономиялық фестивалі өтті

Автор: adym
03.10.2026
0

Шымкентте қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлаған ауқымды гастрономиялық фестиваль өтті. «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы ұйымдастырған «Street Food Fest» шарасы Этно-ауыл кешенінің аумағында өтіп, қаладағы тағам...

Қаржылық сауаттылық – жастардың жауапкершілігін арттырудың маңызды бағыты

Қаржылық сауаттылық – жастардың жауапкершілігін арттырудың маңызды бағыты

Автор: adym
03.10.2026
0

ADYM.KZ / Қаржылық сауаттылық – адамның өз қаражатын тиімді басқаруымен қатар, қаржылық шешімдердің құқықтық салдарын түсінуіне мүмкіндік беретін маңызды дағды. Қаржы мәселесінде құқықтық сауаттылықтың да маңызы зор. Өз...

Келесі
Дін және интернет: Шымкентте жастардың ақпараттық қауіпсіздігі талқыланды

Дін және интернет: Шымкентте жастардың ақпараттық қауіпсіздігі талқыланды

Ұсынамыз

Қазақстанда қоныс аударушыларға арналған жаңа цифрлық сервис іске қосылды

Қазақстанда қоныс аударушыларға арналған жаңа цифрлық сервис іске қосылды

13.07.2026
Ернұр Мырзахмет әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Ернұр Мырзахмет әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

10.07.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.